Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару негіздеріне сүйене отырып, инвестициялық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдаулың бастапқы негіздерін игеру болып табылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқарудың негіздері, инвестициялық саясатты қалыптастырудың және жүзеге асырудың принциптері қарастырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: С дыбысы және әрпі

Мақсаты: Жаңа С дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. С дыбысы бар сөздер айтып, талдау.
Білімділік: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: С дыбысы мен әрпін оқыту арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа және ойын толық жеткізіп айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер,«С» әрпінің баспа түрі, саңырауқұлақтар.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір - біріне жылулық лебізін білдіру.
Армысың алтын күн!
Армысың асыл жер!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Мінекей менің қолым!
- Балалар өткен сабағымызда қандай дыбыспен танысып едік? «Б» дыбысынан басталатын кім көп сөз айтады? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Уақытты бағдарлау

Сабақтың мақсаты: жалпы өлшеуішер туралы бағдар беру.
Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру. Уақытты бағдарлай біліп қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдер:: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу
Көрнекіліктер:: суреттер, әліппе - дәптер, жұмбақтар, элек. сұрақтар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалармен амандасу
- Балалардың сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлату.
- Балалар бірінші сабағымыз қарапайым математика түсініктері.
Жаңа сабақ: .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менеджмент | Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі

Бүгінгі таңда ДСҰ мүше елдерге қойылатын басты талап- өнім сапасының жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету екені анық. Осыған байланысты Ресейде сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын жан жақты жетілдіру алға қойылған. Сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету нормативтік құжаттар сериясы түрінде рәсімделуі қажет, мысалы, кәсіпорынның стандарты түрінде. Өнімді шығарғанда метрологиялық сараптама, өлшеу әдістерін өңдеу, стандартталмаған өлшеу құралдарын аттестаттау, дайындағаннан бастап қабылдау бақылауына дейінгі өлшеу жүйелері сияқты сұрақтарға қатысты болуы керек.
Әрекет етуші өндірісте бұл- өлшеу құралдарын салыстырып тексеру немесе калибрлеу. Аталған барлық құжаттар сапа жүйесін қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болуы қажет. Бұл құжаттар осы өндірістің шығарып отырған өнімінің сапасын тексеруге толық мүмкіндігі бар екенін және өлшеу нәтижелерін нақты, дәл екеніне толықтай дәлел болуы қажет.
Бұл жұмыста осы сұрақтарды толықтай қамтыдым және маңыздылығын ашып көрсетуге тырыстым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Үндестік)

Ұмтылыс бар,
Жылжу бар,
Жүгіріс бар,
Кедергі бар,
Тосқауыл,
Кідіріс бар.
Ештеңе жоқ дегеннің өзінде де
Айналамыз толған бір құбылыстар.

Өзен,
Ағаш,
Құм,
Шөбің тілдесіп бір,
Жапсырында жартастың....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Сиыр)

Ай менен күні толғанда,
Ішінде бейне бұлт бунап,
Сыйдырмай жанын жалғанға
Басталып берді бір толғақ.

Жанардан жасы бұршақтап
Сұрады жанын Алладан.
Қазығы босап....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық,әдістемелік мәселелер туындайды.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Жошы хан

Жошы хан — Шыңғыс ханның үлкен үлы, моңғол крлбасшысы. Алтын Орданың негізін салушы. Шешесі — коңырат тайпасының қызы Бөрте.
Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте түтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан өйелін Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен түтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның үлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Фенолдар

І. КІРІСПЕ
Фенолдар - әдетте суда қиын еритін кристалдық заттар. Су буымен қоса ұшады. Өзіне тән иісі бар. Антисептиктер болып табылады, улы, теріге тисе күйдіреді. Сумен әуелгі фенолдан гөрі балқу температурасы төменірек кристаллогидраттар құрады. Фенолдардың реакцияға өте қабілетті гидроксил тобы мен ароматик ядросы бар. Фенолдар спирт немесе судан гөрі едәуір үлкен қышқылдық көрсетеді, алайды қышқыл есебінде олар көмір және карбон қышқылдарынан әлсіздеу. Мысалы, сірке қышқылының диссоциациялану константасы 1,8∙10-5, көмір қышқылынікі 4,8∙10-7, көгерткіш қышқылдікі 7,2∙10-10, фенолдікі 1,3∙10-10 және судікі 1,8∙10-16. Сондықтан фенолдар күйдіргіш натрдың ерітіндісімен әркеттесетін феноляттар түзеді, бірақ натрий карбонатынан СО2 ығыстырып шығара алмайды. Спирттермен салыстырғанда фенолдардың үлкен қшқылдығын оттек атомының бөлінбеген электрондар жұптарының ядроның электрондарымен әрекеттесуі арқылы түсіндіруге болады. Мұндай қосарлану оттек атомындағы электрондар тығыздығын азайтады және спирттердегіден гөрі фенолдарда протонның үлкен қозғалтқышын туғызады. Темір феноляттардың комплекстік сипаты бар. Олардың ерітінділері қанық қанық боялған. Фенол FeCl3 ерітіндісімен күлгін түске, крезолдар – көк түске боялады.
Фенолдарға, әсіресе мыс ұнтағының қатысуымен, галогекн туындылардың феноляттары әсер еткенде, сондай-ақ фенолдарға алкилсульфаттар, сульфоқышқылдардың эфирлері немесе диазометан әсер еткенде, фенолдар гидроксил топтағы сутек атомының арқасында оңай алкилденеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Банктің несиелік саясаты

Несиелік саясат банктің несиелік қызыметінің міндеттерін,оларды іске асыру құралдары мен әдістерін,сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саяасат-баніктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажеті құжаттар жүйесін жасау шартары.
Кең мағанасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағанасында, несиелік саясат- бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саяасат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы
стратегиаларына сай ұйымдастыру негізіне және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүесін (ұйымдастыру) жасау шартын білдіреді .
Жалпы несиелік саясат мынандай сипатта болуы тиіс:

- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиді;

- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағаналы анықтауға мүмкіндік береді;

- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саяасат банктің стратегиасын, оның тәуелділік басқару облысындағы саясатарын ескерте отырып жасалады.
Несиелік саясат несиелік қызыметін төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

* несиенің берілуіне және несиелік поротфельді басқаруға жауап беретін банк қызыметкерлері жетекшілікке алатын объективті стандарттар мен критерийлерін;....
Рефераттар
Толық
0 0