Сабақ жоспары (ұмж): Екі жазықтықтың өзара орналасуы 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы
Сабақ тақырыбы: Екі жазықтықтың өзара орналасуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.5 жазықтықтардың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін білу және оларды есеп шығаруда қолдану
Сабақ мақсаттары: Екі жазықтықтың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін, қасиеттерін білу және есеп шығаруда қолдану.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аралық жасушалар

Аралық жасушалар (көне грекше: interstitiocytus; көне грекше: interstitium — аралық; көне грекше: kytos — жасуша) - аталық (ен) және аналық (жұмыртқалық) жыныс бездері стромасында кездесетін, мезенхимадан дамыған эпителиоциттер тәрізді жасушалар. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Қасірет

Бүкіл Галчино облысындағы әйгілі ісмер, сонымен бірге барып тұрған қияңқы мұжық деген атағы ертеден мәлім токарь Григорий Петров өзінің ауру кемпірін земстволық ауруханаға әкеле жатыр. Екі ара отыз шақырымдай жер, ал жол дегенің сұмдық жаман, одан Григорий ұста сияқты жатыпішер көр жалқау түгіл, қазынаның пошта тасушысы да жүре алар емес. Ызғырық, суық жел қарсыдан тура бетке ұрып тұр. Қай жағына қарасаң да ауада құтырынған ақтүтек боран құйындай ұйытқып соғады? Қардың аспаннан жауып тұрғанын, әлде жерден борап тұрғаның адам біліп болар емес. Тұмандай торлаған қарлы бораннан айналадағы маңай да, жол бойындағы телеграф бағандары да, орман да көрінбейді, жел ұйтқып кеп Григорийге түтеп бір соққанда, тіпті аттың доғасы да көрінбей кетеді. Титығы құрыған көтерем бие аяғын әрең басады. Қалың күртікке қайта-қайта малтығып, басын шұлғи шірене тартумен әбден болдырған. Ұста асығып келеді. Шананың алдыңғы тұғырында қопаң-қопаң етіп, аттың сауырынан қайта-қайта шықпыртып қояды.

— Сен, Матрена, жылай берме... - деп күбірлейді ол. Азырақ шыдай тұр. Құдай бұйыртса, ауруханаға да жетеміз, сонсоң сенің мұның қас қаққанша - ақ әлгі нетіп... Павел Иваныч саған дәрі ішкізеді немесе қан құйдыра ма әлде батшағар иең спиртпен ысқылата ма әлі, кім білсін, сонсоң ол нетіп, бүйіріңнің ауырғанын тура жұлып алады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Қараңғылық

Земство дәрігері қабылдауын аяқтап, ауруханадан үйіне қарай беттей бергенде, оның жанына үстіндегі тоны қырық жамау, аяғында үлкен қара байпақ, жасқана басып жақындай берді.

— Құзырыңа құлдық, өзіңе кеп едім, - деді ол

— Иә, не жағдай?

Жігіт таңқы танауын алақанымен жоғары қарай жапыра бір сүртіп, аспанға қарап алды да, сонан соң барып жауапқа көшті:

— Жоғары мәртебеңе бас ұрып кеп тұрмын... Өзіңнің қарамағыңда, тұтқындар палатасында, мәртебелі тақсыр, менің ағам Васька, яғни варвариндік ұста жатыр еді...

— Ал жатса қайтеміз?

— Жалынамын, жіберші оны!

— Түһ, кеңкелес екенсің ғой! Менің қандай қақым бар? Мен түрме қызметкері емеспін. Оны ауруханаға әкелсе, емде деп әкеледі, мен емдеп жатырмын, сені түрмеге жабу қолымнан қалай келмесе, оны босату да солай қолымнан келмейді.

— Оны тектен-текке қамап отыр. Соты болам дегенше, білесің бе, бір жыл тергеуде жатты, енді кеп қарасақ, неге жатқанын өзіміз де білмейді екенбіз. Егер кісі өлтірсе немесе ат ұрласа бір сәрі ғой, жазықсыздан-жазықсыз күйіп барады.

— Солайы солай шығар, бірақ менің бұл іске қандай қатысым бар?

— Адамды не үшін қамағандарын өздері де білмейді. Ол ішіп алған болатын, құрметті мырза, ес-түсі жоқ мас боп кеп әкемді құлақ шекеден қонжитқанын, өзі шекесін жарып алғанын да білмейді, ал біздің тағы бір екі жігіт кеп - әлдеріне қарамай, қарасаңызшы, түрік темекісіне құмарта қапты - сол екеуі оның басын айналдырып, түнде армян әйелдің дүкенінен темекі ұрлауға алып кетеді. Ол ақымақ мастықпен көне кеткен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Көк құмыраның сыры


Джек Гарингтон сөреден бастап доп барып түскен жерге дейінгі арақашықтық қанша екенін мөлшерлеп, оған көңілі толмай тұрған болатын. Доптың тұсынан арт жақта қалған сөреге көз тастап, екі аралықты көзбен тағы бір шолып өтті. Өңінен ызаланып тұрғаны байқалады. Бір күрсініп қойып, таяғын жоғары көтеріп, қатарынан екі рет соғып еді, бірінде таяғы бақ-бақты жұлып түсті де, екінші рет бұрқ еткізіп, бір уыс шымды қопарып кетті. Тек үшінші ретте ғана допқа таяғы дөп тиді.

Жасың жиырма төртке келгенде гольфты кемшіліксіз шебер ойнауға уақыт табу онша оңай шаруа емес. Өйткені бұл кезде уақытыңның көпшілігі күнелтудің қамына жұмсалып, ықыласың соған ауа бастайды. Аптаның бес жарым күнін Джек жұмыста, қаланың ортасындағы қызыл ағашпен қапталған еңсені басатын кеңседе өткізетін. Тек сенбінің екінші жартысы мен жексенбіде ғана қолы босап, жеке басының шаруасымен айналысатын. Әлгі ойынға құмартқаны сонша, қиналып жүріп, Стоуртон Хит гольф алаңының маңындағы бір кішірек қонақ үйден бөлме жалдап алды. Күнде ертеңгісін сағат алтыда тұрып, бір сағат жаттығу жасап, сегізден қырық алты минут өткенде жүретін поезбен жұмысқа үлгеретін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Эдгар По | Ұрланған хат

Даналыққа қулықтан асқан құбыжық жоқ.

СЕНЕКА

18... жылдың желкемді бір күзгі кешінде Парижде ымырт үйірілген шақта пенкадан жасалған трубканы қолға алып, досым С. Опост Дюпеннің аядай кітапханасында, яғни Сен-Жермен елді мекенінің Дюно көшесіндегі № 33 үйдің төртінші қабатындағы бөлмесінде айырықша рахатқа батып отырған болатынмын. Бір-бірімізге тіс жарып, тіл қатпай бір сағаттан артық отырдық, сырт қараған адамға мен де, досым да бұрқырап, бөлмені кернеген темекі түтінінен көз алмай, мелшиіп қалған тәрізді болып көрінуіміз де ғажап емес. Алайда мен кешқұрымғы әңгімеміздің арқауы болған оқиғаны ойша сараптап отырғанмын.— Мен бұл арада Морг көшесінде болған оқиға мен Мари Роженнің өліміне байланысты құпия жөнінде айтып отырмын. Міне сондықтан Париж полициясының бастығы, біздің байырғы танысымыз мосье Г... есікті ашып, кітапханаға кіріп келгенде, мұның өзі маған күтпеген әдемі үйлесім болып көрінді.

Біз онымен шұрқыраса амандастық, өйткені оның жағымсыз мінезі мен жақсы қасиеттері тең түсіп жағатын да, әрі біздің көріспегенімізге талай жылдар болып кеткен-ді. Ол келер алдында ақшамда жарықсыз отырғанбыз, енді Дюпен шам жағуға ұмтыла беріп еді, бірақ Г. бізбен — турасын айтқанда, менің досыммен өзін әбден әбігерге түсірген бір мемлекеттік маңызы бар іс жөнінде ақылдасуға келгенін айтқанда ол өз креслосына қайта сылқ ете кетті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Түркі жастарының алып қара шаңырағы немесе бағызы өркениеттің кіндік жұртындағы таңғажайып


Азия кіндігінде алаулап тағы бір таң атты. Сол таң нұрымен бірге ұлы ел оянды. Бөркін аспанға атып алпыс екі тамыры бусанып, шер мен налаға толы көкірегі қуаныштан бүр жарып, ақ түиенің қарыны жарылған, дүлдүл тұяқтың дүбіріне от беріп, көбеңсіп жеткен тәуелсіздік атты алтын бақ қазақтың басына қонды. Оң иығына күн сүйген қыранын көтеріп, сол иығына құл сүйген құранын ұстап бодандықтың уысынан шығандап барып еркіндікке қол жеткізді. Тілі, діні, ділі азат ел болды. Сүйтіп Қазақстан аты күллі әлемге жорғадай тайпала жөнелді. Желтоқсан желімен жарысып...

Маңдайына жаңадан қонған бұл тәуелсіздік бақыты аспаннан тегін май шелпек секілді жауа салмады. Жанға-жан, қанға-қан берген, елі үшін, жері үшін еркек тоқты құрбандық деп басын бәйгеге тіккен рухы өр алдаспан жарқылындай асылдардың қызыл қанымен келді. Алғашқы оттың тұтануы «1986 жылы желтоқсан оқиғасы» болып жүрегінде оты бар, ұлтын езіле, емірене сүйген қазақ жастары бүкіл комунизм дүниесіне қарсы наразылығын көрсетіп, дұшпанына жасын ойнатып, азуын айға біледі. Арыстандай айбар шегіп, барыстай атылды. Бірлігін көрсетті. Қасының десін басып көңіліне күдік орнатып жүрегіне қорқыныш атты ұя салды. Алқағаны ел, қарғағаны жер боларын ұғындырды. Шешінген судан тайынбай Қайрат Рысқұлбеков бастап ерліктің құрбаны болды. Соңғы демі таусылғанша шындық жырын шырқады. Көп ұзамай ақиқаттың ақ таңы туып соңы егемендікке ұласты. Елі тау мінезді ұлдары мен намысы алдаспан жүзіндей қыздарының ерлігін адақтап еске алып ұлықтады. Тәуелсіздіктен кейін боздақтарды еске алу күнін әр жыл сайын салтанатты әрі айбынды күллі қазақ жерінде тойлау дәстүрге айналды. Тәуелсіздік таңында туылған жас ұрпақтар ерліктеріне сүйіне қарап, таңдана жырлайтын, еске алып бой түзеп рухын оятып үлгі тұтар аңыздар тіліндей желтоқсан құрбандарының мәңгілік асқақ рухы қалды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Атеросклероз кезіндегі оксидативті стрестің көрсеткіштері

Қазіргі уақытта атеросклероз және қан тамырларымен байланысты аурулардың көбеюіне байланысты бұл аурулардың этиологиясын жан жақты зерттеу медицинаның басты проблемаларына айналған. Атеросклероздың дамуына септігін тигізетін көптеген факторлар бар. Олар: темекі тарту, семіздік, аз қозғалудан, тамақта шектен тыс холестириннің болуынан , липидтің алмасуының бұзылуы. Соңғы жылдарда атеросклероздың этиологиясы мен патогенезінде липидтердің асқын тотығу жүйесінің маңызды роль атқаратынын дәлелдеу жолында көптеген зерттеу жұмыстар жасалынды. Липидтердің алмасуының бұзылуын пайда болатын стресті оксидативті стресс деп те атайды. Оксидативті стресс организмде липидтердің асқын тотығының активтілігінен пайда болады. Бұл процесс нәтижесінде организмде бос радикалдар шектен тыс түзіледі де, олар белок пен нуклеин қышқылдарын синтезін тежейді, гликолиз бен фосфорлы тотығуды және кейбір активті ферменттерді тежеп тастайды. Липидтердің асқын тотығының жылдамдығының жоғары болуы антиоксидантты қорғаныс жүйесін тежейді. Өз кезегінде антиоксиданттар бос радикалдардың артық мөлшерін жояды. Осы мәліметтерді пайдаланып атеросклероздың комплексті терапиясында антиоксиданттарды қолдануымызға болады. Антиоксиданттарды қолдану арқылы біз липидтердің асқын тотығының өнімдерінің мөлшерін азайтуға болатындығын және антиоксидантты қорғаныс ферменттерінің белсенділігін жоғарлатуға болатындығын көптеген зерттеулер көрсетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | 12 жастағы еркін күреспен айналысатын балалардың үйлестігін дамыту

Еркін күрес, гректер заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Еркін күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады.
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қаражаттырынң есебі мен аудитін жүргізуді жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы “Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің №4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: “Ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі” осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттарымен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: “Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есептегі кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында тапсырады” делінген.
Ұйымдардың өздеріне қажетті проблемаларды шешуде, өз қажеттілігін толық қамтамасыз етуге, кезекті шикізаттар мен материалдарды сатып алуға ақша қаражаттар есебінің атқаратын қызметі өте жоғары. Осы тұрғыдан қарастырғанда курстық жұмыстың өзекті екендігі байқалады.
Өндіріс салаларын жетілдіру, шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру, ішкі резервтерді анықтау басқару жүйесін арттыруға әсерін тигізеді. Дәлірек айтқанда, дұрыс шешім қабылдау басшының еңбегінің «өнімі» болып табылады. Бұл «өнім»- өзгеше өнім. Өйткені, біріншіден қабылданатын шешімдер ұйымның дамуына көмектеседі. Екіншіден, шешімді дұрыс қабылдау ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбекқорларын көбейтуге әсерін тигізеді. Үшіншіден, ақша қаражаттарының өсуіне, қаржы тұрақтылығына көмектеседі. Осы тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттарын дұрыс пайдаланып, оның өз орнымен жұмсалуына бухгалтерлік есеппен аудиттің орны ерекше. Сондықтан да ақша қаражаттары есебі шын аудиттің негізгі мақсаты ұйымның ақша қаражаттарын өндіріс процесінде дұрыс пайдалану, кен жабдықтарымен, бюджетпен мезгілінде есептесіп, ысырапсыз жұмсау. Осы айтылған міндеттемелерді іске асыруды бухгалтерлік есептің атқаратын орны бөлек болып есептелінеді. Осыған орай негізгі мәселелері болып ақша қаражаттарының есебін дұрыс ұйымдастыру және олардың дұрыс бағытта жұмсалуын қадағалау.
Осы айтылғандарды іске асыру үшін бухгалтерлік есептің алдында төмендегідей міндеттердің орындалуын қажет етеді:
- ақшалардың түсуін және жұмсалуын берілген тәртіп бойынша қатаң түрде сақтау қажет;
- ақша қаражаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
- ақша қаражаттарының уақытылы және толық түрде кіріске алынуын қамтамасыз ету....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0