Мақал - мәтел: Ағайын, тума, туыс, туысқан

Ағайын татуда ат көп,
Абысын татуда ас көп.

Ағайынға қарап мал өсер.

Ағайын мен жекжат арасын,
Майына мінген ат айырады
Немесе оқымаған бата айырады.

Екі ағайынды жігіттің,
Кере қарыс жалы бар.
Жалғыз басты жігіттің,
Шығар-шықпас жаны бар.

"Сіз", "біз' деген жылы сөз, ағайынға жарасар.

Көсеуің ұзын болса, күймес,
Ағайының көп болса, ешкім тимес.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Архимед заңы қалай ашылды? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш және қозғалыс
Сабақ тақырыбы: Архимед заңы қалай ашылды?
Оқу мақсаты: судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Берілген суреттерді сипаттай алу;
Оқушылардың көбі:
Архимед ашқан жаңалықты суретті сипаттай отырып, мағынасын аша алу;
Оқушылардың кейбірі:
Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алу;
Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ирак бюджет жүйесі және оның даму болашағы

Мемлекеттік бюджет жаңа қоғамдық қатынастарда және жаңа экономикалық қатарды құруда маңызды роль атқарады. Ол жас мемлекеттің тек өмір сүруінің материалдық негізі ғана бола қоймай, сонымен қатар қоғамдық өндірітің пропорциясының өзгерісіне және оның масштабының ұлғаюына ықпалын тигізеді. Мемлекеттің ұлғаймалы өндіріс процесіне тікелей араласу формаларының бірі, ол мемлекеттік бюджеттің инвестициялық шығыны. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен мемлекет меншік структурасының өзгеруіне себеп болда алады. (Ирак мемлекетінде меншік: жеке және мемле-кеттік меншік түрінде көрсетіледі)
Әлеуметтік және мәдени салаларда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда, денсаулық сақтауда, ғылым және мәдениет, еңбек етуші қауымның өмір сүру деігейін жоғарлату қызметінде мемле-кеттік бюджет маңызды роль атқарады ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Ат

Павлодардың көдесін текке таптаман,

Базар кезіп Гробнодан Тысаға аттанам.

Келген жұртты алдау үшін ойнадым,

Уыс толы олжа таппай қоймадым.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жәке Қойтанұлы

Жәке қойтанұлы (1830, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1914, Қытай, Сауыр тауы) — би, шешен. Абақ керей руынан шыққан. Он жеті жасынан ел ісіне араласып, билік айтып, шешендігімен танылған. 1883 ж. 800 үй меркіт руын бастап Сауыр тауына барып қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, "керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” атанған. Тарбағатай, Алтай, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Үміт әлде далбаса

Адам үмітпен өмір сүреді. «Үмітсіз — шайтан», мен де нақ солай, бар өмірімді үміттенумен өткізіп келемін. Үміттен аулақтап көріне көзге дүниеде жоқ, жұртқа жек көрінішті құбыжық атақ алу жап-жақсы деп ойлап па едіңіз. Шайтан болудан құдайыңыз сақтасын. Бірақ менің сол үмітімнің өзі шайтан болуға айналды ма деп қорқамын. Өйткені ол көзіме бір көрініп, ырым алдырып, той-тойлатпай-ақ барады.

Менің машина мінетін үлкен сықиған бастық болуды ойлағаным қашан. Егер шынына келсем, мен сондай машиналы бастық болуды үйленгеннен кейін-ақ ескере бастағанмын. Оған түрткі салған да сол біздің үйдің шүйке басы — Ызбаркүлдің түрпідей сөзі болатын. «Ойбай-ау, бізге машина міну қайда?», «Біз жаяуға жаралған адамның әйеліміз ғой» деген сөздер батырып арнайы айтпағанымен бүйіріме темірді қыздырып басып, қыздырып басып алғандай әсер ететін.

Менің соқтасы теріні тесе жаздап, талаурап тұрған шиқандай тарынғанымды әйелім де сезді, енді ол басқа әнге басты. Әнге болғанда кәдімгідей шын ән шығарып алды. Үй ішінде екеуміз қалсақ-ақ әйелім қырылдауық тамағын кенеп-кенеп алып, жартастан шыққан жаңғырықтай жаман даусымен соза жөнеледі:.

Дүние, қудым сені жалықпай-ақ,

Судагы ұстатпайсың балықтай-ақ,

Біреуге мал мен басты үйіп беріп

Міреуді мойдың... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Дық

Әнші Жәнібек Кәрменов аруағына бағыштаймын.

Автор.

...Қазыбек көз ілген жоқ.

* * *

Көз ілетін де жөні жоқ.

Белдеудегі бесіктей ырғалған вагонның нар төсегі мен тарсылдаған темір доңғалағы бір жақтан, өткен жылы жолыққан Арқа аруы Ақтілекке деген алаң көңіл екінші жақтан мазасын алды.

Түстіктен ащы ішектей шұбатыла шығып, Алматыға асыққан поезға әнші кеше кешігіп қала жаздаған. Апта бойы алақанында қондырған түстік өңір азаматтары да поез орнынан енді қозғалып бара жатқанда мінгізіп жіберді.

Қоңыр былғары қапты домбырасы мен көк сөмкесін көтеріп, купеге кіргенде еңгезердей қара шал мен қара көзі күлген қара торы бойжеткен бұны үнсіз қарсы алды. Шал бәкене бойлы бұған біртүрлі менсініңкіремей, одырая қарап қойды. Бұл да бірақ сыр берген жоқ. Астыдағы екі орынды да бұрын кіріп жайлап алған жандарға сыпайы ғана сәлемдесіп, сөмкесін жоғарыға қойып, домбырасын үстідегі бос орынға ұзынынан тастады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Желтоқсан

Батушы еді жанға аяздай бір жоғы,
Шындық сұрап көтерілді ұл қолы.
Серіппе еді жылдар бойы жиырылған,
Қатты серіпті, аянбады бұл жолы.




Ол қатаң режимнің алдында мұндай болуы мүмкін емес деген нәрсені мүмкін етті. Ол режимді сонысымен шошындырды. Оның аты - Желтоқсан.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0