Реферат: Биология | Өтте тас байлану

Өтте тас байлану







Өтте тас байлану.

Өтте тас байлану, холелитиаз – адам организмінде зат алмасу, әсіресе май алмасу процесінің бұзылуынан туатын ауру. Дерт өт қабығында көлемі, құрамы және сыртқы пішіні әр түрлі тастардың түзілуімен сипатталады. Өтте тас байлану көне заманнан белгілі. Бұл ауру туралы деректерді Гиппократ, Әбу Наср әл-Фараби, ежелгі римдік энциклопедист-ғалым А.К. Цельстің еңбектерінен кездестіруге болады. Бұл ауру семіру, қант диабеті, холецистит, ұйқы безінің қабынуы (холецистопанкреатит) дерттерінің салдарынан болуы мүмкін, сондай-ақ әр түрлі жұқпалы ауруларды дер кезінде емдемеуден де болады. Өт қабы мен өт жолында бөгелген өт бауырды қысады, соның нәтижесінде өттегі холестерин шала ыдырайды. Осыдан өт қабы мен өт жолы қабынып, ісініп тарылады, өт баяу жүреді, ал оның құрамындағы заттар бірте-бірте шөгіп тасқа айналады. Өт жолын тас бітегенде адамның денесі сарғайып, жиі кекіру басталады. Ауруды ультрадыбыспен зерттеу арқылы анықтайды. Аурудан сақтану үшін тамақты аз-аздан, тәулігіне 5 – 6 рет ішу керек; рационнан аса майлы тағамдарды шығарған жөн.

Емі .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Александр Пушкин | Дубровский

Мұнан бірнеше жылдар бұрын өзінің ата-қоныс мекендерінің бірінде Кирила Петрович Троекуров дейтін орыстың ежелгі шонжары тұрып жатты. Байлығы, білікті ата-тегі және күшті байланыстары оны губерниядағы құдіреті зор адам етті. Көрші-қолаңдары қабағын шыттырмай, бабын тапқанына мәз болса, губерния чиновниктері атын естігенде-ақ қалтырап тұрды. Кирила Петровичтің өзі болса, бұл бас июшілікті жұрттың парызды міндеті есебінде қабыл алды. Үйі әменде қонақтарға лық толы болатын, бұлар оның көңілін аулап, у-шуы мол кейде тіпті шектен шыққан дарқан думандарын да бірге атқарысып жүрді. Оның шақырғанынан бас тартар, болмаса мерзімді күндерде Покровское селосына тағзыммен келіп, бас имейтін ешкім болмады. Ал үй тұрмысында Кирила Петрович білімсіз адамда болатын ожарлықтың бәрін де көрсете жүретін. Қоршаған қауымы өзін жаман үйретіп, еш нәрседен қағажу көрмей өскен бұл жампоз ұшқалақ мінезі мен шолақ ақылына не келсе, соны істей берді. Ересен күшті адам бола тұрса да, ол жұмасына екі рет күпті болып мешкейліктің сазайын тартатын, бірақ сонда да күн сайын ішіп көңілді жүретін. Үйінің флигельдерінің бірінде әйел жынысына тән ою ойып, кесте тігіп отыратын он алты даяшы қызы бар-ды. Қыздар тұрған флигельдің терезелерін ағаш тормен қоршап, есіктеріне құлып салып қояды, ал құлыптың кілттері Кирила Петровичтің өзінде болады. Қапастағы жас қыздарды мерзімді сағатында баққа шығарып, бой жаздырып екі кемпір бақылап жүреді. Кирила Петрович ара-тұра қыздардың кейбіреуін күйеуге береді, олардың орнына жаңадан басқа қыздар әкеп қояды. Шаруалар мен үй қызметшілерін ол, ақырып-жекіріп өте қатал ұстайтын. Солай болса да олар баринге жан-тәнімен берілген жандар еді; мырзаларының байлығы мен атағына мардамсып, күштілігіне арқа сүйеп, олар да былайғы көршілеріне озбырлық жасай жүретін......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қобдабай Қабдыразақұлы | Қазақтың қараңғы төрінде ұстаздық еткен аналар

Нақтылы жазба дерек бойынша, түрік дәуірінде, Ұмай Ана мектебі жұмыстаған. Ұмай Ана мектебіндегі тәрбие туралы Орхон-Енисей ескерткіштері біршама мағлұмат бар. (Ана мектебінің кейбір ұлық ұстаздарының педагогикалық ой-пікірлері Батыс және Шығыс жазба әдебиеттері арқылы бізге жетті) Қазақ мектебінің басы – Ана мектебі. Оның даму тарихы тым тереңде жатыр. Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен. Қазақтың жеке ел болып, еңсе көтерген сол бір дәуірде, текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет, ауыл, ру, тайпа аумағында ақсақалдар мектебі тым ерте дәуірде қалыптасқан. Бұлар тіршіліктің бар саласында, өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата, әке-шеше, жезде-женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады, үлгі-өнеге ұқтырды. Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық. Осы үрдіс сабақтастығын үзбей отырып, күні бүгінге жетті. Ұмай Анадан Ұлпанға дейін, Қарашаш анадан Алтыншаш анаға дейін, Домалақ анадан Зереге дейін дегендей ұзақ тізбекті жаңылмай жасай аламыз. Бұл жолы қазақтың қараңғы төріне, мектеп орнатып, жастарды білім-ғылым үйретіп, үлгі өнеге көрсеткен ұстаз аналар туралы әңгіме етпекпіз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Білім ордасында Ұстаз мерекесі

Әрбір мектеп бітіруші жанның шәкірттік бейнесін ешбір фотосуретшінің көмегінсіз-ақ сана түкпірінде сақтап қала алатын бір жан бар болса, ол - оның ұстазы. Ұстаз - өзінің есейген шәкіртімен жүздесіп тұрып-ақ осы бір ересек жанның сол кездегі балаң бейнесін, оның сыныптың қай бөлігінде, қай партада отырғанына дейін көз алдына елестете алатын бірден-бір жан. Себебі шәкірт ұстаздың өзінің мектепке жас маман болып кіріп, зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейінгі саналы да мағыналы ғұмырының еріксіз бір ажырамас бөлшегі. Осы бір балаң бейне ұстазға ерекше түрде жақын. Ұстаз бүгінгі алдында отырған шәкірттерімен ғана емес, өткен шақтағы шәкірттерінің осы бір бейнесімен де үнемі бетпе-бет келе алар еді. Нақ осыны шәкірттің өзі де сезер, мүмкін ұстаздың шәкірт жанына жақын болуының да бір себебі - ұстаздың тек өзіне білім беруші жан ғана емес, балаң күнінің қастерлі куәгері екендігінде де болуы мүмкін. Себебі түлек болып кеткен жан да еріксіз бала күніне оралып отырады.

Бүгінгі түлектер - кешегі шәкірттер. Ол күні кеше ғана өз мектебінің үздігі, өнерлісі, білім немесе басқа да саладағы жарыстар мен сайыстардың жеңімпаздары атанды. Ол осы сәттерде өз ата-анасының мәртебелі мақтанышы болды. Осының барлығында да оның жанында ұстаз жүрді. Осының бәрінде де ұстаздың қажыр-қайраты, білімі мен білігі, еңбегі мен шәкірт көкірегіне сенім мен жігер тудырушы күш-қуаты жатты. Шәкірт пен ұстаздың бірігіп мақсатты жолға жауапты дайындықтарының басталуы мен нақты нәтижелерге қол жетулерінің арасында ұзақ жол жатады. Бұл жол шәкірттің ұстазға деген сенімі мен ұстаздың өлшеусіз еңбегінен құралады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Соматизм ұғымын анықтау

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде генетикалық және типологиялық жағынан әр түрлі тілдердің лексика-семантикалық топтарын салғастырумен байланысты мәселелер әлі күнге дейін қарастырылуда. Тілдердің әр түрлі фактілерін салғастыру зерттеуге алынған тілдік құбылыстардың заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсінуге, тілдік құрылымды ұғынуға, бір ғана тілді зерттеу кезінде байқалмайтын ерекшеліктерді анықтауңа мүмкіндік береді. Фразеологияны зерттеудегі лингво-мәдени аспект ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.
Қазіргі тіл білімінде антропоцентрлік бағыттың пайда болуы құрамында соматизмдері бар фразеологизмдердің коннотативті семантикасын жеткізуде лингвистикалық және паралингвистикалық факторларды мұқият зерттеуді тудырды.
Құрамында соматизмдері бар фразеологизмдердің ұлттық-мәдени спецификасын зерттеу орыс-ағылшын, ағылшын-неміс, орыс-қазақ, қазақ-неміс, ағылшын-француз фразеологизмдеріне (Ю.А.Долгополов, З.К.Ахметжанова, Р.Е.Валиханова, М.Х.Абилгалиева, С.Г.Шафиков, т.б.) жүргізілген. Демек, құрамында қол-рука соматизмдері бар гетероморфты қазақ және орыс тілдеріндегі фразеологизмдерді салғастыру, олардың ұлттық-мәдени ерекшелігін анықтау алғаш рет жүргізіліп отыр.
Зерттеудің мақсаты. Соматизм ұғымын анықтау. Отандық және шетелдік тіл білімінде соматизмдердің жолдарын қарастыру. Қол-рука соматизмдерінің лексикалық қорда алатын орны. Соматикалық фразеологизмдерді қызметіне қарай топтастыру. Құрамында қол-рука соматизмдері бар фразеолгизмдерді әмбебірліктері мен ұлттық-мәдени ерекшеліктеріне қарай талдап көрсету.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер қарстырылған:
• Соматикалық фразеологизм, конвенционалды соматикалық фразеологизм, паралингвизмдер түсінігін анықтау;
• Құрамында соматизмдері бар конвенционалды фразеологизмдердің дифференциалды қасеттерін анықтау;
• Қазақ және орыс тілдеріндегі соматикалық фразологизмдердің қолданылу жиілігін анықтау;
• Конвенционалды соматикалық фразеологизмдердің коннотативті семантикасын сипаттау;
• Паралингвистикалық фразеологизмдердің спецификасын талдау;

Зерттеу нысаны. Қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиеттер мен сөздіктерде берілген қол-рука соматикалық фразеологизмдері.
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Салыстырмалы-типологиялық және конттрастивті талдау әдісі, соматикалық фразеологизмдердің ұлттық және универсалдылық қасиетін нақтылау үшін салғастырмалы талдау және лингво-мәдени әдіс.
Жұмыстың теориялық маңызы. Өзін-өзі тану арқылы әлемді ұлттық-спецификалық тануды сипаттайтын конвенционалды соматикалық фразеологизмдердің ерекшеліктері туралы лингвомәдени түсінікті кеңейту. Әр түрлі ұлт мәдениеті өкілдерінің пікірлесу арқылы қарым-қатынасқа түсу процесін қарастырумен байланысты пайда болатын мәселелер толып жатқан ғылым салаларын зерттеушілердің (психолог, философ, социолог, филолог және тағы басқалар) зейінін өзіне көптен бері ерекше аудартып келеді.
Қарым-қатынастың ұлттық мәдени ерекшеліктеріне байланысты мәселелерін көптеген зерттеушілер арнайы салаға бөліп қарастырады. Бұл орайда біз А.А.Леонтьевтің төмендегідей анықтамасымен келісеміз: ....пікір алысу арқылы пайда болатын қарым-қатынастың ерекшеліктерін арнайы салада бөліп қарастырудың мақсаты тек теориялық жағынан ғана емес, практикалық тұрғыдағы түсініктерімен де сипатталады.
Бұл жағдай ең алдымен әр түрлі елдер арасындағы мәдени байланыстардың шешуші мәселесі. Өйткені адамдардың іс-әрекеті мақсаты жайындағы айтайын деген пікірі туралы түсінігін, олардың әр түрлі ұлттық ерекшелігіне сәйкес ойлау ойлану деңгейін айқындап, адамдар арасында қарым-қатынасында, ұлттың әсіресе тілдік саяси мәселенің жүзеге асып шешілуі мүмкін емес».....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Ұйымдардың міндеттемелерінің есебі және аудиті

Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін еспке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындар өзінің қызметі барсында меншікті капиталмен қатар қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Табысты адамды қалай тәрбиелейміз

Көрген өнегесі мен алған тәрбиесінің арқасында адам табысқа жете алады. Баланың жетістікке жетіп, мақсатқа қол жеткізуі – ата-ананың берген бағыт-бағдарына байланысты. Жалпы, табыс деген не? Бақыт, денсаулық, өз еңбегімен жетістікке жету. Осы сөздермен баланы қанаттандыра білген ата-ана баласының еңбегін, жетістігін көре алады. Ата-ана тағы қандай бағыт бере алады?

1. Спортпен шұғылдану

Спорт – табысты адамға таптырмас серігу. Бала мұнда жауапкершілік, топ болып жарысу, топтың намысын қорғау секілді құндылықтарды боына сіңіре алады. Топ болып жарысып жүріп, бала жеңіс пен жеңілістің не екенін біледі. Спортқа деген ниеті бар бала қабілетті болады. Жеңіске жетіп, дандайсып ктепеу, жеңіліске ұшырап, тауы шағылмау.......
Кеңестер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Оқшы ата киелілер ордасы

Оқшы ата - киелілер ордасы
Қойнауы құпияға толы Сыр өңірінде көненің көзі де, бүгіннің өзі де бар. Қасиетті Сыр топырағы бүкіләлемдік тарихта өзіндік орны бар өлке. Ата - бабамыздың ежелден кіндік қаны тамып, ұрпағын өрбіткен киелі мекенінде бүгінгі кезеңде жадыңнан өшпейтін асылдың сынағындай небір мұраларымыз бар. Ежелгі өркениеттің белгісі ретінде сыры кетсе де сыны кетпеген ғажайып тарихи ескерткіштер мен мазарлар соның куәсі. Осындай тарихи мұраларды қорғау - халқымыздың сан мың ғасыр бастан кешкен тарихын, мәдениетін, өнерін, салтын, тілін қорғау деген сөз.
Осы бағытта тарихи - археологиялық және сәулеттік ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, сондай - ақ жұртшылыққа олардың құндылығы мен маңызын таныту, жас ұрпақ тәрбиесіндегі алар орнын арттыру жөнінде біршама іс - шаралар жүргізіліп отыр. Міне, осындай мұрағаттардың бірі - Оқшы Ата мазары, ал тарихи мәліметтерге сүйенсек, ол оғыз - қыпшақ заманының жәдігері болып табылады. Кезінде ұланғайыр іс тындырып, тіршілікке тұтқа бола біліп, кейінгі ұрпаққа ұлағатты үлгі еткен ұлы бабалардың аманатына адалдықты сақтау адамдық та, азаматтық та асыл парызымыз......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Я Ю әріптерінің жазылуы Буын

Сабақтың мақсаты. Я, Ю әріптері жазылуын еске түсіру. Й+у дыбыстарының орнына «Ю» й+а дыбыстарының орнына «Я» әрпі жазылатынын оқушылардың есіне түсіру, қайталау;
оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру;
Кездескен жаңа сөздердің мағынасын түсініп, дұрыс қолдана білуді үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға сөздерді сөз құрамына талдау.
ІІІ. Жаңа сабақ
а) түсіндіру Я, Ю әріптерінің жазылуы. Бын.
Я, Ю дыбысын қосарлы дыбыс екені. Й + а болып й + у болып естігістінін еске түсіру.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болатынын түсіндіру......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше – ертеңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш-қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын. Менің творчествомның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам.

Ғабиден Мұстафин.
Ғабиден Мұстафин мұрасы - 20-40 жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел- жұртының арман-тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді. Өз заманымен тығыз байланысып, күш-қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді кұрескер биігінен таймау -- Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті.....
Рефераттар
Толық
0 0