Эссе: Жемқорлықпен күрес

Жемқорлық қазақтың жалпақ жерін жайпап келеді. «Жемқорлықпен күресеміз» дегендердің өзі жемқорлар қатарынан екені баршамызға мәлім. XXI ғасырда ақшаның мерейі барынша үстем болып отыр. Бір жапырақ қағазға адамдар неге мұнша құнықты екен? Ақша күрмеуі мол көп мәселені шешуге қауқарлы.

Жоғары лауазымды тұлғалар ақшаны оңды-солды шашып, мемлекетке сатқындық жасап отыр. Тамырын тереңге жіберген жемқорлықты түбірімен жою оңай болмай тұр. Тәрбие отбасынан басталады. Ата-анасының өз шаруасын пара беру арқылы шешіп отырғанын көріп өскен бала, ата-анасынан көргенін дұрыс деп түсініп, оны қалыпты жағдай деп қабылдауға үйренеді. Есейгенде ол бала қай жолды таңдауы мүмкін? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің қамын ойлайтын азамат бола ма? «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп, қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қайсар халықтың ұрпағы бүгінгі таңда әділдіктің не екенін ұмыта бастады-ау, шамасы. Қатаң шара қолданып, анық қолға алатын болсақ, жемқорлықты жоюға болады. Жемқорлыққа қатысы бар адамдарды мемлекеттік қызметтен алып, жаза қолдансақ, бұл басқаларға сабақ болады. Өзгенің шалыс басқанын көрген халық парақорлықтан бойын аулақ ұстайды. Көптеген мекемелерде жемқорлыққа қарсы шаралар өтсе, ол да септігін тигізер еді. Мемлекеттік мекемеде әділетті шешім шығаратын адал, жанашыр азаматтар болса, еліміздегі жемқорлық түбірімен жойылады. Әрине, бұның бәрі оңай шаруа емес. Ол үшін сылтау емес, әрекет керек.......
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Қазақстан – 2030, 2050» стратегиялары 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазқастан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4 Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бүгінге күнге дейін)
Сабақ тақырыбы: «Қазақстан – 2030, 2050» стратегиялары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.1.9 – ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар сабақ үдерісінде «Қазақстан – 2030» даму стратегиясының бағыттарын талдап, маңыздылығын анықтайды. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қосу формулалары 4-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4A бөлім: Тригонометриялық формулалар
Сабақ тақырыбы: Қосу формулалары 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Тригонометриялық функциялардың келтіру формулаларын қосу формулаларын, қос және жарты аргументтің формулаларын, қосындыны көбейтіндіге түрлендіру формулаларын, көбейтіндіні қосындыға түрлендіру формулаларын қорытып шығарады және есептер шығару кезінде қолданады
Сабақ мақсаттары: 9.2.4.8 Қосу формулаларын қорытып шығарады және қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Кей жігіттер.....

Кең пейілді жігіттерім қазақсыңба?
Қазақтықты ұмытқан ғажапсыңба?
Шын көңілің ауса егер қазақ қызға,
Өкпелетіп зар жылатып қаласыңба?!

Өмірлерің мәңгі жәннәт болмас,
О-дуниенің азабы ардан болмас.
Лайығын мен көрмедім....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Информатика курсында білімді моделдеу.

Бастапқыда модель деп анықталған жағдайда объектіні алмастыратын қандай да бір көмекші объект аталған. Сондықтан табиғат заңдарының әмбебаптығы, модельдеудің жалпылығы және біздің білімдерімізді модель түрінде бейнелеудің мүмкіндіктері сәйкессіз болды. Ұзақ уақыттар бойына «модель» түсінігі арнайы типтегі материалдық объектілерге ғана, мысалы манекен (адам денесінің моделі), плотинаның кішірейтілген гидродинамикалық моделі, кемелер мен самолеттердің, жануарлардың модельдері ретінде қалыптасты ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Михаил Павлович Фролов

Михаил Павлович Фролов (27.9.1916, Ресей, Алтай өлкесі, Поспелиха поселкесі - 9.11.1991, Украина, Ялта қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, танк ротасының командирі. Орыс. Алматы қаласында орта мектепті оқып, 1939 жылы Барнаул педагогикалық институтын бітірген. Орта мектептің директоры болған. 1940 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1941 жылдың маусымында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы Сталинград танк .....
Рефераттар
Толық
0 0

Баяндама: «Алтын қақпа» ойыны туралы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу- тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы.

Білім алу - адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Бір қалта құрт


Біз, жас талап әдебиет әуесқойлары, талантына табынып, пip тұтатын Қасым ақын қатты сырқат.

Аяулы ақын ағаның өзіміз сүйіп оқитын жалынды төкпе жырлары соңғы кезде газет-журнал беттерінде сирек көрінетін болған. Мереке думандарға, елеулі уақиғаларға лайық келіп басылса, бұрыннан белгілі өлеңдері, бұрын жарық көрген дастандарынан үзінділер басылады, Жаздың сарша тамыз айында көктен жаңбыр тілеп дәметкен дихандарша біз ақыннан бұрын оқылмаған соны, жаңа жыр дәметеміз. Ал жаңа жыр жоқ. Оу, не болды? Бәрін жеңген өжет ақын, сонда, сырқатты жеңе алмай жатқаны ма? Сырқат ит оның қолынан қаламын тартып алып, қайырып бергісі келмей ме? Қасым бар да, елең жоғы — бұл қалай?

Бұрын мен Қасекеңді оқта-текте көшеде керетінмін. Қуана асып-сасып, анадайдан жүгіріп келіп сәлем берем. Хал сұрайды. Өлең қалай, туып жатыр ма дейді. Болды, жетеді маған. Ақын ағаның елеп айтқан екі-үш ауыз лебізі төбемді көкке жеткізеді.

Енді ол да жоқ. Қасым ақын көшеге шыға алмайтын болыпты деген сөз естимін. Ауыр сөз.

Қасекеңді көрейін, көңілін сұрайын деп, үйіне келдім. Жалғыз едім. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Балалар арасындағы қызғаныштың алдын алудың 10 жолы

Кішентай сәби шыр етіп, дүние есігін қаққан кезде оның келгеніне қуанбайтын – оның үлкен бауыры. Өйткені, ол бастапқыда «мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп алаңдауы мүмкін. Алайда, әке-шешесі өз қалпын бұзбай, үлкен баласымен бұрынғыша қарым-қатынасын жалғастырса, тұтанып келе жатқан қызғаныш шоғы жанбай жатып сөнеді.

Әке-шешесі баласының алаңдаулы әрекеттерінен шошымай, сабырмен тыңдаса және табиғи әрекеттерін жалғастырса, бала өзінің алаңдауының орынсыз екенін түсінеді. Яғни, бала өз өмірінде де, ата-анасының махаббаты мен әрекеттерінде де ешқандай өзгеріс жоқ екенін байқаса, қызғаныш сезімі басталмай жатып бітеді. Мысалы, бауыры дүниеге келген бала «әке-шешем мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп ойлай бастаса, бұл ой қызғаныш сезімінің оянуы үшін жеткілікті. Бірақ, әке-шешесі еш өзгеріс байқатпай, нәрестеге де, қызғаныш сезімі оянып келе жатқан баласына да махаббатын сездіріп, баласының қызғанышқа толы әрекеттерінен әсерленбей, жақсы көруін жалғастырса, бала өз қалпына келеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Əбдірей Сағыныш Байзақкызы | Мен үлгі тұтқан жан Ол кім


Талай қиындықты бастан кешіп,ел тағдыры қыл үстінде тұрғанда жанын аямай жауға қарсы тұрған,бейбіт күндері туған жердің көркейіп,қанат жаюына өз үлесін қосқан,бүгінгі таңда майдангерлер атанып отырған қазалылық азаматтарымыз аз емес.Оның көбі о дүниелік болып осы қызықты да жарқын күндерді көре алмай кетті.Қалғаны саусақтың санына да жетпейді.

Солардың ішінде XXғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлігі саналатын Ұлы Отан соғысына қатысып,ер етігімен су кешіп,жеңісті сыйлаған жандардың бірі-менің атам,Ұлы Отан соғысының ардагері Əбдірей Əбішұлы болатын.

Менің атам 1941 жылы 21 жасында майданға аттанған.102атқыштар дивизиясы қатарында шайқасқан.Шайқас кезінде аяғынан жараланған.Сонымен қатар аяғы үсікке де шалдыққан."Ер шекіспей бекіспейді" демекші,менің атам жазылып шығысымен майданға қайта аттанады.Ал 1945жылы 2мамырда жеңіс туын тігіп,еліне,халқына мəңгілік қуаныш сыйлағандардың қатарында болды.

Ауыз толтырып айтар ерлігі бар,мен үшін үлгі тұтарлық алып тұлға саналатын,осы ашық аспан астында өмір сүруіміз үшін үлесін қосқан атамның ерлігі ескерусіз қалмасын деп осы бір үзік сырымды қағазға түсіруді жөн көрдім.

Менің атам Əбдірей Əбішұлы-мен үшін үлгі тұтарлық тұлға.Атам үлгі боларлық істерімен маған ғана ата емес,Қазалының əрбір жаны ескеріп,есімін жүрегінде сақтап,жасаған ерлік істерін мақтанышпен айта алатындай болса деймін.Атамның есіміне өз туған жеріндегі көше атауы берілсе деп ойлаймын.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0