Әңгіме: Артур Конан Дойл | Үш студент


1895 жылы кейбір жағдаяттар, - бұл арада оларға тоқталып жатпаймын, - мистер Шерлок Холмс екеумізді айтулы университет қалашықтарының біріне ат басын бұрғызды; біз онда бірнеше апта болып, тұрпайылау болғанымен тағылымы мол бір оқиғаға ортақтастық. Енді соны баяндап бергелі отырмын. Әлбетте, оқиғаның қай колледжде орын алғанын және қылмыскердің кім екенін оқырманның дәл анықтап білуіне мүмкіндік беретіндей егжей-тегжейлі деректер келтіру орынсыз боп табылады, оның үстіне бүл намысқа тиетін нәрсе. Мұншалықты масқара оқиғаны жылы жауып қоя салғаннан келіп-кетер ештеңе болмас та еді. Алайда тиісті дәрежеде сыпайыгершілік сақтай отырып ол турасында айтып берудің артығы жоқ, өйткені бүл оқиғада досымның таңғаларлық қабілет - мүмкіндігі жаңа қырынан танылған-ды. Айтқалы отырған әңгімемде мұның қай жерде болғанын немесе кім жайында сөз боп жатқанын аңғаруға септік жасайтын жайлардың бәрінен орағытып өтуге тырыспақпын.

Біз кітапханаға таяу маңда орналасқан, жиһазбен жабдықталған бөлмелерде тұрып жатқанбыз. Аталмыш кітапханада Шерлок Холмс ежелгі ағылшын хартияларын зерттеумен шұғылданып жүрген - ізденістерінің қайран қыларлық нәтиже бергені сонша, бұл менің болашақта жазатын бір әңгімемнің тақырыбына айналуға әбден татиды - ақ. Бір жолы кешкісін бізге танысымыз, Әулие Лука колледжінің оқытушысы, мистер Хилтон Сомс келді. Мистер Сомс ұзын бойлы, жұқалтаң адам еді және қашан кездестірсең де ашушаң, ызақор біреу секілді әсер қалдыратын. Ал бүл жолы жүзі тіптен түтігіп кеткен-ді, соған қарап әлденендей бір төтенше жағдайға тап болғанын аңғару қиын емес-ті......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Аянаның табысы


- Сайынованың шәкірті не болды?

Директордың бөлмесінде отырған Баянбаеваның осында кіргендегі көңілі пәс тартты. Әлгінде ғана қалалық жарыстан озып шыққан шәкірті Аянаның табысы директор ханымды аса қуанта қойған жоқ. Баянбаеваның алабұртқан көңілі осыған сап басылды.

Директор сұрағын тағы да қайталады:

- Сайынованың шәкірті не болды?

- Сайынова... - Баянбаева директор ханымның көңіліне қарап кібіртіктеп қалды. - Сайынованың шәкірті қалалық жарыстан өте алмады.

Сол-ақ екен, директордың қабағы қарс түйіліп кетті.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мұғалімнің талабы


Сыныпқа орта бойлы, дембелше денелі, сәнді киінген қара торы жігіт кіріп келгенде, оқушылар "бұл кім еді?" дегендей, бір-біріне таңданысып қарап қалды. Жігітті сонан соң барып шырамытты. Бұл келіп тұрған мынау сабағын бастағалы тұрған жас мұғалима ұстаздың жұбайы еді. Жігіт жолдасының жанына барып тұрды да: "Қайсысы, қане, тыныш отырмай жүрген?!" - деді. Балалар бір-біріне қарап жымың-жымың етісті. Мәселе түсінікті еді. Бұлар - ерлі-зайыпты жас, тату отбасылар. Екеуі де - жоғары білімді маман. Демек, сыныпқа сабақ беретін жас апай жолдасына сыныптың өзіне қиындық келтіріп жүргендігі туралы аз-маз бірдеңе айтқан болу керек. Ал жұбайын сыйлайтын жігіт оларды ертең барып тәртіпке шақырып бергісі келсе керек. Бірақ балалар бұл жігіттен ығысқан жоқ. Себебі олар сыныпқа ешуақытта да үшінші бір адамның кіріп, араласуға болмайтындығын жақсы біледі. Сыныпта тек мұғалім және оқушылар болады. Мұғалімнің жұмысына ешкім келіп сырттан араласпайды. Мысалы, мына жұбайдың жолдасы осы жерде мұғалім болған жағдайда да.

Рас, кейде өз мұғалімінің мүддесін қорғап, сыныпқа завуч немесе директордың кіретіні бар. Балалар мұның өзінің де артық екендігін іштей сезіп отырады.

Себебі сыныпта басты тұлға - тек мұғалімнің өзі.

- Қойсаңдаршы! - дейді мұндайда қыздар. - Жетті ғой қылжақтарың! Қазір тағы да директор келеді енді.

Сыныпқа директор келе жатады.

- Қайсысы, қане, отырмай отырған?! Еділбаев па?! Бұл класта бірдеңені бастайтын Еділбаев қой?!

- Бәрі, - дейді мұғалима орамалын көзіне апарып. - Ер балалардың бәрі.

- Мынау да ма?! - Директор саусағымен бірінші сыныптың баласындай болып, партадан бойы асар-аспас боп отырған баланы көрсетеді.

- Әй, саған дейін де басынайын дедің бе бізді?! Бұл сыныптың ер балдарын түгелдей колонияға жіберу керек қой. Сонда біледі бұлар мұғалімнің талабына бағынбау дегеннің не екенін! Мектебін сағынып жылайтын болады әлі! Өмір сені бағындырады! Өмір деген саған
мектеп пен мұғалім емес, басыңнан сипап отыратын. Сабағыңызды өткізе беріңіз, - дейді директор сонан соң мұғалимаға. - Бұлармен жеке-жеке сөйлесу керек.

Сынып сол күні тыныш отырады. Келесі сабақта да солай. Ал одан кейінгі сабақта баяғы әуенін бастайды.

Мұғалімнің талабына бағынбаған бір бала кейін өзі жігіт болып, әке атанғанда: "Сол кездегінің бәрі ақымақшылық екен. Мұғалімнің талабына бағыну керек екен. Мектепте он жыл оқисың ба, он бір жыл оқисың ба, сол өзің оқыған мектеп өзің жайлы бір ауыз жылы сөз айтпаса, сол уақытың босқа кеткенмен бірдей", - депті. Өзі оқыған мектебінің өзі жайлы бір ауыз сыртынан айтқан жылы сөзіне қуаныпты.

Әлгі жас мұғалима кейін басқа мектепке ауысып кетсе керек. Оның орнына келген дәл өзіндей жас мұғалима сыныпты шырқ үйіріп алып кетіпті.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру

Тақырыптың өзектілігі.
Елiмiздiң нарықтық қатнасқа өту жағдайында несие халық шаруашылығының дамуының негiзгi факторы болып табылады.
Осы орайда экономикалық өсуді қаржыландырудың маңызды факторларының бірі – банктік несиелеудің дамуы екендігін атап өту керек. Әр түрлі экономикалық секторлардағы барлық дерлік кәсіпорындар өз қызметін жандандыру үшін, айналым қаражаттарын және негізгі қорларын толықтыру үшін банктік несиені алады.
Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар бар, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады. Бұл экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежеп қана қоймай, банктік секторлардың несиелік және валюталық тәуекелдерге ұшырау мүмкіндігін күшейтетін банктік жүйе мен несиелеудің дамуына бірқатар теріс факторлардың әсерімен байланысты. Соңғы жылдары Қазақстанда банктік несиелеудің күрт өсуіне қарамастан, оның ЖІӨ-ге қатынасы әлі де төмен болып отыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтың объектісі қызметі

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясы 6 - шы бабының 1 - ші тармағында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншікті танып, оның бірдей қорғалуын бекітуі/1/ және мемлекетіміздің экономикалық даму жолы жоспарлық экономикадан нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық катынастардың жаңа толқынының пайда болуына алып келді. Дамыған нарықтьщ экономикалық елдерде дәстүрлі қалыптасқан қызмет қатынастарын кұқықтық реттеуде алдыға шықты. Кеңестер одағы кезінде қоғамда калыптасқан көз қарастарға сәйкес қызмет тек халыққа қызмет көрсету түрлерімен шектелді. Қызмет қатынастарының басқа түрлері танылмады. Қоғамдық қатынастар алдымен пайда болып, дамыған соң қүқықтық рәсімделуге жатады. Азаматтық кодексте алғаш рет азаматтық қүқықтардың объектісін жеке қарастыруы осының дәлелі бола алады/2/.
Корғауға шығарылатын негізгі мәселелері: Осы жүмыста қорғауға шығарылатын келесі мәселелер болып:
- қүкықтарды қорғаудағы мәселелерді ашу;
- қызмет мәселелерін қарастыру және қүқықтық анықтамасын беру табылады.
Ғылыми жүмысты зерттеудің әдістемесі. Зерттеу барысында ғылымдық танымның жалпы әдістері, салыстырмалы - қүқықтық талдау, функционалды күқықтық талдау, дедукциялық және индукңияльщ әдістерді, жүйелі, тарихи амалдар сияқты арнайы ғылыми әдістер және т.б. қолдан...
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Филология | Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы көрінісі

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол адам баласының ғана келбетін, даму сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен бірге қоғамның да ілгерілеуін, алға қадам басуын, көркеюін көрсетеді. Тіл – адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл – ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те өнер де материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан – дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден – ақ пайдаланылған.
Ғалым – ұстаз Ш. Бектұров тілдің қызметі туралы төмендегідей ой – пікір айтады: «Жалпы тілдің қоғамдық қызметімен қатар, ойды жарыққа шығару қасиеті де бар. Әрбір адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы айтып жеткізеді, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Сонымен тілге анықтама беруде, тілдің әлеуметтік, яғни адам қоғамына қызме етуі және ойлаудың, ойды жүзеге асырудың құралы екендігі негізге алынады. Тілдің қатынас құралы болу қызметін қарым – қатынас коммуникативтік қызметі десе, ал оның ойды жүзеге асыру қызметін көркемдеуші, бейнелеуші экспрессивтік қызмет дейді».
Тілдің бұл екі қызметі – қарым – қатынас коммуникативтік қызметі мен көркемдеуші бейнелеуші экспрессивтік қызметі - өзара бір – бірімен тығыз байланысты, бірі екіншісін тудыруға себепкер. Мысалы, басқа тілді үйрену үшін адам, ең алдымен, сол тілде сөйлейтін адамдармен қарым – қатынас жасау әрекетін бастайды. Әбден үйреніп алғаннан кейін ғана сол тілде ойлап, ойын жарыққа шығарудың құралына айналдырады.
Әрбір құбылыстың өзінің шығу және даму тарихы болатыны тәрізді тілдің де шығу тарихы бар. Кейбір тілдер ерте туып, бірақ кейіннен келе – келе қолданудан шығып жатса, енді бірқатары ілгері басып дамиды. Осындай қолданудан шығып қалған тілдерді өлі тілдер немесе көне тілдер деп атайды.
Бүгінгі таңда, күнделікті өмірде қолданылып жүрген тілдерді тірі тілдер немесе қазіргі тілдер дейді. Әр мемлекеттің өз ішінде көбірек қолданылып, мемлекеттік маңызы бар іс қағаздары негізінен осы тілде жүргізілуі тиіс тілдерді – мемлекеттік тіл дейді. Мәселен, бұған қазіргі қазақ тілін жатқыза аламыз.
Бітіру жұмысында қазақ тілінің әлеуметтік қырлары, қолданылу аясы кеңінен сөз болады. Қазақ тілінің саласында тер төгіп жүрген ғалымдардың нақты тұжырымдарына сүйене отырып, мемлекеттік тілдің заңдық тұрғыда қолданылуын бағдарладық.
Жұмыстың көкейкестілігі: Мемлекеттік тіл тақырыбы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені мемлекеттік тіл – біздің бүкіл халқымыздың ортақ тілі, тарихы талай ғасырлардан бері келе жатқан құбылыс. Мемлекеттік тіл бірақ дәл қазіргі кездегідей бұрын – соңды мүшкіл халді бастан өткеріп көрмепті. Ана тіліміздің бүгінгідей жағдайға түсуі қазақ халқының ұлттық, отаншылдық сана – сезімінің қандай деңгейде екенін көрсетеді. Бірақ мемлекеттік тілдің құлдырауы бұлай жалғаса беретін болса, қазақтығымызды, елдігімізді мүлде жоғалтарымыз ақиқат. Сондықтан бұл жұмыстағы негізгі ой қазақ тілінің өткір мәселелерін жан – жақты ашып талдау болатын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Мекемеде еңбекақы төлеу механизмін жетілдіру жолдары

Нарықтық экономика, сонымен қатар қазіргі таңдағы кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін анықтайтын экономикалық механизмдердің бірі - еңбекті мөлшерлеу, еңбек нарығын зерттеу, еңбек ақыны және оның рөлін жоғарылату объективті қажеттілік болып табылады. Жұмыс берушілердің кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табысы мен жалданбалы жұмысшылардың жалақысы шығарылған өнімінің өтіміне, оның бағасына және өзіндік құнына байланысты, былайша айтқанда, рынок тауарларының көбеюіне, сұрыпталымының ұлғаюына, тұтынушылардың сұранысына және олардың сапасы мен бағалылығына байланысты. Оған еңбекті мөлшерлеу механизмдерін дұрыс басқару және оны дұрыс қолдану арқылы жетуге болады. Сонымен еңбекті мөлшерлеудің басты міндеті өнімнің өлшем бірлігінің нақты жұмысты орындауға кететін уакыт шығынын нормативті негіздеу.
Тәжірибе көрсеткендей, еңбек шығындары ресурстардың шығынын төмендетуге, үнемді пайдалануға әсер етеді. Өнімнің өлшем бірлігінің шығынын төмендету кәсіпорынның қосымша табыс табуын жоғарылатады. Кәсіпорындардың қызметтерінің жалпы экономикалық нәтижесі мен еңбекті қолдану нәтижелілігінің өзара байланысы еңбек шығындарының төмендеуін қажет етеді де, кәсіпорындардағы еңбекті мөлшерлеумен айналысатын қызметтердің ролі жоғарылатады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстандағы лизингтік несиелеудің жүргізілу барысы

Кіріспе
Бүгінде еліміздегі экономокалық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі - «лизинг» тақырыбының кең орын алуы.
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң, икемің және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт, фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай, өмір сүруден қалып, тоз - тоз болып кетті. Яғни белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда, олардың құрал - саймандары яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Психологиялық іс әрекетің проблемалары

Барлық тіршілік иелері қоршаған әлеммен өмірге маңызды байланыстарды бірқалыпты ұстап немесе түрлендіре отырып, өзіндік жауап қайтара алады. Адамның іс-әрекеті - күрделі құбылыс. Оның түрлі жақтарын әр түрлі ғылымдар зерттейді. Ал қоғамдық мағынасы - қоғамдық ғылымдардың пәні, физиологиялық механизмдер -физиология пәні болып табылады. Психология - іс-әрекеттің психикалық жағын зерттейді. Белгілі бір өнім адамның іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді.
Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып - оның мағыналығы саналады. "Мағынасыз әрекет" деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Іс-әрекеттің мағынасыз болуы мүмкін, бірақ іс-әрекетгі ғылыми зерттеу оның мағынасының ашылуын талап етеді.
Психологияны жекелеген іс-әрекеттің несі кызықтырады? Оның
сараптамасының объектісі болып - іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі
жеке адам саналады. А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, іс-әрекет -
құрамына психика енетін, объекті мен субъект арасындағы шынайы
байланыс. Жеке адам қандай да бір іс-әрекетгі орындай отырып,
қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды, зейін салады, оның үрдісі
кезіиде адамда эмоциялар пайда болады, еріктік қасиеттер көрінеді,
қатынастар, көзқарастар қалыптасады және т.б. Орындалуы кезінде
адам қабылдамайтын, ойламайтын, уайымдамайтын іс-әрекеттің
болуы мүмкін емес. Егер жеке адамда әрекетті қоздырушы мотивтер
болмаса, оның мақсаты болмаса, өзінің әрекетіне себеп болатьш
нәрселерді немесе модельдерді қабылдамаса, егер ол нені қалай істеу
керек екендігін есінде сақтамаса онда іс-әрекет жүзеге аспайды.
Қыскаша айтқанда, психикалық деп аталатын, адамның күйлерінің,
ерекшеліктерінің жэне үрдістерінің жүйесі іс-әрекетте білінеді,
дамиды, қалыптасады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Монополиялар түрлері, түсінігі, ерекшеліктері

Кіріспе
Монополия (грек. monos — жалғыз және poleo — сатамын) — 1) бір нәрсені иемденуге немесе қандай да бір іс-әрекетті орындауғы деген ерекше құқық; 2) капитализмге тән белгілі бір саладағы билік; 3) бір заттың мемлекетке, ұйымға, фирмаға, жеке адамға және т.б. жинақталуы.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда монополиялық державалар өз мемлекетінде немесе дүние жүзінде бәсекелес компанияларға қиындық туғызуда. Ал бәсекелестік болмаса, онда алға даму да баяу жүретіні белгілі. Тұтынушылардың олардан шегетін негізгі зияны — компаниялардың қалауынша қойылатын бағалар. Бағалар еркіндігі де бәсекелестіктің болмауынан туады. Осының салдарынан тұтынушылардың таңдауы да шектеледі. Ал бұл өз кезегінде елдің әлеуметтік жағдайы жағынан нашарлауын көрсетеді. Монополиялық билік ұсыныс пен сұранысқа да үлкен әсерін тигізеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындалуда. Бұл елдің отандық өнім өндірушілерінен жоғарғы деңгейдегі дайындықты талап етеді. Егер елде тек монополиялық компаниялар болса, онда олардың бәсекелестікке төтеп бере алуы мүмкін деуге болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0