Сабақ жоспары (ұмж): Қызыл Кітаптың маңызы (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғатты қорғау
Сабақ тақырыбы: Қызыл Кітаптың маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 5.6.3.3. ҚР Қызыл Кітабының маңызын анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар жасай алады:
• Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді сақтаудағы Қызыл Кітаптың рөлін түсіндіреді
• Ұлттық саябақтар және қорықтар мысалында тұрғылықты жерінің қорғалатын аймағын зерттейді
• Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген бір өсімдік немесе жануар туралы презентация жасайды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Мырзағұл Шыманұлы

XVII ғасырдағы Тілеу батырдың жетінші ұрпақтарының бірі – Мырзағұл Шыманұлы(1845-1906 жж), ол әрі би, әрі шешен, әрі бүкіл аймаққа беделді тұлға, болыс болған. Мырзағұл би - елі мен жері үшін күресе білген, халық қамын қорғаған үлкен ағайының бірі болған. Ол 1872-1879 жылдары Ырғыз уезіндегі Аралши болысын басқарған, 1878 жылы қазақ зиялыларының депутатциясы құрамында Санкт-Петербург пен Москваға барып, ІІ Александр патшаның қабылдауында болған, 1879-1887 жылдары Тілеу руының аға биі, 1891-1908 жылдары екі рет Шеңгелді болыстығына болыстыққа сайланған, Шалқар қаласында 2 кластық орыс-қазақ мектебін ашқан, 1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолын салуға белсене қатысқаны үшін Орынбор әкімшілігінен «Мақтау грамотасын» алған. Осындай әкімшілік қызметтерде жүргенімен, ел мүддесін көздеген. 1882 жылы маусымда өткен Орал, Торғай облыстарының болыстары мен билерінің құрылтайында шығып сөз сөйлеп, патша үкіметінің жер саясатын ашық сынаған. Отаршылдарға жер бермеу үшін күрескені себепті 1891 жылы 15 қаңтарда болыстықтан босатылып, 6 айға сотталып, түрмеде отырып шыққан. Езгіге қарсы толқулар ұйымдастырғаны үшін екінші рет сотталып, 1908 жылы Орынбор түрмесінде .....
Рефераттар
Толық
0 0

Кеш ұйықтау зиян

Демалыс мезгілінде еркінсіп, түнімен ғаламтор ақтарып немесе кітап оқып көптеген адамдар кеш ұйықтайды. Бұл ұйқы режимінің бұзылуына алып келеді. Кеш ұйықтау арқылы сіз ағзаңызға күш салып, түрлі ауруларға шалдығу қаупін күшейтесіз. Сондықтан, кеш ұйықтаудың зиянды жақтарын біле жүріңіз.

1. Созылмалы шаршау

Адамда қалыпты ұйқы болмағандықтан уақыт өте келе ағзада ішкі стресс артады. Нәтижесінде, созылмалы шаршау және өзін-өзі қайта қалыпқа келтіре алмау туындайды.

2. Сұлулықтан айырылу

Ұйқы ол әдемілікті сақтау үшін ең тиімді және толықтай тегін тәсіл. Себебі, ұйқы кезінде тері жасушасында регенерация жүріп, ұлпалар қайта қалпына келеді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Дипломатиялық және консулдық құқықтың түсінігі

Дипломатиялық құқық – дипломатия аясында атқаратын, сондай-ақ дипломатиялық құқық пәнін түсіну үшін дипломатия терминінің мағынасыншып алған жөн. Дипломатия – бұл мемлекеттердің сыртқы сыртқы саясатты жүргізуде атқаылатын қызмет. Сыртқы саясатты жүзеге асырудың ең бір әділ, бейбіт құралы. Дипломатияны жүзеге асырудың негізгі әдісі – келліссөздер.
Сыртқы саясат дегеніміз - өз халқының ішкі қажеттілігі мен үйлесімін тапқан, халықаралық аренада мемлекет қызметінің негізгі бағыты. Сыртқы саясат мемлекеттердің мақсат, міндеттерін халықаралқ қатынастардағы мемлекет бағыттарының, сонымен қатар осы қызметтің жүргізу нысандары мен тәсілдерін айқындайтын әмбебап құрал. Әр елдің сыртқы саясаты сол елдің көрнекті халықаралық құқықтанушы мамандарының, ғалымдарының, саясаткерлерінің атсалысуыменанықталады. Сыртқы саясаттың маңызын түсініп, оның жобсын әзірлеп қою жеткіліксіз сонымен қатар, онң іс жүзінде жүзеге асырылуын амтамасыз етіуі керек. Міне, осы мақсатта мемлекеттер арнайы уәкілеттілік берілгенадамдрын мемлекет мүдесін білдіре отырып, оның сыртқы саясатын жүргізу үшін өзге мемлекеттерге жібереді. Олар өз мемлекеттерінің ұсыныстарын өзге мүделі мемлекеттің мемлекет басшысына табыстап отырады. Ежелгі Грецияда мұндай ұсыныстар арнайы тақтайлрға жазылып жіерілген. Оларды диплмдар деп атап, оны табыстаушы уәкілді тұлғаларды дипломаттар днп атады. Дипломаттардың негізгі міндеттері - өз мемлекеттерінің сыртқы саястын қолда бар барлық әдіс құралдармен жүзеге асырады. Осы түрғыдан алғанда дипломатия дегеніміз – халықаралық қатынастардағы мемлекеттердің сыртқы саясатын жүзеге асыруға арналған арнайы әдіс құралдар жйынтығы....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Сақтандыру | Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру

КІРІСПЕ
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стадиясында тұр: Экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай арта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды. Жеке басты сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.
Дүниежүзілік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін бизнестің шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі және қаржылық орнықты рыноктық құрылым бола отырып, нарықтық экономикада тұрақты жайғасымдарда алып отыр.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметтің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мамлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын олыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының көкейкестілігі:
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ынтымақты отбасы

Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың бір - біріне деген қарым - қатынастарын байқау. Салт - дәстүрді дәріптеу.
Барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе
Қазіргі отбасындағы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата - баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу. Халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады.
Бүгін біз «Ынтымақты отбасы» сайысын өткізгелі отырмыз .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық бақылауды ұйымдастыру

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын.
Қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің, қайта бөлудің экономикалық тетігі және ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жәрдемақылар

Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері.
Зейнетақылар азаматтаға не заңдарға белгіленген жасқа толған кезде, не олар өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақыны жоғалтқан кезде, заңдарда белгіленген жағдайлар орын алғанда беріледі.
Алайда, азаматтардың еңбекке қабілетін жоғалтпай-ақ және өмір сүруі шектелместен де, тіпті одан әрі еңбек ету мүмкіндігін иелене отырып та, яғни жалақысын жоғалтпастан да материалдық көмекті қажет ететін көздері болады. Мысалы, ауырған кезде, бала туған кезде және т.б. Мұндай жағдайларда мемлекет өз азаматтарына жәрдемақы түрінде көмек береді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Менеджмент | Мемлекет және бизнес

Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.
1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына, жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: - өндірістің төиендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі
• жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке қабілеттігінің жоқтығы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған отаның нашарлауы.
Мемлекеттің байыпты міндеттері - уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау. ....
Рефераттар
Толық
0 0