Курстық жұмыс: Экономика | Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік

Шаруашылық жасаушы субъект үшін өсуінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқаша субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.
Менің курстық жұмысым осы жалгерлік есебіне негізделген, соның ішінде қаржыландырылған жал есебі.
Жұмыстың мақсаты:
Қаржыландырылған жал есебінің мазмұны мен мақсатын, оның қолданылуын ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына жету барысында белгілі бір міндеттер қарастырылады:
1. Жал есебінің маңызы мен мазмұны
2. Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік
3. Қаржыландырылған жал есебін қолдану
Жұмыс барысында қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамалары:
Жалдау – бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.
Жалға беруші – жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруде меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады.
Жалгер – бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Айлакер түлкі ертегісі

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Айлакер түлкі ертегісі.
Мақсаты: Балаларға сахналау арқылы көрсетілген ертегіні тыңдай білуге, мазмұнын түсіне білуге баулу. Ертегі кейіпкерлерінің мінез – құлықтарын, іс - әрекетін талдай білуге үйретуді жалғастыру. Мейірімділікке, көмекке келу, игі қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, қуыршақ театры арқылы.
Керекті құралдар: Қуыршақтар, жұмыртқа, шарлар, гүлдер, интерактивті тақта т. б .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас және даму процесіндегі индивидтің тұлғалық және кәсіби дамуы

Қарым-қатынас және даму процесіндегі индивидтің тұлға ретінде қалыптасуы және кәсіби дамуы.
Міндеті: Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам – субьект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.
Актуальдылығы: Индивидтің тұлғалық және кәсіби даму процесіндегі қарым-қатынастың алатын орны.
Теориялық маңыздылығы: Біріншіден, адам – тірі табиғат өкілі, биологиялық обьект, екіншіден, саналы іс-әрекет субьектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Демек, адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасын – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.
Практикалық маңыздылығы: Психологтарға үйреншікті ой бойынша индивид әлеуметтік ортады өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Мектепте тарих пәнін оқытудың әдістемелік негіздері

Кіріспе
Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәрпбиесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет. Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнына, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Сондықтан да дүние жүзіне белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтылғандары жоқ. Әбу-Насыр -Әл –Фараби «Тарихты білмей -өткенді, қазіргі жағдайды, келешекте болжау қиын» -десе, А. Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттасы -тарих» -деп өте жоғары бағалаған.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен өз елінің тарихын, Қазақстан тарихын оқытуға айрықша деп қойды. Қазақстан тарихы қазір барлық оқу орындарында, ал мектепте 5-11 сыныптарда оқытылады. Соңғы жылдары Қазақстан тарихын оқып үйренем деушілерге, әсіресе оқушылар мен мұғалімдерге нақты көмек болатын еңбектер көптеп шығарылуда.
1998 жылы Мемлекеттік білім стандартыының қабылдануына байланысты барлық мектептік пәндерден, солардың арасында тарихтан да жаңа бағдарламалардың жобалары жасалды. Қазақстан тарихы бойынша оқушыларға да, мұғалімдерге де қажетті бірқатар құралдар жарық көрді.
Қазақстан тарихын немесе оның жекелеген материалдарын мектептерде оқыту мәселесі қашан, қалай көтерілді, оған алғаш кімдер бастамашы болды? – деген сұрақтардың жауабы қарастырылады. Өйткені курс, не пән мектепте оқытылмай тұрып, оны оқыту әдістемесі туралы сөз болуы мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ

КІРІСПЕ.
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуынын жаңа арқаға түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы - тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Алдыңғы толқын - ағалардың кейінгі толқын – інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы калай? ''Қорқамын кейінгі жас балалардан" деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген жоқ па? Бүгінде шау тартқан сол "ересектеріміздің" өзі күні кеше кандай еді? Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі - бүгінгі ұрпақ қайда бармақ?
Осынау сұрақтардың қай-қайсысы да айрықша ден қоюды қажет етеді және оларға түп-түгіл, егжей-тегжейі жауап беру, әрине, оңайға түспейді.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызықта таңғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз: қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | МҰҒАЛІМНІҢ САБАҚҚА ДАЙЫНДЫҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Кіріспе
Мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Міндеті:
- Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау
- Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру.
- Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.
Өзектілігі
Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сочинение: Моя Родина

Думая о родине, мы думаем о той великой и прекрасной стране, в который родились, связываем свою родину со сложной и интересной, насыщенной и, иной раз даже трагической историей родной земли.
Моя Родина – Казахстан. Казахстан гордится храбрыми батырами, талантливыми поэтами и акынами, писателями, которые воспевали любовь к казахской земле, призывали любить и уважать друг друга, сохранять мир и заботиться о будущем. ....
Сборник сочинений
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Эмоционалдық кері әсері

І. Кіріспе
Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, «әр оқышының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» /1/ арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балалардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен айтылған: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» /2/. Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.
Психологияда балалардың жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын эмоционалдық тұрақсыздықтар көптен бері зерттелінуде. А.Адлер /15/, Л.С.Выготский /28/, Л.А.Орбели /45/, Г.Селье /85/, Дж. Доллард, Л.Берковитц, С.Розенцвейг, К.Роджерс /45/, Ө.Тлеуқабылұлы /76/, К.Юнг /97/, В.Франк /91/, Ф.Перлз /25/, Изард /44/, З.Фрейд /90/ Э.Фромм /92/, Қ.Жарықбаев /40/ т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың аныќтамасы мен сипаттамасы, эмоционалдық зорланудың пайда болу себептері және одан шығу жолдары талданған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жарлы бай)

Бір күні Жарлы отырып ойға қалды,
Байларға кейбір сараң көзін салды.
«Ішіп-жеді, рақатын көрмеген соң,
Не керек, - деді, - жиып пұл мен малды?
Малыңда не қызық бар ептеп жиған,
Жаныңа еш рақат етпей жиған? .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Аңырақай Орбұлақ және өзге де шайқастар

Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр алқап- көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен ата қоныс, алтын бесігі. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бәрінен бұрын жан- жағын жолбарыстай жайпаған Жонғар шапқыншылығы қазақ елі үшін үлкен нәубет болды. XV-XVII ғасырларда қазақ хандығы бірде өсіп- өркендеп, тұрақтылығы бекіп, берік болса, бірде бірлігі бұзылып, босаң тартқан, кейде жеке-жеке хандықтар болып ыдырап кеткен кездері болды. Көрші елдермен негізінен бейбіт қарым-қатынастар, шаруашылық және мәдени байланыстар жүргізіп отырды. Олармен кейде шағын шайқастар, шұбалаңқы соғыстар болып тұратын. Бұл жорықтар негізінен пайда табу, тонау, соның арқасында баю үшін жүргізілген тонаушылық шапқыншылықтар еді. Марқайып, мерей толтырарлық жеңістер де, көңіл күйзертерлік ащы жеңілістер де болатын. Солардың ішінде ең ауыры да, ең ұзағы да қалмақтармен соғыс еді. Орыс тарихшысы- шығыстанушы В.В. Вельяминов-Зерновтың жазуына қарағанда қазақ-ойрат қарым-қатынастары XVI ғасырдың бірінші ширегіне дейін бейбіт түрде болса керек. Осы ғасырдың 30 жылдарынан жағдай өзгеріп, күрес басталған.
XVI ғасырдың аяғында, XVII ғасырдың бас кезінде, әсіресе Есімханнның ел билеуі (1598-1628) кезінде Қазақ хандығы біршама күшті еді. Ол бытыраңқы ойрат тайпаларымен салыстырғанда басым түсетін. Есімхан билік құрған жылдарда ойраттардың бір бөлігі Жәңгір сұлтанға тәуелді болды. XVII ғасырдың екінші жартысында күштердің ара салмағы өзгеріп, жоңғар тайпалары басымдық ала бастайды. 1635 жылы бытыраңқы ойрат тайпалары қосылып, бірыңғай жауынгерлік - әскери сипаттағы Жоңғар мемлекетін құрды. Қазақтар сияқты, ойраттар да көшпелі, мал шаруашылығымен айналысты. ....
Рефераттар
Толық
0 0