Шығарма: Жер бетінде бұзылмасын тыныштық!

Отаным, еркелегем өзге кімге,
Өзіңмен нені болсын көргем бірге...
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген күнде?
Ғ.Орманов.
«Отан отбасынан басталады» деген сөзде терең мағына жатыр. Себебі Отан мен ана деген егіз ұғым - адам өміріндегі ең басты қасиетті сөздер. Өз Отанына қызмет еткен, топырағынан қуат алып, асқақ армандарына құлаш созған ата-бабаларымыз дархан даланы келешек ұрпаққа мұра қылып қалдырған.Алып қазақ сахарасын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю- әр қазақтың міндеті және азаматтық борышы. Өйткені Отан деген тек өскен жерің ғана емес, ол-күнделікті отбасы, ошақ қасың, ауасын жұтып, суын ішіп, байлығын игілігіне жаратып, отырған кең-байтақ жерің, құрбықұрдастарың, ата-анаң, өмір сүріп жатқан туған елің. Қойнауы қазынаға, өрісі малға толы ырысты атамекенді қорғау, амандығын тілеу, ел болашағына жауаппен қарау, әрбір елім деген азаматтың перзенттік борышы.
Әр адам баласына туған күнінен жақын ең қымбат жан ана болса, есейген сайын «Отан, туған жер» деген ұғымдардың мәніне терең бойлап, үңіле бастайсың. Оны түсінген сайын, Отанның маңыздылығын сезінеді екенсің. Отанға деген ыстық сезімді өмір бойы адамдар жүрегінің бір түкпірінде сақтап жүреді.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі

Тіл тағдырына қамқорлық – әр адамның міндеті. «Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі» дейді Ж. Аймауытов. Иә, бүгінгі таңда күн тәртібінен түспейтін мәселе – ана тілдің бүгіні мен ертеңі. Өйткені ол – ана тіліміз, ұлттық тіл, тәуелсіз Қазақстанның мәртебелі мемлекеттік тілі. Оның бүгінін тұғырлы, ертеңін тағдырлы жасау – біздің жауапкершілігіміз.

Қазақ тілі – қоғамда заңмен бекітілген мемлекеттік тіл. Алайда барлық салада кеңінен қолданылады десек, онда кемшіліктерге көз жұмғанымыз. Егер қоғам азаматтары тілдің мәнін, рөлін бағалап, түсінсе, онда мемлекеттік тілді жиындарда пайдалану, құжат толтырудан бастап, қызмет көрсету терминалдарын қазақ тілінде сөйлету кезінде кемшіліктер орын алмас еді. Бұл – араздық тудыратын арзан айқай емес, тіл тарихы мен тіл мәртебесіне құрметті талап ету.

Тілдің ертеңі туралы ойымызды жинақтасақ, «Егер мемлекеттік тіл кеңінен қолданыс таппай қағажу көрсе, оның болашағы қандай болмақ?», «Өз ана тілінің қадірін сезінбеген жан ұлт тілінің сол ұлттың төлқұжаты екенін қалай түсінбек?» деген сұрақтар бой көтереді. Менің ойымша, қоғамдағы жауапкершілік әр адамның сындарлы ой қорытып, салауатты пікір тұжырымдауымен, яғни саналылығымен өлшенеді. «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» (А. Байтұрсынұлы). Бұған дәлел – XXI ғасыр басында 29 адам қажетсінбеген, тек бір адам ана тілім деп қолданып келген лив тілі. Жалғыздың жүрек соғысы тоқтағанда бұл тіл де ресми түрде өлді. Бұл – қасірет... Осыған жол бермей, тілді сақтау – әр ұлт перзентінің борышы......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Күкірт, оның оксидтері және күкірт қышқылы, сульфаттар және оның қасиеттері (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды өнеркәсіптік химикаттар
Сабақтың тақырыбы: Күкірт, оның оксидтері және күкірт қышқылы, сульфаттар және оның қасиеттері
Оқыту мақсаттары: 10.4.2.2 күкірт қышқылы өндірісінің процесін түсіндіру;
10.4.2.3 бұл процесті тепе – теңдік ретінде түсіну және жағдайдың өзгеруі мақсатталған өнімнің шығымына қалай әсер ететіндігін болжай алу;
Сабақтың мақсаттары: -күкірт қышқылының өндірісін біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Григорий Григорьевич Черкашин

Григорий Григорьевич Черкашин (22.11.1921, Ресей, Красноярск өлкесі, Рыбинск ауданы Рыбное селосы - 13.11.2006, Ресей, Мәскеу қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, ұшқыш-шабуылшы, звено командирі кейіннен подполковник 1937 жылы 7-сыныпты бітіргеннен соң Красноярск қаласында паровоз вагонын жөндейтін зауытта жұмыс істеген. Қолы бос кезде аэроклуб үйірмесіне қатысқан. 1940 жылы Алматы қаласына қоныс аударған. Мұнда ол аэроклубтағы оқуын бітірді. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, әуе училищесіне жіберілді. 1943 жылы Чкалов әскери авиация мектебін бітіріп, Р-5 және СБ ұшақтарын игерді. Содан кейін Куйбышев қаласындағы (қазіргі Самара) запастағы 1-ави- абригадада «Ил-2» штурмдық ұшақты игеріп, 672-авиаполкке .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Жалғыз қолды биллиардшы


Төркіні жақын қыз дамыл таппайды. Өзің тұратын қаланың тап іргесіндегі демалыс үйіне тынығу соған ұқсайды екен. Қаншама алаңсыз боламын дегенімен бола алмайсың, екі күннің бірінде сары портфельді салақтатын, қала қайдасың деп, тартып бара жатқаның.

Сенбінің кешінде үйге кетіп, мұнда бүгін оралсам, биллиардшы достарым ұясын аю талқандан кеткен арадай гу-гу етеді.

— Ойбай, осында тынығуға жалғыз қолды біреу келіпті, биллиардты ғажап ойнайды! Ұтпаған адамы қалған жоқ...

Жай ғана мықты биллиардшы келіпті десе, мен әрине, таңырқамас едім. Ал мынау өзі жалғыз қолды, өзі мықты биллиардшы. Жалғыз аяқты керемет жүйрік біреу келіпті деген секілді құлаққа сөкеттілеу естіледі. Кім екен деп, көріп - білгенше ынтық болдым.

Сөйтсем, жұрттың өрепкіп, әңгіме етіп жүргендері өзім жақсы танитын, ағарту мекемесінің бірінде үп - үлкен қызмет атқаратын биязы әсем жігіт Халел болып шықты. Meн, бірақ, оның биллиардшы екенін білмейтін ем.

Амандасып болысымен:

— Ау Халел, сені жұрт керемет биллиардшы дейді ғой? Сондай да өнерің бар ма? Мұндағы ойыншыларды жайпап салған көрінесің? — дедім.

Өзінен шашы бұрын қартайған буырыл бас Халел сыпайы ғана күлімсіреп:

— Е, біздікі деген жай ермек қой, — дейді.

— Ермегің мынадай болғанда, ермек емесің қандай? Мүмкін екеуміз ойнап та жіберерміз?

— Еркің білсін.

Міне, біз биллиард ойнайтын бөлмедеміз. Осында тәуір екі ойыншы болса, біріміз деп жүргеннің өзімін. Халелмен күш сынасып көруге ынталы - ақпын. Бірақ жалғыз қолды адам биллиардты соншалық ғажап ойнайды дегенге іштей сене де қоймайтын тәріздімін.

Халелдің оң қолы иық түптен жоқ, бары тек сол қол. Екінші дүние жүзілік соғыспен ол есепті солай айырысқан. Соғысқа бір қолын садақа етіп берген де, шыбын жанын аман алып қалған.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Қайран мұрын ай

Қасақана автобустың да кешеуілдеуін-ай! Қызметтің басталуына бес-ақ минут қалды. Қайта-қайта сағатыма қарап, берекем әбден қашты. Қысылтаяң осы бір шақта, бастығымның «жылдық есеп, столымның үстінде болсын» деген кешегі тапсырмасы есіме түсіп, одан бетер қатты үрейлендім. Оның әжімсіз, торсиған толық саусақтары тұмсығыма кеп оқыс тірелгендей болды.

Әйтеуір, автобус та жетті-ау! Есігі ысырылып ашыла бергенде, бір жамбастап әзер-мәзер ішіне ендім. Иін тірескен адам... Шымшыма шайпау сөздер құлаққа түрпі дей тиеді. Қап ішінде торсылдаған торайлар, қыт-қыттаған әтештер, бәрі де көк базарға бара жатқан дүние!.. Біреудің добалдай етігі балтырымды сүйкеп өтті. Автобус әр жерде бір аялдаған сайын, тұздалған балықтай біз сіресе бердік, сіресе бердік... Бастығымның қолағаштай жұдырығы көзіме қайта-қайта елестейді. Әлдене болмақ? Ой, тәубе, сақтай гөр! Алған билетімнің номеріне қарап едім,— бақытты билет! Бүгін жолым болады екен. Он бойымды шарпыған қорқыныш шегініс жасап, көңілім жай тапты. Әлдекімнің етсіз, епшіл саусақтары сырт қалтамды еркі .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Кісінің қабағы


Алдан енді осында келгеніне өкініп отыр. Өзі әлденеден қорыққандай қимылсыз отыр. Алданның ауылдағы бәлекей келіншегі мен бір-біріне іркес-тіркес дүниеге келген аюдың қонжығындай қос ұлына деп сатып алған заттары бар дорбасы аяқ киімдер шешетін жерде босағада сүйеулі тұр. Алданның қарны ашып-ақ отыр. Бірақ алдындағы үстелдің үстінде тұрған тамақты жеуге төрде төбедей болып ұзынынан түсіп сұлап жатқан еркектен батпай отыр. Өйткені осы тамақ та, дастарқанның иесі де - осы кісі. Алдан соның қабағына қарап отыр. Тамаққа қолын созайын десе, қасығы шық етіп ыдыстың шетіне тиіп кететін секілді. Алдындағы кеседе тұрған шайды ұрттайын десе, жұтқыншағы құлқ ете қалатын сияқты. Төрдегі еркектің мысы әбден-ақ басып, берекесі қашып отыр. Бағана ауылына баратын автобусы келемін дегенше, көшеден бірдеңе жей салмай, осы үйге келгеніне қынжылып-ақ отыр. Шай құйып отырған тарамыстай қатқан қара әйел Алданға бір-екі рет "шай іш" деп күбір етті. Төрде төбедей боп жатқан еркек қасықты толтырып алып, аузына асайды да, ұрты бұлт-бұлт етіп шайнаңдайды. Бір кезде аузына тамақты толтырып асады да, жағы сырт-сырт етіп шайнап отырып, Алданның арқа тұсындағы іргені көрсетіп "ім, ім..." деді. Алдан артына бұрылып қарағанда іргеге тақала жатқан газетті көрді. "Газет пе?" - деді Алдан. "Ім... Ім". Еркек шайнаңдап отырып, басын изеді. Алдан газетті қолын созып-ақ алып бере алатын еді. Бірақ, неге екендігі белгісіз, орнынан ұшып тұрды. Сөйтті де, жеп-жеңіл газетті қос қолдай көтеріп, алақанына салған күйі бейне бір мәртебелі мейманға қызмет жасап жатқан даяшыдай еркекке ілтипатпен ұсынды. Еркек Алданның мұнысына мән де берген жоқ. Газетті қолына алған күйі шынтақтап жатқан жастығының аржағына жая салып, жастықты бауырына жиып алған күйі етпетінен аударылып түсті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Беттегі қара дақтардан тез арада құтылуға арналған маска

Жарты лимонды аласызда, 1-2 тамшы бал тамызып, бетіңізге жағасыз. Әсіресе мұрынға, иек астына. Жағып болғанда қара дак көп жерге, лимонды ұстап коясыз. 5 минут өткенде салқын сумен жақсылап жуып тастайсыз.
Сіз сол сәтте нәтижесін байқай бастайсыз. Соған қоса лимон пигмент дақтарын ағартуға септігін тигізеді, ал бал бетті сəбидің терісіндей жұмсақ əрі əдемі болуына септігін тигізеді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ахмет Ясауи «хикметтеріндегі» сөздің морфологиялық құрылымы

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Тіл тарихын білмей тұрып, оның болашағын болжау мүмкін емес. Тіл өзінің дамып, қалыптасуы барысында талай ғасырларды басынан кешіреді. Тілдің қалыптасуының бір көрінісі ескерткіштер тілі болып табылады. Ескерткіштер тілін зертеудің маңызы – ол тіліміздің қайдан шыққанын, қалай пайда болғанын анықтап бере алады. Тіліміздің барлық нәрі осы ескерткіштер тілінде сақтаулы, яғни қазіргі тілімізіде қолданылып жүрген түбір мен қосымшалардың бастапқы тұлғаларын ескерткіштер тілінен көре аламыз.
Ахмет Ясауи тілін морфологиялық жағынан зерттей отырып, біз сол дәуірдегі тілдің қазіргі тілмен айырмашылығын, өзіндік ерекшелігін байқаймыз, яғни А.Ясауи «хикметтерінің» тілі қай дәуірде жазылса, сол дәуірдегі тілдің жай - күйінен хабар береді.
Зерттеудің нысаны: Жұмыстың зерттеу нысаны ретінде А.Ясауи «хикметтеріндегі» сөздің құрылымы алынды. Соның негізінде А.Ясауи тіліндегі түбір мен қосымшаны зерттеу көзделді. Сөз құрылымындағы ерекшеліктер қазіргі қазақ тілімен және тағы да басқа ескерткіштер тілімен салыстырылды. Қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін тұлғалардың шығу тегіне шолу жасалды. Бұлар мен қатар ескерткіштер тіліндегі сөздердің бір тобы бірікен-қосарлама сөздер назарға алынды. Сонымен қатар, ғалымдардың пікірлеріде зерттеу жұмысының бір нысаны ретінде қарастырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің негізгі мақсаты А.Ясауи тілінің грамматикалық ерекшелігіне сүйене отырып, оның қай тіл тобына жататындығы туралы нақты бір шешімге келу. Ол үшін тілдік тұлғалар басты назарға алынып, талданды. Түбірлердің қолданылу аясын анықтау. Қосымшалардың соның ішінде, зат есім, сын есім, етістік тудыратын жұрнақтардың сол дәуірде қолданылуын анықтау.
Жалғаулардың (көптік, септік, тәуелдік) өзіндік ерекшелігіне назар аудару, «Хикмет» тіліндегі сөз құрамын анықтау, яғни түбірден соң қосымшалардың жалғану тәртібіне көңіл бөлу. Сөздердің тағы бір тобы біріккен-қосарлама сөздеріне тоқталып, ескерткіш тілінде оның табиғатын қарастыру.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері – салыстыру, ғылыми тұрғыдан талдау.
Жұмыстың жаңашылдығы: Ескерткіш тілінде, қазіргі қазақ тілінде де кездесетін тұлғалардың қолданылу аясына тоқталып өтілді. Қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін тұлғаларға ғалымдардың пікіріне сүйене отырып сипаттама берілді.
Мұсылман әлемінде аты әйгілі, жаңа кезеңдегі сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер ақын, әрі ойшыл, философ Қожа Ахмет Ясауи артына мәні өшпестей аса елеулі мұра қалдырды.
Қожа Ахмет Ясауи ХІ-ХІІ ғасырларда Яссы (қазіргі Түркістан) шаһарының маңындағы Испиджаб (қазіргі Сайран) қаласында дүниеге келген. Жеті жасында жетім қалып, Арыстанбабтың тәрбиесінде болған. Өсе келе Бұқарға барып Хамаданиден сопылық ілімін үйренеді.
Қожа Ахметтің заманы түркі тайпаларының басы қосылып, құдіреті күшті елге айналуға бет бұрған, ислам дінінің үстемдік құра бастаған кезі болатын.
Бұл кез ІХ-ХІІ ғ аралығында билік еткен Қараханид әулетінің алғаш рет ислам дінін қабылдаумен бірге оны идеалогиялық деңгейге көтеріп, мұсылмандықтың жерсінуіне, жергілікті халықтың өзіне тән әдет-ғұрпы, салт - санасымен үйлесіп кетуіне де ықпал еткен заман болған. Түріктердің бұрынғы дәуіріне қарағанда, ислам діні өзін түркі халқының өміріне әлдеқайда икемді дін екендігін толық көрсетіп, түркі елін біршама жоғары дәрежеге көтере бастаған кез болатын.
Қара халықтан шығып «Хазіреті Сұлтан Шейх – ул-Ислам Қожа Ахмет Ясауи шайық» атанған. (Қазақтар оны көбінесе «Әзіреті Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи» немесе «Әзіреті Сұлтан» деп атайды). [2.29]....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0