Курстық жұмыс: Химия | Барий гидроксидін алу жолын зерттеу

Барий және оның қосылыстарына химико - аналитикалық түсініктеме және жалпы сипаттама.
Барий Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан. Реттік саны 56, атом массасы 137,56г.
Барий атомының электрондық конфигурациясы ls2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s2 4p6 4d10 5s2 5p6 6s2. Барий көбінесе +2 тотықсыздану дәрежесін көрсетеді, +1 тотықсыздану дәрежесін көрсететін қосылыстары да бар, мысалы BaCl.
Табиғи барий 7 тұрақты изотоп қалдықтарынан тұрады: 130Ва, 132Ва, 134Ва, 135 Ва, 136Ва, 137Ва, 138Ва, осының ішінде 138Ва (71,66%)
Ең маңызды изотопы – 140Ва. Ол уранды, торийді, плутонийді ыдырату арқылы алынады; шығын 6,35% құрайды.
Минерлды барий (ауыр шпат, барий қышқылы, барий сульфаты) ХVІІ ғ. белгілі болған.
Металдық барийді 1808 жылы бірінші болып Дэви алды, одан кейін 1901 жылы барий қышқылын металдық алюминиймен қалпына келтіру арқылы А.Гунту алды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Тікелей эфирдегі сұхбат

Журналист қай кезеңде де қоғамды толғантып, көпшілікті ойландырып отырған мәселелерге үн қосады және оларды шешудің оңтайлы жолдарын іздестіреді. Әңгіменің өн бойындағы ойлар мен пікірлерді ұлттық мүддеге негіздеп, елдің ертеңіне қызмет жасауға икемдейді. Жүректерді мазалаған жалынды ойлар көкіректі жарып шығып, мейлі ол президент не премьер болсын, сол биік дәреже иелеріне құлаққағыс болып және журналистің сөз майданындағы айқасына алып келеді.
Тақырыбымның өзектілігі сол қазіргі кезде, тіпті бұрын да көгілдір экранда, радиода, баспасөзде де ең көп тараған жанр– сұхбаттың әлі күнге дейін өз ерекшелігімен көрермендерін таң қалдырып, өзектілігін жоймай, замана талаптарына сай өзгеріп жаңа қырымен танылуында. Біріншіден әрі жанр, әрі ақпарат алу әдісі ретінде дуалистік сипат алған бұл жанр өз еңбек жолын теледидардан бастаған жас мамандар таңдайтын бірден-бір жетекші жанр болып отыр. Себебі өзге жанрлардың да құрамында кездесетін сұхбат ең оңай болып көрінеді. Мен айтар едім сұхбат– жүргізушіден табиғи талантты талап ететін өнер жанры. Сұхбатты терең зерттеп, оның қыр-сырына үңіле берсек, оның сыры көп сыршыл жанр екенін аңғарамыз. Уақыт талабына сай сұхбатқа қойылатын талап пен талғам да өсуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қалжан ахун Бөлекбайұлы

Қалжан ахун Бөлекбайұлы (1862 - 1916)
ХІХ ғасырдың ортасына таман Ресей империясы Арал аймағы арқылы бүкіл Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу үшін өз әскерін даярлай бастады. Сыр өңірін басып алу арқылы патша өкіметі бірнеше стратегиялық жағынан маңызы бар жоспарларын жүзеге асыра алатын еді.
Патшалық Ресейдің Орталық Азия елдеріне жақындай отырып, бүкіл Түркістанды (қазіргі Оңтүстік Қазақстан өңірі мен Орта Азиялық республикалары - авт.) бағындыруы үшін ең алдымен - Сыр бойын жаулап алуы керек болатын. Сыр өңірінің тоғыз жолдың торабында орналасуы, Арал теңізі мен Сырдария өзені арқылы Түркістан өлкесіне етене ену мүмкіндіктерінің артуы, бұл өлкенің әскери - стратегиялық маңызын еселеп арттырды. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным - Қазақстан

Мен үшінең қымбат мекен – Қазақстан.Осындай киелі, әрбір қазақ үшін қымбат, тәуелсіз, жан дүниесі де байлыққа да бай Қазақстан атты елде өмір сүру мен үшін үлкен мақтаныш.
Меніңтуғанжерім – ҚазақстанРеспубликасы. Бұл – бай тарихымен, көнемәдениеті мен ерекше табиғатымен мақтана алатын ұлымемлекет. Қазақстанның тамаша табиғаты-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлығы да менің Қазақстанымда.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жеткіншіктердің агрессивтілік мінез-құлық көрсетуі және оны коррекциялау

Кіріспе
Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен – күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым–қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана – сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата – бабамыздың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды толғандыруда.
Соңғы уақытта қоғам жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыздық, асоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етіп отыр.Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселелері.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын «Білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Бозбеткей

Ақжусаны бүрлеген бозбеткейді.
Бозбеткейдің шетіне көз жетпейді.
Тұлымшағын жел сүйген құлын бауыр,
Қарлығаштан хат жолдап тез жет дейді.

Соғақ судың жағасы Қызылқайың.
Түспесінші қалқатай....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту

1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жай-күйі
Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институттардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен.
Мүгедектігіне, асыраушысынан айрылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидатына негізделген. Барлық жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі - азаматтар) өмірдегі қатерліжағдайлар туындаған кезде еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан, егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгедей көзделмесе, бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алады. Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдерді есептеудің экономикалық негізделген нормативтері мен еңбекақы жүйесінде өзара байланыс болмауының салдарынан жұмыс істейтін халықтың табыс деңгейі мен әлеуметтік төлемдер арасында тиісті байланыс болмай отыр. Нәтижесінде, жұмыс істейтін халықтың бір бөлігі әлеуметтік жүйеге үлесі болмаған азаматтардың алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен де аз жалақы алады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептегі оқыту процесін жақсартуға ықпал ету

КІРІСПЕ
Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.
Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады. Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттілігін сезінуі үлкен рөл атқарады. Бұл жайттарды ескермей, балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білімге деген ынтасын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.
Бағдарламаға сай қазақ тілі материалдары оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара-қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады. Метод – грекше зерттеу жолы деген сөз. Басқаша айтқанда оқушының ақыл-ойының және практикалық қызметінің тәсілі деген мағынаны білдіреді. Оқу әдісі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін дамыту, оларға білім, білік және дағдыны меңгерту жолындағы мұғалім мен оқушылардың бірліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі.
Мұғалімнің оқыту әдісі деп оқу процесінде оқушылардың ақыл-ой процесіне басшылық ету және білім беру тәсілдері айтылады. Оқушылардың үйрену әдісі дегеніміз – олардың білім, білік, дағдыларды меңгеру тәсілдері.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Физиология | Жыныс генетикасы

Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі. Табиғатта кездесетін көптеген тірі организмдердің арасындағы аталықтары мен аналықтарының ара қатынасы шамамен тең, яғни 1:1 қатынасындай болады. Бұл 100 аналыққа 100 аталық сәйкес келеді деген сөз. Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардың біреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты. Бұл Мендель тәжірибелеріндегі талдай будандастырудың нәтижелерімен сәйкес келеді: ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Мәдениеттану | Мәдениеттану ұғымы

Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүние жүзілік ғылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос»-көне, «литос»-тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (неолит). Археология ғылымысаласындағы мұндай ғылыми тұжырым ХІХ ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5-2,6 млн. жылдай бұрын басталып,б.з.б. екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған.
Алғашқы қауымдық құрылсытың екінші және үшінші кезеңдері-қола ғасыр-б.з.б. екінші және бірінші мыңжылдықтардың басын қамтыса, темір дәуірі шамамен б.з.б. бір мыңжылдықтың ортасынан басталады.
Кейінгі полеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныстардың атымен аталады.....
Рефераттар
Толық
0 0