Үсу — суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, аяқ киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ, башпайлар, мұрын, құлақ шалдығады. Үсудің 4 дәрежесі ажыратылады. Бірінші дәрежелі Үсу кезінде терінің сезімталдығы нашарлап бозарады, үсіген жер ісінеді, ауырып қышиды. Екінші дәрежелі Үсу біршама ауыр өтеді, терінің асты суланып күлдірейді. Үшінші дәрежелі Үсу түрінде терінің астына қанды су жиналып, күлдірейді, бірнеше күннен соң олардың орны жансызданып, жарылады да, тыртық пайда болады. Төртінші дәрежелі Үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады. Бұл Үсудің ең ауыр түрі. Жансызданған жер тырысып кеуіп қалады, қара қоңыр түске боялады. Алғашқы көмек көрсеткенде үсіген адамды бірден жылы жерге кіргізіп, жылытып, ыстық шай не кофе беру керек. Жансызданған жерін жылы суға (температура 37 — 40°C) малып, денесі қызарып, жылынып, сырттан тиген қолды сезетін болғанша жайлап ысқылайды, содан соң таңып тастайды. ҚҚ — ҚV дәрежелі үсікке шалдыққан адамды алғашқы көмек көрсетіліп болғаннан кейін жылы орап, ауруханаға апару қажет. Үсік шалған жерді суық жерде тұрып қармен ысқылауға және суық суға түсіруге болмайды. Үсіген организм көп уақытқа дейін суыққа сезімтал келеді.
Жемтүсу — жылқы тұяғының іріңсіз қабынуы. Бұл жылқыда ғана болатын ауру. Екі алдыңғы не екі артқы тұяғына, кейде төрт тұяғына жем түседі. Алдыңғы тұяғы ауырса жүрелеп көсіледі, артқы тұяғы ауырса бүрісіп, аяғын бауырына тартады. Ауру жылқы басын, мойнын көтере алмайды. Тұяғының қызуы көтеріледі. Жемтүсу ұзаққа созылса, тұяқтары бүрісіп қалады. Аурудың негізгі себептері: қатты шауып, алқынып еті қызған жылқыны кенет салқындату, ыстықтай суық суға шомылдыру, құрамында азоты көп (бидай, қара бидай, көк жоңышқа) және шіріген, көгерген, үсіген жемшөп беру. Ауыр жүкпен қиын, таулы жолда ұзақ жүру де бұл ауруды туғызуы мүмкін. Емі: алғашқы 2 — 3 күн тұяқтарын суық суға езілген сазға батырады; ауру аяғын жіліншігінен төмен қарай ысқылайды; іш жүргізетін дәрі-дәрмек береді. [1]
О кезде мен жас едім. Аудан орталығында, болмашы бір кішігірім қызмет істеп жүрдім. Туып өскен ауылым шалғай жерде болғандықтан пәтер жалдап, уақытша сонда тұрмыс құра бердім.
Үй иесі Назира апай — отыз жастан едәуір асып кеткен, күйеуінен ерте айырылған жесір әйел. Орта бойлы, бидай өңді осы апай жұмыс үстінде ән салып, күле қарап, әрдайым көңілді жүреді.. Кейде күрсініп, кейде жымиып, өзінің жастық дәуренін жиі-жиі әңгіме етеді.
Назира апайдың ауызға үріп салғандай Фарида атты бір қызы болды.Ажары салқын. Сөзге сараң.Үнемі жабыңқи. Әйтсе де жүзінде бір құпия жұмбақ мұңның ізі бар. Бет әлпеті келісті реңбасы таза, қарақат көзді осы бір қарапайым қызда не сыр бар екен? Әлде біреуге ғашық па? Қайдағы ғашықтық, он жетіге биыл ғана толды емес пе? Дегенмен осы бір бет – бейне, осы бір көз қарас, осы бір салқындық өзінше дербес,бір ыстық сұлу тұлға.
Фарида шай құйғанда, немесе сүлгі ұсынғанда жүзіме телміре ұзақ қарайтын-ды. Оның мөлдір қара көзі шексіз шексіз бір тұңғиық зындан сыпаттас еді. Ақыл-ой көзімен үңіліп бақсам да, ешнәрсе ұғына алмай, бойлай беретінмін, бойлай беретінмін тұңғиыққа. Осындай шақтарда қорыққандықтан ба, әлде қуанғандықтан ба, кім білсін, қыз көзінен жанарым еріксіз тайқып кететін-ді. Дәл сондағы бишаралық тұрысым,— алма ұрлап бағбан қолына түскен қара сирақ мүсәпір баланың кейпін бейнелейтін. .....
Ол қазақ даласының шалқар көгінде күмбез болып көтерілген еді. Айбынын асырғысы келіп, мейманасын тасытпақ болған нөпір жауға қас батырдың тілімен рух болып аттандап, қыран құстай шүйілді. Ол қазақ сахарасының ұлан-байтақ шетіне ән болып қалықтады, күй болып домбыра пернесінен төгілді, қозы қайырған баланың сыбызғысы болып сарнады, қобыз шанағында мұң болып жүректерді жылатты. Ол тағы да мыңдарды тебірентті. Шарана сәбидің құлағына бесік жырымен ана әлдиі болып құйылды, бойжеткен арудың ыстық ұясын қимаған сыңсу әні болып естілді, туған еліне, ата-анасына деген асыл сезімі болып жүрек пернесінің көңіл-күйін шертті. Осының барлығында да ана тіліміздің рухы жатты. Менің туған тілімнің рухы еді.
Менің ана тілім. Менің тіліме қатысты сөздер құлаққа қандай жағымды естілетін еді. Осы тіл менің құлағыма бесік әлдиімен енді, ата-анамның маған арнаған жылы сөздерімен дарыды. Ол мектептегі алғашқы ұстазымның әуезді үнімен тәлімді тәрбие болып жүрекке құйылды. Ол оқу ордасындағы ана тілі пәні мұғалімінің қоңыр даусымен ғылым негізі болып санамды билеп алды. Ыстық ұядағы ұстаздарымның мағыналы сөздері арқылы ұлттық рухымды биікке көтерді, арман көкжиегіне жетеледі. Ана тілім сағыныш сезімге толы әндер арқылы биік белеске шарықтатты, туған жерімді сүюге, ардақтауға үйретті. Сондықтан да мен ана тіліме мәңгі қарыздармын. .....
Қазіргі уақытта Алматы қаласының агломерациясы Қазақстан республикасының экологиялық жағдайы қиын аудандарының қатарына кіреді, мұндағы барлық табиғи орталар топырақ, су, өсімдік, атмосфера улы химиялық заттармен жоғары дәрежеде ластанған, соңғылардың ішінде қаланың экологиялық жағдайын қалпына келтіруде ағын суы Алматы қаласының кіші өзендері ерекше көңіл бөлінуде, себебі олар шынайы табиғи сүзгі болып табылады, сондай-ақ, сумен қамту, гидроэнергия, рекреация зоналарында негізгі су көзі ретінде қолданылады. Өндірістің жоғары дәрежеде шоғырлануы, халықтың тығыз орныласусы, және бір жағынан жалпы үлкен өзендердің әлсіздігі, Алматы қаласы өзендерінің деградациясымен ластануына алып келеді. Берілген жұмыстың мақсаты Кіші Алматы өзендерінің антропогенді түр өзгерісі дәрежесін анықтау, өзендерді қалпына келтіру және сақтау үшін суды сақтау зоналарын басқару және құрастыру бойынша нұсқауларды ойластыру болып табылады . ....
Тақырыптың көкейкестілігі. Кітапхана — адамзат баласы жаралғалы бергі аралықта жинақталған ақыл-ойымен мәдениетінің таусылмас қазынасы. Халық сондықтан да оны қасиеттеп, қастерлейді. Ал кітапханашыларға сол қазынаны шашып шығармай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру міндеті жүктелген. Олардың қызметінің мәні мен мазмұны ең алдымен міне осы міндетті қалай жүзеге асырып жатқандығымен айқындалмақ. Ал ол міндеттерді жоғары деңгейде атқару көптеген факторларға тікелей байланысты. Кітапханалар бүгінгі таңда өзінің бірегей, көп салалы кітап қорымен оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерді қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші, білім беру орталығы болып саналады. Ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса, пайдаланушылардың оған деген мұқтажы мен сұранысы да шексіз. ....
КIРIСПЕ Бүгiнгi таңда дербес Қазақ мемлекетiнiң қалыптасуы өте күрделi тарихи кезеңдерде жүрiп жатыр. Жас мемлекетiмiздiң қалыптасуында, әлеуметтiк қиыншылықтар аз емес. “Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары”–деп, Қазақстан Республикасының конституциясының бiрiншi бабында тұжырымдалған.Ғ.Мұстафин ағамыз айтқандай “Бiз бұған дейiн ұлтшылдыққа қарсы тұрдық, ендi ұлтсыздыққа қарсы. Бұған дейiн дiншiлдiкке қарсы тұрып келдiк, ендi дiнсiздiкке қарсы тұратын мезгiл жеттi”. - дегендей. Кеңес империясы құрдымға кетумен басталған әлеуметтiк өзгерiстер мен дағдарыстар ой-сана, тәрбие, сенiм жағынан жаңа қоғам, жаңа психология қалыптастырды. Осы айтылғандарға орай бiздiң зерттеуiмiздiң өзектiлiгi мен қажеттiлiгi елiмiздегi тәуелсiздiкпен бiрге қайта оралған ата-бабаларымыз ұстанған Ислам дiнi екендiгiнде дау жоқ. Коммунизм идеологиясының қою қараңғы түтiнi адамдардың санасын улап, дiндi – апиын, құдайларды – үрей жаратады, бiлiмсiздiк, – дiнсiздiктiң себебi, дiн – құр идеология деп түсiндiрдi. Қолмен жасалған тар идеологиялар адамзаттың рухани қажеттiлiктерiн қамтамасыз ете алмады. Құдайға шүкiр қазiр тәуелсiз мемлекетiмiзде адамдар өзi еркiнше дiндi ұстанып, рухани аштықтарын қанағаттандыруда. Алайда, жақсылық пен жамандық қашанда бiрге жүредi. Соңғы кездерi исламды бүкiл адамзаттың алдында қаралап, террорим және экстремизм десе ислам дiнiне тиесiлi болып көрiнетiн психология қалыптасты. Және де елiмiзге көптеп келген жат ағымдар мен секталар, өз діні мен иделогияларын телу де.Жартты ғасырдан астам уақыт шынымен дін апин, деген психология, мен көзқарас болды.Қазіргі уақытта, керісінше дінсіздіктің апин, діннің психикамызға гигиена екенін нақтылау. Қазiргi мақсатымыз – Ислам дiнi ақылдың, бiлiмнiң тазалықтың, сондай-ақ, бейбiтшiлiк пен тәртiптiң дiнi және адамдарды жағымды көркем мiнездiлiкке, абзал әдептiлiкке тәрбиелейтiнiн- “Дiнсiз iлiмнiң ақсақ, iлiмсiз дiннiң соқыр”.- екенiн айқындау. Және еліміз қоғам дамуын арттырғысы келсе, өнеркәсiптiк технологияны, мәдениеттi ғана емес, дiни руханилықты да өркендету керек екендiгiн баса ашып көрсетемiз. Зерттеу мақсаты мен мiндеттерi: Бүкiл адамзат тарихындағы ең үлкен тұлға, Мухаммед Пайғамбардың жеке тұлғасы мен дiн таратудағы психологиясына талдау жасап, оларды теориялық жағынан негiздеу. Осы мақсатқа орай туындаған басты мiндеттер деп мына төмендегiлердi айтуға болады. Мухаммед Пайғамбардың өмiрi, ой толғамдары мен дiн таратудағы психологиясы, әдiстерiн талдай отырып мазмұны мен мәнiне үңiлу Мухаммед Пайғампардың Пайғамбар болған VI ғасырдың аяғы мен VII ғасырдың басындағы дүниенiң халi, адамдардың рухани әлемiне, дiни сенiмдерiне, дүние танымдарына, мәдениетiнiң даму деңгейiн әсер еткен, Ислам дін негіздерін айқындау.....