Бағдат Сәмидинова (5 ақпан, 1954 жылы туған, Меркі ауданы Ақарал ауылы) – әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1995). Құрмет орденінің иегері (2011). Өмірбаяны Батыр Сыпатай атындағы мектепті бітірген. Алматыдағы эстрада студиясын (халық артисі, профессор Н.Шәріпованың класы бойынша) бітірген (1975) әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1989). 1976 жылдан Қазақконцертте әнші....
Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов (2 наурыз, 1938 жылы Түркістан облысы, Түркістан - 3 қараша, 2007 жылы Түркістан) — актер, театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1987). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1979). Платинды «Тарлан» сыйлығының иегері. Түркістан қаласының Құрметті азаматы. Райымбек Ноғайбайұлы 1938 жылы 2 наурызда Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 1955 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «актерлік» бөлімін бітірген. 1960 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қызыметке алынады. (Осы театрда жүріп: Н.Гогольдің «Үйленуінде» Кочкарев; Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» Адвокат; Қ.Мұхаммеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» Сұңғат; «Құдағи келіпті» Арыстан; Ш.Айтматовтың «Ана – жер-Анасында» Жайнақты; М.Байджиевтің «Жекпе-жегінде» Әзизді; М.Әцезовтың «Қарақыпшақ Қобыладысында» Бірсімбайды; У.Шекспирдің «Оттеллосында» Касиосын және «Асауға тұсауында» Люченцио сынды т.брөлдерді шебер сомдаған дарынды артист).....
Сембек Сейдәзімов – нағыз атымтай жомарт азамат. Өзі түлеп-ұшқан киелі Жамбыл топырағына аянбай еңбек сіңіріп, талай қайырмды істерге ұйытқы болып жүрген нар тұлға.
«Қолы ашықтың – жолы ашық» деген жақсы сөз бар қазақ халқында. Кемел елдің келісті келешегі, ұлағатты болашағы дегенде, ішкен асын жерге қоятын аптал азаматтар жетерлік ортамызда. Асылы, «Байлық – мұрат емес, жоқтық – ұят емес» дейтін қазақ мақалы байлықты мақсат-мұрат санамаған, оны тек басқаға жанашырлық танытып, көмек көрсету мүмкіндігі деп қарайтын жандар жөнінде айтылған ғой. Қазақ ұғымындағ....
Риккетсиялар— микроорганизмдер көлемі 0,2-н 30 мкм-ге дейін.Олардың жасуша қабырғасы екі қабатты қабықшадан, цитоплазмадан, нуклеоидтан тұрады. Риккетсиялар пішіндері бойынша таяқшалы,жіпшелі және конус тәрізді болады. Барлық риккетсиялар жасуша ішілк паразитер, сондықтан олар тек тірі ағзада ғана көбейе алады. .....
Килиманджаро - биіктігі 19710 фут, басын мәңгі қар басып жатқан тау, дәлірек айтқанда, Африканың ең биік шыңы. Масай тайпалары оның батыс шыңын "Нгайэ-Нгайэ" деп атайды екен, мұның мағынасы Тәңірдің тұрағы немесе құдайдың қонысы деген сөз. Сол шыңның құзар басында мерт болған қабыланның мұздап қатып-қурап қалған сүйегі жатыр. Осынау қарлы құзға қабыланды не айдап барғанын тірі жан білмейді.
— Бір ғажабы бұл дерт мүлде жаныма батар емес,- деді ол.- Әбден асқынып, меңдегенде ғана білінеді ғой деймін.
— Тіпті еш жерің ауырмай ма?
— Еш жерім ауырмайды. Тек қолқаны ататын мүңкіген иісі демесең. Енді ол жағын кешірерсің. Жүрегіңді айнытып тұрған болар.
— Олай деме, қайтесің олай деп.
— Аналарға қарашы,- деді енді сырқат,- Міне қызық, бұларды қай Құдай айдап әкелді? Құр тамашалау үшін қалықтап жүр ме екен, әлде иісті сезді ме екен бұл жыртқыштар.
Ол жатқан кереует қалың жапырақты мимозаның саясында тұрған еді. Осыдан күн нұрына шомылған жазықты кеңірек шолып әрі қарай көз жіберді де, ол анадай жерде қоқиланып жүрген үш құзғын құсты көрді, ал енді бірнешеуі аспанда қалықтап жүрді де қойды. Олардың тек жерге түскен көлеңкелері ғана тез-тез зымырағандай. - Машина бұзылған күннен бері олар сумаңдап осы маңнан кетпей қойды, - деді ауру. Бүгін бұл құзғындар бір нәрсені сезгендей жерге жалпиып-жалпиып қонып алған. - Алғашында мен болашақ әңгімелерімнің бір жеріне қыстырып жіберуіме септігі тие ме деген оймен олардың бар әрекетін бақылаумен болған едім. Бақсам, олай ойлауымның өзі ағаттық екен. .....
Қазақстан Республикасының саяси тәуелсіздігі оның алдына экономикалық дербестік міндетін қойып отыр.Қазір әлемде мулдем дебес экономика жоқ. Қазір дамыған өндірістік күштер тұсында түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізудегі қандай да бір дербестігі шартты түрде. Жапония немесе АҚШ сияқты елдердің өздері ең болмағанда шикізат немесе капитал нарығына тәуелді. Аталып өткендерді ескерсек, әңгіме негізгі тауарлар елдің өз ішінде өндіріліп, мемлекеттің экономикалық дамуы басқа ел басшыларының еркі мен құлқына тәуелді болмайтын дербестік жайында.Қазақстанның мұндай дербес экономикалық көтерілуі қайта жаңғырту мен елдің әрі қарай даму жолына терең теориялық негіздеу арқылы ғана іске ауы мумкін. Даму жолдарын теориялық жағынан терең негіздеу, өткен оқиғаларды ой елегінен дұрыс өткізгенде ғана мүмкін болады. Бұл тұрғыда зерттеу методологиясын айқындау қажет. Жоғарыда айтылғандар, аралас экономиканы қалыптастыру проблемасын айқындаған қоғамдық өндіріс формаларының ауысуындағы жаңа көзқарас пен диалектиканы белгілеу проблемасын бірінші кезекке қойды. Соңғысы, ғылыми әдебиеттермен күнделікті өмірде түрліше пайымдалып жур, бұл еңбек бөлінісі, өндіріс күштерінің және қоғамдық өндіріс түрлерінің даму формаларын сораптау негізінде аралас экономиканың бекуіне генетикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігін туындатты. Мұндай көзқара-с формаларының көп түралілігін, яғни там порталықтандырылған әкімшілік экономикадан нарықтық қатынастарға өту қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік береді.....
"Жақсы сөз - жарым ырыс". Ғасырлар қойнауынан қаймағы бұзылмай келе жатқан ана тіліміз нақыл сөздерге бай. Бүгін біз сіздерге соның бір парасын ұсынамыз.
1. Өзіңе жағымсыз істі өзгеге істеме.
2. Ешқандай жақсылық зая кетпейді.
3. Жақсы мен жаманның айырмасы сиыр мен жыланың айырмасындай. Біріншісі шөпті сүтке айналдырады, екіншісі сүтті уға айналдырады.
4. Кімде-кім ашуға ашумен жауап қайтармаса, екеуін де – өзін де, өзгені де құтқарады.......
|Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады. Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. /1/ Онда: 1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер; 2) Күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау; 3) Цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару; 4) Ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады. Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие. Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т.б. жүйелерді басқара алады. ....
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген. Осыған орай, елімізде түбегейлі экономикалық және саяси қайта құрылыстар жүргізілуде, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болып, дамуға байланысты, шаруашылықты жүргізу мен халықтың әл-ауқатын жақсарту нарықтық қатынастарға негізделетін, мемлекет экономика мен әлеуметтік-мәдени салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен құқықтық реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды білу құштарлықтары арта түсуде. Қазіргі кезде экономикалық және қоғамдық–саяси жүйелерінің өзгерісі жергілікті басқару органдарының құрылуы мен дамуына тікелей байланысты. Қазақстанның соңғы жылдардағы тәжірибесі жергілікті шаруашылықты басқару бүгінгі күні экономикасы нарықтық, әлеуметтік бағытталған, құқықтық және демократиялық мемлекетті құруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Сонымен қатар мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етуде және күрделі ішкі проблемаларды шешуде аймақтық және жергілікті деңгейлерде басқарудың маңызы зор екенін елде қалыптасқан жағдай дәлелдейді. ....