Реферат: Биология | Колиентерит

Колиентериттер-ащы ішектің шырышты қабатының қабатының қабынуымен сипатталатын жалпы инфекциялық ауру. Бұл аурумен көбінесе емшек жасындағы балалар, әсіресе шала туылған және қолдан тамақтандырылатын балалар ауырады.



Қоздырғышы-ішек таяқшасының О26, О66, О111 штаммдары.



Эпидемиологиясы:



1. Ауру көзі-ауру адам-және қоздырғыш тасымалдаушы.



2. Таралу жолы-қарым-қатынас(су, тамақ, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, лас қол, шыбын-шіркейлер арқылы).



3. Сезімталдық-1 жасқа дейінгі балалар.



4. Маусымдылық-жыл бойы.



5.Иммунитет-тұрақсыз, микробтың әр шаммына бөлек.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мұғалімдер күні бүгін

Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген жеткізеді деп баққа арман.
Ұстаздардың күні бүгін бар тілегі өмірде
Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.

«Мұғалімдер күні бүгін» өлеңінен


«10 «А» класына – математика, 3-кабинетте, 10 «Б» класына – әдебиет, 5-кабинетте». Бұл 80-жылдар ішінде өзімізге физика пәнінен сабақ беріп, №25 мектепте 90-жылдардың ішінде де сабақ беріп барып, құрметті демалысына шыққан оқу завучымыз Сәбит Жалғасбаев ағайдың даусы. Сәбит Жалғасбаев ағай мектеп радиосынан оқушыларға сабақ кестесін хабарлап жатыр. Осымен бірге электр қоңырауы да үсті-үстіне безілдеуде. Соның арасында Сәбит Жалғасбаев ағай оқушыларды сабаққа кіруге қоңырау соғылып кеткенін айтып асықтыруда.

«...Мұғалима есікті ашып, сыртқа беттей берген сәтте-ақ, тентек қоңырау ақыры өз дегенін жасап үлгереді. Оның ортасындағы ұзынша тілі қабырғасына барып соғылады. Бар болғаны бір-ақ мәрте соғылуының өзі жеткілікті. Дауыс тым алысқа кетеді.

Осы кезде сыртта тұрған оқушылар ішке қарай лап қояр еді. Себебі шәкірт санасы қоңыраудың әмірлі үніне бағынып үйренген». Сайт бетінде бұдан бұрын жарық көрген «Қоңырау» әңгімесіндегі бұл көрініс 90-жылдар ішіндегі №25 мектептің өмірінен алынып жазылған болатын. Өтпелі кезең аталған осы бір уақыттарда 80-жылдар ішіндегі мектеп маңдайындағы радионы былай қойғанда, электр жарығының болмауына байланысты электр қоңырауының өзі де үнсіз қалған еді. Сондықтан да әңгіме: «Электр жарығының уақытша шектеліп тұруына байланысты үстел үстінде жез қоңырау тұрар еді. Жез қоңырау – осы қалпында моп-момақан» деп басталатын еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сисекенов Н | Бақытты болуыңыздың кепілі


Кім болмасын бұл бес күндік өмірде бақытты болуды армандайды, сол жолға, сол қуанышқа, сол сәтке жетуге асығады. Кей жағдайларда адамдар өздеріміз қолымыз жетпейтін айға ұмтылып, басымыздағы бағымыздан айырылып, қолымыздағы барымызды бағаламай жатамыз. Әрине, бұның барлығы өмір. Біреу бақытты отбасым, жұмысым, елім, халқым, дос – туысқандарым деп есептесе, енді біреулер басқаша, өз өмірінің мәні санайтын заттармен елестетіп, соларды бақыт санап жатады. Бақыт – бұл әрбір қуанышты сәттердің қосындысы, жинақталуынан тұрады.

Өмір – бұл адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес сыйлық. Енді осы жерде талай заманнан бері адамдарды ойландырып келе жатқан Мен кіммін? Қайда барамын? Қайдан келдім? Не мақсатпен жүрмін? Түбінде не істеуім керек? деген сұрақтар тууы хақ. Менің ойымша, бұл сұрақтардың жауабын әр адам өз ішінен табады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Мал сойғаны туралы хабарламағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жеке қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге, жаңадан сатып алынған жануарларды, алынған төлдерді ветеринариялық мамандарға хабарлауға міндетті. Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛДЕРІ

КІРІСПЕ
Қазақстанның кең-байтақ аумагында көлдер көп. Мұнда ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлідерден басқа, көбі (94%) - көлемі 1 км2-ден кем шагын көлдер. Көлдердің барлығы демек - ағынсыз 1 тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 км2-ден астам 21 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын альш жатыр. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке карай кемиді. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда 21580 көл бар (еліміздегі көлдің 45%-ы). Ал Орталық және Оңтүстік Қазакстан аумағында 17550 көл (36%) кездеседі. Алып жатқан ауданы жағынан солтүстік көлдерінің үлесі бүкіл көлдердің 35%-ын, ал орталық және оңтүстік көлдерінің үлесі 10%-н кұрайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Тұздың пайдасы

✅ 1. Үйді сырлағанда немесе бөлмені бояғанда, немесе иіссудың жағымсыз иісі жайлап кетсе, құтыға тұз салып, аузын ашып қойыңыз. Иіс жоғалып, тұзға сіңеді.

✅ 2. Балық пісірілген ыдыста балық иісі ұзақ уақыт сақталып қалса, кетіру үшін, тұз қосылған суық сумен ысқылап жуу керек. Иістен түк қалмайды.

✅ 3. Кофенің дәмін келтіру үшін, бір болар болмас тұз салсаңыз жетеді

✅ 4. Табаға май салып қызған кезінде, көпіріп кетсе, аздап тұз салу керек.

✅ 5. Қол орамалда дақ сіңіп қалса жұмас бұрын, бір уыс тұз ерітілген жылы суға салып қойсаңыз, жоқ қылады.

✅ 6. Сарғайған терезегеде дақ түссе осылай жасаңыз.

✅ 7. Жұмыртқаны қайнатқыңыз келсе, суға тұз салыңыз. Су ішінде жұмыртқа жарылсада да, ақуызы сыртқа шығып кетпей, бірқалыпты піседі.

✅ 8. Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы оқыушыларға берілетін сабақтан тыс тәрбие процесі

Шағын мектептер қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосары мол. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі заманың сұранысын болашақ талаптары мен ұштастыра отырып, ауыл жағдайында жеке адамды қалымтастыруға , дамытуға бағытталған.
Шағын мектепте сабақтан тыс жұмыстардың орны ерекше. Сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны - оқушының теориялық білімін кеңейтіп толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттерінің бірігуі қоршаған орта туралы бір-тұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасында байланысты қамтамасыз етуге оқу тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық жеберліктерінің жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
Шағын мектептерде оқу мен тәрбиенің біріктірлуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мұражайларда, мәдени мекемелерде мектептен тыс сабақтан ұйымдастыру;
- ауылдық гимназияларда, лицейлерде оқыту үшін әр түрлі жастагы дарынды балалар топтарын құру;
- таңдауы бойынша, еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша олимпиядалар жүргізу;
- кәсіптік бағдар бойынша соған сәйкес оқу бағдарламаларын оқыту кешінде арнаулы сабақтар өткізу;
- біріктірілген және пән аралық оқу сабақтарын жүргізу. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттерін біріктіру бырыңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, онда әрбір құралдар тәрбиелік және білімдік міндеттер кешеннін шешуге көмектеседі.
Шағын мектептің басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен шығармашылық қызметте басда, ақпаратты қамтамассыз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекетінде біліктілікті талап етеді. Яғни ауылдық мектеп жағдайында егер мұғалімдер оқушылардың қызығулықтары мен сұраныстарын ескеруді көздеген болса онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сабақтан тыс жұмыстарың мазмұнын, мақсат міндеттерін біріктіре алатын болады. Бұған мектеп ұжымының және сыныптарджың аздығы, оқу үрдісін икемдеп құру мүмкіндігі, қоршаған ортамен неғұрлым терең байланыстар септік етеді.
Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттеріндегі оқу тәрбие үрдістерін біріктірудің жүзеге асырудың шарттары:
- Ұлттық және жергілікті дәстүрлерді ескере отырып, мектептің тәрбие қызметінің ауыл істерімен, ауыл тіршілігімен байланыстырылуын (мектеп пен ауылдың мерекелері бірлесіп өткізуі, қоршаған ортаны қорғау және оған қамқорлық жасау) қамтамасыз ету;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Кемеңгер атам, Мәшһүр бабам!

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шоқтығы биік, дара тұлғалардың бірі. Ол - ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен қазақ әдебиетінің белгілі тұлғасы. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бес – он бес жас аралығында Алланың ғылымын, араб – парсы, шағатай, түрік тілдерін жетік меңгерген.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ойлары өзіндік бір деректілікке негіздейді, себебін түсіндіреді, құпия сырына үңіледі. Сондықтан да Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының « айдан – жарық, күнінен-раушан »түйінді ой - пікірлері айрықша маңызды . Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасын зерттеушілердің айтуына қарағанда оның еңбектері шамамен 30 томдық еңбекті құрайды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 3 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты: Балаларды 3 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. Олардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. 0 ден 3 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту
Түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсіл: Сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Бағдаршам суреті, таяқшалар, суреттер, ермексаз, геометриялық пішіндер.
Пәнаралық байланыс: Сурет, мүсіндеу, жапсыру.
Сабақтың барысы......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ойнайық та ойлайық

Сабақтың мақсаты: заттарды санау, салыстыру, есептеу сияқты мәселелерді шешу. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: 0 - ден 7-ге дейінгі сандар, кеспе қағаздары

Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымызға қонақ апайлар қатысып отыр. Математикадан білімдерімізді көрсетейік. Ендеше қазір біз әр түрлі, қызықты тапсырмалар орындаймыз. үш топқа бөлініп алайық: 1 топ: дөңгелек
2 топ: үшбұрыш
3 топ: төртбұрыш
Психологиялық дайындық.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0