Шығарма: Менің елім - менің Қазақстаным

Бұл құдіретті сөзді Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ. Өйткені біздер, жастар, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлттық ұл-қыздары қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, достық қарым-қатынаста, береке мен бірлікт, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз.
«Отан үшін отқа түс-күймейсің,»- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ата-бабаларымыз қанын төгіп, жанын беріп, басынан нелер кешпеді, нелер өткермеді десеңізші? Азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет тартқан бабаларымыздың ерлігін қалай ұмытармыз. Ұмытпаймыз да, ұмытылмайды да.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын.
Қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің, қайта бөлудің экономикалық тетігі және ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Физиология | Денсаулық – шексіз бақыт

Жас кезеңдері деп адамның өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерін, шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде ағзаның даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі даму деңгейде дайындалу мерзімі басталады.
Адам жасының даму кезеңі бірнеше кезеңге бөлінеді:
1. Жаңа туған сәби (нәресте)---------------------------- 1-10 күн
2. Емшектегі сәби---------------------------------10 күн-1 жас
3. Сәбилік шақ-------------------------------------------1-3 жас
4. Бірінші балалық шақ----------------------------------4-7 жас
5. Екінші балалық шақ------------------------қыздар 8-11, ұлдар 8-12 жас
6. Жасөспірімдер немесе жеткіншек шағы-------- қыздар 12-15, ұлдар 13-16 жас ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ

Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, № 1 ауылында дүниеге келген.
1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан.
1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған.
1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Саясаттану | Жеке тұлғаны саяси әлеуметтендіру процесіне білім мен саяси құндылықтардың ықпалы

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірінің барлық салаларында түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде де түбегейлі жаңарулар орын алуда. Демек, бүгінде Қазақстан КСРО кезіндегі бірыңғай және қатал мемлекеттік білім беру жүйесінен білім алудың плюралистік түріне өту үстінде. Яғни, елімізде білім беруді демократияландыру мен егемен мемлекеттің білім беру саясаты қалыптасуда.
Білім беру саласын дамыту еліміздің тәуелсіздігі мен дербес мемлекеттігін нығайту жолындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Қазақстанның шекарасы

Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан.
Батысы – Еділдің төменгі ағысы,Каспий маңы мен Тұран ойпаты.
Шығысы – Алтай таулары.
Солтүстігі – Батыс Сібір жазығы.
Оңтүстігі – Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесі.
Батыстан шығысқа дейін – 3000 км,солтүстіктен оңтүстікке дейін – 1600 км.
Қазақстан жерінің ауданы – 2724,9 мың км².Жер шарының халық мекендеген құрлықтың бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы біздің еліміздің үлесіне тиеді.Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып табылады.
Жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-шы орын алады.Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын,Азияның 6,1%-ын құрайды.
Еуразия материгінде Ресей,Үндістан,Қытайдан кейінгі төртінші орында,ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейінгі екінші орында тұрады.БҰҰ мүше 180 мемлекеттің ішінде – 9-орында.
Республика жерінің шеткі нүктелері 55˚26΄-40˚56΄ с.е. және 45˚27΄-87˚18΄ ш.б. аралығында орналасқан.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Физика | Физика тілін қалыптастырудың әдістемелік негіздері

Физика ғылымының тілі –бұл физикалық терминдер. Термин дегеніміз – ғылым, техника, өнер аумағындағы қандай да бір белгілі ұғымның атауы болып табылады. “Термин” ұғымының жалпы анықтамасына сүйене отырып біз физикалық терминді келесі түрдегідей анықтаймыз. Осыдан физикалық термин дегеніміз – бұл физикалық ұғымның атауы болып табылатын сөз немесе сөз тіркесі, ал физикалық ұғым – физикалық обектілер мен физикалық құбылыстардың мәнді белгілерінің бейнесі.
Ғылыми – техникалық даму барлық ғылыми білім салаларындағы түсініктер мен терминдердің жүйесін тәртіпке салу мәселесін күшейте түсті. Физика қазіргі техника мен өндірістің негізі болып табылады және маман халық шаруашылығының кез-келген саласында физика ғылымдарының әдістері мен тілін еркін пайдалануға тиіс. Сондықтан арнайы орта мектептің қазіргі кездегі өзгертулерінің басты мәселелерінің бірі- табиги математикалық, жалпы техникалық және арнайы пәндердің жетік меңгерілуі үшін физиканың оқытылуының сапасын, нәтижесін және ғылыми деңгейін айтарлықтай көтеру. Бүгінгі күнде физиканы толық негізде қазіргі кезде ғылым мен техниканың тілі деуге болады. Әрине қандайда бір ғылым тек физикалық емес, сондай- ақ табиги және өзінің арнайы тілімен қолданылады. Бірақ физика тілінің қолдану деңгейі сол немесе басқа ғылымның дамуының маңызды көрсеткіші.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0