Бүйре қуық жолдарындағы тастан құтылу

Халық медицинасында жантақ шөпті емге қолданған. Ол шөлді, құмды, далалы аймақтарда көп өсетін түйе малының негізгі қорегі. Құрамында С витамині, каротин, эфир майлары, гликозид бар. Жантақ шөбінің іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиетімен ерекшеленеді. Дәрі жасау үшін жантақ шөбін жаз айларында, тамырын күзде жинайды. Өсімдіктің жапырақтары мен бұтақтарынан жасаған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланса жақсы нәтиже береді.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: 20гр. тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырып қояды, содан соң сүзіп алып, 4-5 қасықтан күніне 3 рет ішеді. Бүйрекке тас, құм байланғанда жүректің қызметі нашарлап, денені ісік шалғанда да жоғарыда айтылған тұнбадан 1 қасықтан күніне 3 рет ішкен жөн.......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Аудит стандарттары

Курстық жұмыстың өзектілігі: Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек өнеркәсіп болып табылады. Өйткені өнеркәсіпте жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке өнеркәсіптік кәсіпорын дегеніміз өндірістік- техникалық бірлігі бар, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады.
2006 жылғы 1 наурыздағы ҚР Президентінің халыққа Жолдауында Қазақстанның алдағы уақытта әлемдегі 50 бәсекелеселдің қатарына кіру туралы міндеті қойылғаны белгілі. Бұл міндет Қазақстан экономикасы дамуының сапалы да жаңа кезеңін ашқалы отыр.Ол дегеніміз өтпелі кезең жағдайындағы модернизациялауды аяқтап, енді бәсекелестік қабілеті бар елді жасауға ұмтылуды білдіреді.
Ал, ұлттық экономиканың бәсекелестігі бұл экономиканың, соның ішінде, өнеркәсіптік өндірістің озық технологиялар мен жаңалықтарды игеруі арқылы, ішкі және әлемдік нарыққа сапалы да, бәсекелес өнімдер шығарып, оларды өткізуде бәсеклестік артықшылықтарды пайдалану, сондай-ақ, өндірісті заман талабына сай жаңғырта білу қабілетін сипаттайды.
Экономиканың негізгі қозғалысы инновацияларға тәуелді және инновациялар арқылы сол елдің қандай бір ресурстар мен факторларға деген кемтігінің орнын толтырады. Көптеген салалар инновацияларды пайдаланып қоймай, оларды үнемі жасайды және орналастырады. Елдердегі экономиканың жетекші салалары негізінен өндірістің базалық факторлары мен ресурстары есебінен артықшылықтарға қол жеткізеді. Олардың сыртқы нарықтарға шығуына бірлескен негізде құрылған шетелдік кәсіпорындар ықпал етеді. Мұндай сатыдағы экономика әлемдік нарықтағы болатын өзгерістерге өте сезімтал келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Коммерциялық банктермен агросаланы несиелеуді дамыту жолдары

Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды.
Адам өміріне, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға керек игіліктерді алудың басты көзі – агро сала болып табылады.
Агро шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясат негізгі ұлттық мүдделерге сәйкес орындалатын мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл саясат шаруашылық жүргізуші субъекттердің, әсіресе белгілі бір өңірде немесе тұтастай бір елде максималды әлеуметтік – экономикалық тиімділік беретін саладағы бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау қағидасы негізінде қалыптасады. Нақты өндіріс саласындағы агро салады белсендірудің икемді тұтқалары ретінде салық, сақтандыру, инвестиция, лизинг және әріне банктік несие тәрізді нысандар саналады. Индустриалдық – аграрлық дамыған елдерде агро саланың белсенділігін арттыру құралы ретінде негізінен қаржы – бюджет ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Канада мемлекетіне экономикалық географиялық сипаттама

Канада Солтүстік Американың солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі бойынша бүкіл дүние жүзінді Ресей Федерациясынан кейін екінші орын алады. Оның құрлықта АҚШ - пен ғана шекарасы бар. АҚШ- пен көршілестігі - Канаданың саяси және экономикалық – географиялық жағдайын анықтайтын шешуші белгі. Шекараларының сумен ұласып жатуының үлкен маңызы бар. Ұлы көлдер жүйесін Атлант мұхитымен жалғастырып жатқан Әулие Лаврентий өзені елдің басты « теңіз қақпалары » қызметін атқарады және Африка Еуропа құрлықтарына баруға болады. Тынық мұхит арқылы Аустралияға баруға болады. Географиялық орны қолайлы. Оңтүстік және солтүстік батысында АҚШ – пен, теңіздер арқылы солтүстігінде Ресеймен, шығысында Гренландия аралымен шектеседі.
Бұл жерде территорияның өте нашар игерілген жерлер өте көп. Жер көлемінің жартысына жуығы ағашты канадалық қалқан үлкен бөлігі – Лаврентий таулы қыраты , көлдер, қатал климаттың жерді игеруге кедергі келтіреді. Батыс және шығыс бөлігінде таулы жүйесі орналасқан. Оңтүстік шығысында Аппалач тауы, батыста Кордильер тауы. Оңтүстік бөлігі ғана игерілген. Елдің қатал табиғат жағдайлары Канаданың солтүстігі мен солтүстік батысында шаруашылық ісімен айналысу орын алмаған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары

Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.
Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті және пассивті операцияларының орны ерекше. Осы операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрде қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын несие және банк жүйесінің негізгі буыны және олардың қызметтерінің басым орындаушыылқ бөлігін іске асыратын коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының өзектілігіне байланысты «Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары» деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым коомерциялық банктер нарықтық шаруашылықта қаржы делдалы ретінде тікелей экономика салаларымен қызмет етеді және коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары барысында барлық шаруашылық механизмдер тиімді ұйымдастырылып, реттеліп және дамып отырады.
Енді осы аталған операциялардың маңызы мен мәнін, олардың қызмет ету механизміне және еліміздегі атқарылып жатқан активті және пассивті операциялардың бүгінгі таңдағы даму барысына толығымен тоқталып өтсек ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлттық үрдіс – ұлағат

Ел мен жер – оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз.
Ы.Алтынсарин
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі – есті, еңбексүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеу. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін , әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар – ожданы мол болып өссін деп армандайды және бұл мәселені өзінің тұрмыс – салтына байланысты шешіп отырды. Ол үшін ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталған, тұрмыс және өмір тәжірибесі сынынан өткен салт – дәстүрлерді қолданып келді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Халықтық педагогиканың жастарды тәрбиелеудегі басты ролі

І. КІРІСПЕ
Қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.
Халық педагогикасының негіздері ғылым жолымен іздестірілмей келгенін ашып айтқан жөн. Өйтксні халық педагогикасы тек өмірлік факті ретінде пайдаланылып, оның ғылыми негізде дамымауына тікелей империялық саясат кері әсер етті. Ал, империя атаулы өз езгісіндегі халықтардың ұлттық тарихының да, халықтық педагогикасының да бой көтеруін қаламайды. Себебі бұл екеуінен халықтың ұлттық санасы оянады.
Жалпы халық педагогикасының негіздері адамның өз бойынан, яғни оның физиологиялық кезеңдерінен құралады. Оның тән құрылысы -биологиялық заңдылықтардың бесігінде тербиеліп шықса, ал жандүниесі - тәрбиелік тәлімнен ғана нәр алады. Олай болса, бала тәрбиесінің физиологиялық өсу кезеңдері оның тәрбие жүйесінің негіздерін жасайды. Өйткені баланың өсу жолындағы әрбір кезеңінің өзіне тән тәрбие әдістері бар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Өмір жыры)

Өшпейді халық жыры, қартаймайды,
Өшед деп оны ешкім де айталмайды,
Халықтың жүрегінің түкпірінен
Төгілген күй - шын жорға, тайпалмайды.
Алтындай ел ішінде сақталынғам
Сұлу жыр, судан тұнық, шайқалмайды.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Химия | Қатты әсер ететін улы заттар мен улағыш заттар негізгі түрлерінің сипаттамасы

Өнеркәсіптің дамуы технологиялық процестерге әр түрлі химиялық өнімдерінің барған сайын көбірек қолдануын қажет етіп отыр. Бұл оларды өндіру және үлкен көлемде тасымалдануын қажет етеді.
Бейбіт уақытта авариялар болуы мүмкін, ал, соғыс қимылдары кезінде қарсылас жақ өнеркәсіп объектілері мен көлік құралдарын әдейі қиратып, соның салдарынан химиялық өнімдер шығуы ықтимал.олардың көпшілігі улы болғандықтан адамдарға айтарлықтай қатер төндіреді.
Қазіргі уақытта белгілі бірнеше ондаған химиялық заттардың арасынан тек жүзден астам ғана қоршаған ортаға шыққан кезде адамдардың жаппай зақымдалуын тудыруға қабілетті, төтенше қауіпті санатына жатқызуға болады.
Бейбіт уақытта химиялық қауіпті авариялардың пайда болу қауіпінің арта түсуі және соғыс қимылдары барысындағы бүліншіліктер, олардың ықтимал ауыр салдары халық үшін олардың қауіптілігін бағалаудың маңызын арттырады. Тек химиялық қауіпті объектілердің қирауының салдарынан дер кезінде және дұрыс бағалау негізінде ғана адамдарды қорғаудың қажетті шаралары мен ҚӘУЗ- бен зақымдану аймағында іс- әрекет жасау, ал қажет болса олардың шығу салдарын жоюды жүргізу үшін дәлелді шешім өз уақытында қабылдануы мүмкін.....
Рефераттар
Толық
0 0