Реферат: Қазақ әдебиеті | Сергей Кириллович Уфимцев

Сергей Кириллович Уфимцев (1921, Ресей, Алтай Республикасы Усть-Кан ауданы Черный Ануй селосы - 14.4.1944, Днестр өзенінің бойында) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, 387-сапер батальонының бөлім командирі. Орыс. Алматыда құрылыс істеріне қатысты. 1941 жылы Кеңес .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Максим Якубович Якубов

Максим Якубович Якубов (10.3.1914, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тастықара ауылы — 8.7.1974, Алматы облысы Қарасай ауданы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, старшина, 836-атқыштар полкінің атқышы. Ұйғыр. Орта мектепті бітірген соң 1941 жылы қаңтарда Кеңес әскері қатарына шақырылып, 240-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқа катысты. 1943 жылы қыркүйекте Якубов қызмет ететін дивизия Днепрге шықты. Өзеннен өтіп, плаццармды басып алу міндетін орындау үшін 27 қыркүйекке қараған түнде .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Үрей


Жәркембайдың ұнамсыз бір кемшілігі бар: біреумен сөйлескенде немесе жазу жазғанда, ұдайы танауын шұқып отырады. Осы бір сүйкімсіз әдеттен өзінше ләззат алғандай сыңай білдіреді. Мына түріне қарағанда, ол өзінің бұл кемістігін мүлде сезінбесе керек. Тіпті, мән де бермейді ғой деп ойлаймын. Өйткені ол менің ескертпе сөздерімнен ешқандай қортынды шығарған жоқ. Бөлім бастығы болғандықтан, телефон үнемі соның алдында тұрады. Аппарат шылдыр етсе, әйтеуір, сол кісі жауап беріп жатады. Міне, телефон тағы да шылдырлады. Асып-сасқан Жәркембай:

— Кәзір, кідіре тұрыңыз!—деді де, ала құйын боп, бөлмеден зытып шығып кетті. Бес-он минуттан кейін арсалаңдап қайта оралып, стол үстінде жатқан тұтқаны қолына алып, кінәратты адамдай мүләйімсіп жауап бере бастады.

— Алло!.. Ол кісіні таба алмадым. Ия, төртінші этажға да шықтым. Биллиардханада дейсіз бе?.. Онда жоқ. Мүмкін, асханада болар. Барып білейін бе?.. Керегі жоқ дейсіз бе?.. Жарайды, сау болыңыз...

Терлеп-тепшіген Жәркембай беторамалымен маңдайын сүртіп, креслоға отыра кетті. Кейпінде назаланғандық нышан бар.

Мен бастығымды аяғандай болдым.

— Түу, қатты әбігерге түстіңіз ғой... О кім екен өзі? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Азамат болу міндетім


(Мектеп бітіруші шәкірттер үшін өтінішпен жазылған).

Халқымыздың тілінде азамат, азаматтық ұғымы екі түрлі мағынада қолданылатындығы бар. Екеуі де – қастерлі, екеуі де – қасиетті ұғым. Бірі – адамның өз мемлекетіне деген саяси-құқықтық тұрғыдағы қарым-қатынасын айшықтайтын заңдық мәні бар ұғым болса, екіншісі – адамның ішкі қадір-қасиетінің өлшемін бағалайтын киесі бай ұғым. Осы екі ұғым мағыналық тұрғыдан алуан түрлі болып көрінетін болса да, ішкі ой, таным тұрғысынан алғанда бір-біріне тіпті жақындай түсетін секілді. Себебі белгілі, бірінші ұғымда Отан деген қасиетті сөзді еске алып тұрсақ, ал екінші ұғымда адамның ар-ожданы, ұят-иманы, сана мен жан-дүниесінің асқақтығы тілге оралады. Айтылған қастерлі сөздердің бәрі, айналып келгенде, біз үшін рухани тұрғыдан нәр аларлық мағынасы бар дүниелер екендігі даусыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Сел

Сұрапыл сел сарқырама сияқты
Сай саламен сарылдаған су ақты.
Самырсынды сіріңкеңіз секілді
Сырт сындырып, сереңдетіп сұлатты.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша жүйесінің ұғымы элементі және типтері

Ақша тауарлы өндірістің өнімі яғни ақша жаратылысы оның тауарлы шығу тегіне байланысты. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі, ал еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуына обьективтік алғы шарттарын туғызады. Қоғам дамуымен ақшаның маңызы арта түседі. Жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болады. Ақша есеп жүргізу, бақылау құралы. Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын еді.
Қоғам дамуымен байланысты әр түрлі формасында, сол уақыттың талабына сай ақша жүйесі дамыды. Олар металл ақша айналысы және несие-қағаз айналысы типі болып табылады. Олардың экономикалық қызметі жүзеге асыруда алатын орны өте зор.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын «Ақша теориясының дамуы, элементтері және типтері» деп алдым. Өйткені ақша тарихи дамыған экономикалық категория .
Мен жұмысымды үш бөлімге, яғни бірінші бөлімде ақшаның пайда болуын мен оның мәні және қызметтері мен экономикадағы рөлі және ақша теориясы мен оның үш теориясын қарастырдым. Екінші бөлімде ақша айналысының сипаттамасы және ақша жүйесінің ұғымы, элементтері, типтеріне тоқталдым. Үшінші бөлімде Қазақстанның ақша жүйесі және экономикасы дамыған елдердің ақша жүйелерін қарастырдым. Осы бөлімде Қазақстанның осы заманғы және шет елдердің ақша жүйесінің толығырақ тоқталдым.
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысының ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасы Президенттінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы

КІРІСПЕ
Мен курстық жұмыс істеу барысында банктердің қазіргі жағдайын қарастыруға тырыстым. Өзім банкте жұмыс істеген соң курстық жұмысты түсінікті қылдырып жазуға тырыстым.
Елімізде жүргізілген экономикалык реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
Соңғы жылдарда каржы нарықтарының ақша және капитал
нарықтарының құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен түтынудьщ айырмасын көрсетеді.
Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бүлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Валюталық бағам және валюталық нарық

Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің хадықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.
Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігіне қатысты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол заңды түрде бекітілген валюталық паритет шеңберінде ауытқып отырады.Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады,ал оның формасы өзгереді. Валюталық бағам, валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар:
1) Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат.
1) экономикалық – халықаралық тәжірибеде анықтелатын экономикалық тікбұрыштың шыңы ияқты; экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10% дейін), жұмыссыздықтың, төменгі деңгейі (8% дейін),дүниежүзілік нарықтағы тепетеңдік.
2) Психологиялық жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқиды. ХВҚ – ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ – да валюталық “қоржын” базасында бакітілген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Біріккен Ұлттар Ұйымы әмбебап ұйым ретінде

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. БҰҰ дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебеп халықаралық ұйым. Басты мақсаты – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
БҰҰ-ның Жарғысында бірінші кезектегі мақсат ретінде халықтар арасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбіт өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару агрессиялық және елдердің тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерге тойтарыс беру, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу екендігі жарияланған.
БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары – жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Халықаралық тыныштық және қауіпсіздік, қарусыздандыру және қару жарақты жаппай жоюды қажет ететін аумақтарға ұйымдарды қатыстыру БҰҰ мүшесіндегі мемлекеттер үшін маңызды мәселе. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Жағымсыз тері иісінен қалай құтылуға болады

Жағымсыз тері иісі ешкімге абырой әкелмейді. Қазіргі кезде тері иісін залалсыздандыратын түрлі дезодоранттар мен антиспиранттардан дүкен сөрелері қайысып тұр. Соған қарамастан қоғамдық орындарда жағымсыз тері иісі мұрныңды жаратын адамдарды күнделікті кездестіресің. Кейде «өздері қалай сезінбейді, неге жуынбайды?» деген күңкілді де естіп қаласың.

Жағымсыз тері иісі неден пайда болады?

Мәселе жуынбауда емес, тері иісінің белгілі бір физиологиялық және психологиялық себептері бар.

Физиологиялық себептеріне қалқанша бездің зақымдануы, гормондардың өзгерісі, ішкі органдардың ауруға шалдығуы, иммунитеттің төмендеуі, кейбір дәрі-дәрмектің қанның құрамына әсер етуі, т.б. жатады. Сондықтан жағымсыз тері иісінен құтыла алмай жүргендер міндетті түрде эндекринолог, терапевт мамандарға қаралу қажет. ......
Кеңестер
Толық
0 0