Курстық жұмыс: Қаржы | Валюталық курс және оны анықтайтын факторлар

1993 жылдың наурызында «Қазақстан Республикасын Ұлттық Банкі» туралы жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР-ның Ұлттық Банкінің басқару қүрылымдары терең өзгерістерге үшырады. Сонымен, Қазақстанда Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезеңінен нақты жүмыс істей бастаған болатын. Ұлттық банк жаңа заңға сәйкес жаңа басқарма сайлады, оның қүрамына Президент әкімшілігінен, Парламент аппаратынан, Үкімет пен Қаржы министрлігінен өкілдер кірді.
Өз ұлттық валютамызды еңгізу қажеттігі 1991 жылдың аяқ шені мен 1992 жылдың бас кезінде айқын болды. Валютамыздың күрделі процесі ақша реформасымен түспа-түс келіп жоне мән-жайы белгілі бір қиындық туғызды. Оның үстіне ақша реформасы өз ақшасы, өз валютасы бар жерде жүргізілетіні белгілі ғой.
Сонымен бірге, алтынның, күмістің және басқа да асыл металдардың жеке меншік банктер мен жеке тұлғаларға жылыстауы туралы қауіптер Мәскеудегі Орталық, Ұлттық, Резервтік және басқа да мемлекеттік банктерді орағыта алтын қүймалық жинақтамалардың даму үрдесін ескере отырып, орын алды. Осы жағдайда республикамызда Жоғарғы Кеңес төралқасы мен сессисының шешімін шапшандатқаннан басқа амал қалмады. 1991 жылдан 1993 жылдың бас кезіне дейін 1 доллардың шамамен 100 рубльге ара қатынасы 1 доллар 980-990 рубль ара-қатынасына дейін көтерілді. Уақыт өтіп жатты және жорамалданған 1 теңге — 1000 рубль арақатынасы туралы айтуға тура келді... ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Бала болмысын бұзатын 10 сөз

Бала тәрбиесіне басты жауапкер мына біздер, ата-аналар көбіне-көп ойланбай сөйлеп, осынымыз үшін болашақта опық жейтінімізді ұмытып жатамыз. Өйткені, сөз – тәрбие негізі. Бала сөзбен тәрбие алады. Баланың еңсесін түсіретін де, жігерлендіретін де сөз. Кез келген ата-ана баласына мақтауын да, даттауын да сөзімен білдіреді.

Бала тәрбиесінің бұзылуы жаман сөздерді қолданудан туындайтыны мәлім. Өйткені, бала психологиясы жаңа көктеген жас талдай жағымсыз әсерлерден тез жараланғыш келеді. Сондай-ақ, бала шақтағы естеліктер адам өмірінің қай арнада өрбитініне, оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететінін әлем ғалымдар да дәлелдеп отыр.......
Кеңестер
Толық
0 0

Дәрі дәрмексіз емдел

✅ 1. Тамағыңыз жыбырласа

Құлағыңызды қолыңызбен қатты басып уқалаңыз. Құлақ жүйкесін қалпына келтірген кезде, тамақтың бұлшық еттері жиырылады. Бұл жағымсыз жыбырлаудан арылуға септігін тигізеді.

✅ 2. Сыбырлап айтқан сөзді түсінбеген болсаңыз

Сыбырлаушыға оң құлағыңызбен бұрылыңыз. Оң құлақ жылдам айтылған дыбыстарды жақсы қабылдайды. Ал егер ақырын ғана шығып жатқан әуенді тыңдағыңыз келсе, сол құлағыңызды тосыңыз. Ол әуенді оң құлағыңызға қарағанда жақсы айырады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Естің жалпы сипаты.

1.1. Естің жалпы сипаты.
Ес дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңартылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес – күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.
Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И.П. Павловтың нерв жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін. Нерв жүйесінің пластикалығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қаблеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы онда бұрынғы байланыстардан ізі қалып отырғандығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғалымда ә[і нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстармен байланыстыра (есті зерттеудегі электрофизиологиялық бағыт) енді бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеинді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми сассасының алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Жарнамалық кампанияларда туристік қызмет сұранысы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Жарнама тұтынушының тауар мен оның қызметі туралы алатын ақпаратын жарнама деуге боладыю Белгілі бір мөлшерде жарнама осы қызметті атқарады, бірақ бұл жарнаманың толық қызметі емес. Жарнама деген түсінікке біз бұдан да кең ұғым беруімізге болады. Жарнаманы жасауда көп шебірлікті талап ететін жұмыс.
Жарнама – қазіргі заманға сай, барлық жерді қамтитын, кәсіптік жағынан жетілдірілген ақпарат.
Қазақстан Республикасы сауда-өнеркәсіп палатасының одағы тауарлық белгілерді, фирмалық стилін және логотипін әзіреу бойынша қызметтер көрсетеді, тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін тіркеуге көмектеседі.
Тауарлық белгілер және қызмет көрсету белгілері интеллектуалдық меншік болып табылады және кәсіпорынның материалдық емес активтерінің құрамына енгізілуі мүмкін.
Тауарлық белгілерді әзірлеуде өзінің ерекшелігі, ал эмблемаларды және коммерциялық емес символикаларды әзірлеуде айырмашылығы бар және «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шыққан жерінің атаулары туралы» ҚР Заңымен реттеліп отырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Шарықтап шыңға шыққан Қазақстан

Отан. Атамекен. Атажұрт. Тарих. Бұл қай құлаққа да жағымды естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды.
Қазақ елі тарғалаң тарихты бастан кешкен батыр халық. Оның батырлығы да, елдігі де бір күндік жеміс емес. Тәуелсіздік жолында сан қилы заманды өткерген Қазақстан-бүгінде үлкен жеңіске жетіп отыр.......
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: И дыбысы мен әрпі

Әдіс - тәсілі: жұбақтар, сұрақ - жауап, ребустар, суретпен жұмыс.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, ғажайып сәті,
(Дымбілмес) әліппе – дәптер, жұлдызшалар, текшелер.
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Б дыбысы мен әрпі

Білімділігі: Балаларға Б дыбысы мен әрпімен таныстыру, осы дыбыс арқылы жасалатын жаңа сөздерді оқуға үйрету. Ойлау қабілетін, іскерлік дағдысын дамыта отырып, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Б дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасату.
Көрнекілігі: сұрақ - жауап, әріптер, текшелер, кеспе әріптер, интерактивті тақта.
Әдіс - тәсілдері: ойын, түсіндіру, топтық жұмыс, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, математика, музыка.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазір мектепте оқушы ұжымын қалыптастыру жолдары

КІРІСПЕ
«Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады», - деді А.В.Луначарский. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская: «Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы - ұжым» -деді.
Барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде оқушыларды тәрбиелеу үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол ұжым мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара тұрмыстық өмір. А.С.Макаренко баланың ұжымдағы қарым-қатынасындағы қызмет әрекетін ұйымдастыру және салауатты өмір салтын құру, мектеп пен ұжым арақатынасы туралы түсініктеме жазған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Балалар елі

Мақсаты: Балалардың жыл бойғы алған білімдерін жүйелеп бекіту. Тапсырмаларды орындау барысында нақтылыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу. Білімге деген ынта - жігерін, іскерліктерін қалыптастыру.

Тәрбиеші: - Ерте, ерте, ертеде «Балалар елі» деген бір ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаттары жоқ, жұпыны өмір сүріп жатқан көңілсіз ел екен. Тіпті күнделікті өмірлерінде еш қызық болмапты. Сонан күндердің күнінде « Балалар елін» бір патшалық бағындырып алыпты. Ол патшалықтың аты «Ойын» екен. «Ойын» келісімен - ақ «Балалар елі» бірден көңілденіп сала беріпті. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0