Оразалы Қожамжарұлы батыр (1826, Іле бойындағы Жайпақ деген жер – 1913, Шу өңірі) – Қоқан хандығына қарсы күресте қол бастаған батыр.Ұлы жүздің дулат тайпасының Ботбай руынан. Жас кезінде ел-жұртымен бірге Шу бойындағы Қарақыршын деген жерге қоныс тепкен. Ер жеткен кезінде Сыпатай батырмен бірге тізе қосып, қоқандықтарға қарсы күресте оның сенімді серігі болды. Өзінің ел-жұртын Шу өзенінің бас жағындағы Ақсу .....
Жәлменде Байшығашұлы (1846, Алматы облысы Қаратал өзенінің төменгі сағасы — 1901) — би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының арықтыным-байшегір тармағынан шыққан. Жәлменде 12 жыл болыс, 9 жыл би болған. Қоянды жәрмеңкесінде Абаймен кездесіп, жақын танысады. Ұржарда өткен 7 уезд өкілдері бас қосқан съезде түйіні қиын мәселелерді шешуге Абай Жәлмендені шақыртады. Жол аяғы қашықтықтан 2 — 3 күн кешігіп барғанымен, съезді Жәлменде би ашады. Съезде хатшылықміндет атқарған Абай Жәлменденің сөздерін уезд бастығы Лосовскийге аударып отырады. Уезд бастығы осы жиында Жәлменденің басшылығымен шығарылған ережені өзгеріссіз бекітіп, оған атқарған адал еңбегі үшін алтын медаль береді. Жәлменде қырғыз Шәбден төре, қазақ халқының белгілі адамдары Бөлтірік шешен, Маман бай, Есімбек Тәнекеұлы, Бақтыбай Жолбарысұлымен етене араласқан. Ж. 1901 ж. қажылыққа барған сапарында Мекке мен Мәдиненің .....
Жаңылмасам, шілденің 10-ы күні Албанның мен деген адамын ақжелке пристав Подборков Қарқарада алдына шақырды. Барлығымыз 20-дай кісіміз. Шақырғанда айтқаны: «Мына Қарқара жәрмеңкесінен сарт-ноғайдан, саудагерден 50-дей қара жоғалды. Осының бәрін ұрлап жатқан - қазақ. Болыс-болысқа бөліп алып төлейсіңдер», — деді. «Қарқара қазақ жері болғанмен қазынаға қарайды, бәрімізге ортақ. Төлемейміз», — дедік. Аяғында сөз ерегіске кетіп, пристав тақтай тепкілесе де біз қасарысып отырып алыстық. Пристав бастығын Жәмеңке, Ұзақ қылып 21 кісіні абақтыға қамады. «Түбі осы малды төлемесеңдер сендерді өлтіретін ыңғайы бар», — деп приставты маңайлаған адамдар айтып жүрді. Біз қорыққанымыздан «төлейік» деп уәде қып босанып, 30000 теңгені Албаннан алып бердік.
Ақшаны алып болған соң, ақжелке жігіт сұрады. Біз оны «көп біледіге» сүйеп жүріп кетістік.
Онда Албан екі учаскеге қарайтын. Тараншылармен қосып тоғыз болыс елді Қалжат приставы сұрайды. 5 болыс елді Нарынқол приставы сұрайды. Нарынқол приставы бізді Қырғызсай қаласына жігіт алуға жауапқа шақырды.Пристав: «Кісі бересіңдер ме, жоқ па?» — деп сұрақ қылды. Біз «жеке мұндай ауыр жұмысты ашып айта алмаймыз. Біраз күн мәулет бер, біз көппен ақылдасып, жауап берелік», — дестік. Пристав бізге біраз күн мәулет беріп, Алматыдағы жандаралға білдірмек болды және сол жерде пристав соғыс пайдасына жәрдем сұраған соң жанымыздан 1000 сом ақша жинап бердік. .....
Балалар өте көңілді... Жұбайым түске дейін бес рет жылады. Мен оған түсінбей отырмын...
Менің әкем төрт рет үйленген кісі. Тірі болса ол кісі 107-ге толар еді. Ол кісінің кейінгі жұбайы биыл жетпістің сегізінде. Ол кісіні мен шеше тұтамын. Шешем алжи бастаған кемпір. Бұрын билеп үйреніп қалған кісі, «ауру қалса да — әдет қалмайды» дегендейін, осы уақытқа дейін үй ішінде үстемдігін жүргізгісі келеді...
Бірнеше мысал.
Қарт адамның ұйқысы сергек болады. Ол кісі тұра салысымен таң сәріде самаурын қояды. Біз ұйықтап жатамыз. Самаурыны біресе өшіп, біресе жанып жатады... Сиырын сауып, сүтін сепараторға бұрап қаймақ, май істеп қояды... Біз ұйықтап жатамыз... Самаурынын кемпір қайта тұтатады. Біз әлі тұрмай жатырмыз...
— Жаға берсең, самаурынға отын да шақ келмейді екен, — депті кемпір бір жолы азанғы шай үстінде. Оны менің жұбайым көңіліне ауыр алады.
Біздің балалардың ауылда жаңа өспірім туысқандары көп.
— Пошли к нам ужинать! — деп кеш сайын балаларын ертіп келеді.
Ержан қызығып, осындай да дәрі болады екен-ау деп, қайран қалды.
— Дәрігер берді. Соңғы күндері мазасыз ұйықтайтын болып жүргенім. Енді біраз күн осыны ішіп көрейін деп отырмын.
— Жаке, маған да біреуін берші, — деп өтінді Ержан.
— Оны қайтесің?
— Мен де жұтып көрейін.
— Мұның саған не керегі бар? Онсыз да төсекке басың тиер-тиместен қор ете қаласың.
— Жәкетай, біреуін ғана! — деп, Ержанның ынтызары арта түсті.
Борекең ұлының меселін қайтармайтын көңілшек адам.
— Мә, жұтсаң жұта ғой, — деп Ержанға ол дәрінің бір түйірін берді.
Ержан әкесінен аса бір қымбат зат сыйлыққа алғандай қуанды. Рақмет айтты да, жүгіре шығып, әжесінің бөлмесіне барды. Әжесі екеуі осы бөлмеде ұйықтайды.
— Әжетай, төсек салып бере қойыңызшы, мен кәзір мына дәріні жейін де қатып ұйықтап қалайын.
Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» демекші кәсіп таңдап, жұмыс табу үлкен өмірге қадам басқан жастардың басты мұрат-мақсаты десек артық етпес. Кәсіп - өмірдің ең маңызды бөлігінің бірі, өйткені өмірдің едәуір бөлігі, күннің 7-8 сағаты сонда өтеді. Сондықтан кәсіп таңдау мұны ескеріп мұқият болуды талап етеді. Бұл тақырыпта ата-ананың, ағайынның, мұғалімнің, өмір жолында тәжірибесі мол аға-әпкелерден кеңес алған жақсы болады. Сондай-ақ өзінің табиғатын, қабілетін, мінезін, нендей іспен айналысуды ұнататынын ескеруді назардан шығармау керек.
Психология ғылымдарының PhD докторы Бейсембаев Ғани Бектайұлы осы тақырыпта ата-аналарға мынадай үндеу айтады: «Әуелі балаңыздың белгілі бір іске не кәсіпке қызығушылығы мен әуестігін еске түсіріп көріңіз. Екіншіден, балаңыздың бойындағы қарым қабілет пен бейімділігін сырттай байқап қараңыз.Осы зерттеуіңізді ой зердесінен өткізіп алыңыз. Мұндай қадам, балаңыздың мамандық таңдаудағы шешіміне оң ықпал етуіңізге көмектеседі. Ал қалыптасқан отбасылық дәстүр мен ата-ана ретіндегі өздеріңіздің арман тілектеріңізді басым бағыт ретінде қарастырмағаныңыз жақсы. Мамандық таңдауда ата-ананың қалауы мен баланың таңдауы көп жағдайда сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өзіңіз әлпештеп отырған балаңызды жүрек қалауы болмаған мамандықты таңдауға мәжбүрлеу оны өмір бойы бақытсыздыққа душар етуі мүмкін.»
Әр түрлі маман иелерінен қандай жағдайда жұмыс істейтінін, қандай ауыртпалығы, қандай артықшылықтары барын сұрап, мүмкіндік болса барып өз көзімен көріп, толық бір күн сол маманның жанында болудың пайдасы бар. Бұл іс ыңғайлы ма, жоқ па деп оқыған, естіген, көргендеріңді, өз қабілеттерің мен мүмкіндіктеріңді саралап, мүмкіндік болса кәсіби бағдар беретін арнайы мамандардан кеңес алып барып таңдау жасаған жөн. .....
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік мемлекеттің негізі ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік қызметінің ерекшеліктері, мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері, мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі, мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру мен дамытудың жолдары, Қазақстан - әлеуметтік мемлекет, әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі қарастырылады. ....
Мектептегі дене тәрбиесінің басты міндеті дене тәрбиесі, спорттың бұқаралық түрлері жөнінде оқушыларға қажетті білімдер беріп, дағдыларға үйрету және осының негізінде мектеп оқушыларының күш - қуатының, жаң – жақты дамуына және. Отанымызды қорғау үшін қажет болатын қимыл жасау дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, негізгі қимыл сапаларын - өмірге қажетті күш, жылдамдық, төзімділік пен ептілік сапаларын тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорт саласында оқушыларға арнаулы білімдер беру, гигиеналық әдеттерді бойына сіңіру: бірқатар моральдық және ерік сапаларына тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті және спортпен үнемі шұғылдану әдісіне тәрбиелеу: оқушылардың бойында мектеп ұйымдастырушылық дағдыларды сіңіру. Оқушысына дене тәрбиесін беру міндеттерін шешуге ең алдымен көмектесетін нәрсе мынау: еліміздің барлық азаматтарының денсаулығын нығайту – мемлекеттік міндет, ал бұл міндет елімізде денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету жүйесін дамыту жөнінде бірқатар шаралар жүргізу арқылы шешілуде. ....
КІРІСПЕ Соңғы кезде Қазақстанда өнеркәсіп шикізаттарын өндіру мен қатар ауыл шаруашылық секторын дамыту туралы шаралар қолға алына бастады. Әртүрлі тағамдық заттардың ішінде сүттің және одан жасалған тағамдардың адам тіршілігі үшін маңызы өте зор. Бір жағынан сүт адам организіміне қажетті алмаспайтын аминқышқылдары мен құнды белоктардың негізгі көзінің бірі болып табылса, екіншіден, бұл заттардың тамақтану рацимонында жетіспеушілігі организімнің өсіп дамуына кері әсер етіп, әртүрлі ауруларға соғуы мүмкін. Сондықтан бие сүтінің химиялық құрамын оның физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу бие сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтайды. Біздің елде бие сүтінен оның ферменттік өнімі қымызды өңдейді. Ферменттену процесі кезінде бие сүтінің химиялық құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл биохимиялық өзгерістер сүт қышқылы бактерияларының әсерінен жүреді. Содықтан ферменттік процестерді жүргізетін сүт қышқылы бактерияларын қымыздан бөліп алып, олардың физиоло-биохимиялық, антагонистік қасиеттерін анықтап, бие сүтіндегі ферментативтік процестерді ретттеуге болады. осыдан организмге пайдалы өнімнің технологиясына нұсқау жазуға болады. Жүмыстың мақсаты: бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактерияларын бөліп алып, айқындап, қасиеттерін анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады: ....