Реферат: Тарих | Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері

ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері кокругтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады.Олар қазақ жерінде “бөліп ал да билей бер” деген отаршылдық ұранды бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сыртынан құрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді. Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны (1802 жылы туған) Ташкент түрменсіне қаматты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Қарындас)

Көп күн болды сен кеткелі,
Қайдасың сол қарындас?
Мендей ешкім іздеп сені,
Мендей және сағынбас!
Онда майдан ішінде мен —
Қатулана жүгірдім:
Қанды найза үшіменен,
Жау түйреді... жығылдым.
Бұрқыраған отпен бірге
Кетті достар, жаттым мен,
Сар жапанда, жалғыз түнде .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Менің Қазақстаным -менің болашағым

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.
Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Өмірбаян: Өмірзақова Әмина Ерғожақызы (1919 - 2006)

Өмірзақова Әмина Ерғожақызы (1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қараауыл ауылы - 2006 жылы 26 қыркүйекте Алматыда) — кеңестік және қазақстандық кино және театр актрисасы. Қазақ КСРнің Халық артисі (1965), Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1967). Қазақ кино және театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды артист.

1938 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік сахна өнері техникумының (кейін Ленинград театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітірген.
1938 – 1940 жылдары Шымкент облыстық драма театрының актрисасы
1940 – 1942 жылдары қазіргі Қазақ мемлекеттік академия драма театрының труппасында
1942 – 1949 жылдары “Қазақфильм” студиясында қызмет атқарды.
1949 жылдан Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының (қазіргі Қазақ мемлекетік академия жастар мен балалар театры) актрисасы болды.

Шығырмашылығы
Оның театр сахнасында тұңғыш ойнаған рөлі – М.Әуезовтің “Түнгі сарын” спектакліндегі Мөржан. Бұдан басқа ойнаған басты рөлдері қатарында Баян (Ғ.Мүсірепов “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Луиза (Ф.Шиллер “Зұлымдық пен махаббат”), Смеральдина (К.Гольдони “Екі мырзаға бір қызметкер”), Шәуәли (М.Ақынжанов “Ыбырай Алтынсарин”; Бүкілодақтық балалар және жасөспірімдер театрлары фестивалінің дипломымен марапатталды, 1958), Рәбиға (Ш.Хұсайыновтың осы аттас драмасында), Кенжегүл (І.Мұхамеджанов “Өзіме де сол керек”), Алтынай (Ш.Айтматов “Алғашқы мұғалім”), Гүлжамал (Т.Ахтанов “Күшік күйеу”), Қалампыр шешей (Ш.Уәлиханов “Тағдыр”), Глумова (А.Н. Островский “Адам аласы ішінде”), т.б. бар. 1942 жылдан киноға түскен: Ажар (“Абай әні”, 1945), Мұғалима (“Қанатты сыйлық”, 1956), Айша (“Бір ауданда”, 1960), Ана (“Ана туралы аңыз”, 1963, Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен байқаудың 1-сыйлығы, 1964; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1966), Тана (“Тақиялы періште”, 1968; Алматы қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-кино өнері байқауының сыйлығы, 1969), т.б. Отан, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Зульфия Габидуллина Раухатовна

Зульфия Раухатовна Габидуллина – қазақстандық спортшы, жүзу бойынша халқаралық класстағы Қазақстан Республикасының спорт шебері

1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1971 жылы жол апатына ұшырап, омыртқабас, қол және аяқ жарақатын алған.
2013-2015 жылдардағы әлем чемпионаттарының күміс және 3 мәрте қола жүлдегері, Бүкіләлемдік ойындардың бернеше мәрте жеңімпазы, әлемнің 12-мәрте рекордсмені.

Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиялық жазғы ойындарда 100 метр қашықтыққа еркін стильмен жүзуден Қазақстанға алғашқы алтын медалді әкелді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау
Сабақтың мақсаты: XVIII ғ. ақын-жыраулар туындыларын тарихи дереккөз ретінде құндылығын бағалау...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Полимеразды тізбекті реакциясын түсіну және қолдану (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биотехнология
Сабақтың тақырыбы: Полимеразды тізбекті реакциясын түсіну және қолдану
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.4.3.2 – Бөлім
Полимеразды тізбекті реакцияның таксономия, медицина және криминалистика да қолданылу маңыздылығын білу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар орындай алады:
• ДНҚ болатын полимеразды тізбекті реакциясына түсініктеме беру
• ПТР процессінің циклдық сипатын түсініп, негізгі кезеңдерді және ферменттердің қатысуын атайды .
• Кәзіргі таңдағы және жойылып кеткен организмдердің филогенетикалық таксономиясын, генетикалық жағдайларды, медициналық диагностикалауды және қылмыстық тергеудегі (криминалистикада) анықталған генетикалық дәлелдердің шамалы мөлшерін күшейтуге қолданудағы практикалық қосымшаларын сипаттай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0