Курстық жұмыс: Информатика | Инфорорматика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологиялар

Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады.
Қазіргі пайдаланып жүрген мағынадағыдай педагогикалық технология ұғымы 1960 жылдардан бастап бихеииористік, необихеиористік тұжырымдардан басту алатын, «толық меңгерту» теориясына негізделген, жоғарыда атап өткендей нәтиже алуға бағытталған АҚШ және батыс Европа елдеріне практикаға ене бастаған маңгеру технологияларына байланысты пайда болды.
Осы жылдарды шетелдерде біршама қолға алынған оқытудың технологиялық құралдарын пайдалану, бағдарлы оқыту мәселесі де педагогикалық технологиялар теориясының қалыптасып, дамуына үлкен ықпал етті. Жалпы оқытудың педагогикалық технологиялары ұғымы педагогика ғылымына жүйелі түрде 1970 жылдардан бастап ене бастады. Кейбір әдебиеттерде оқыту процесін технологияландыру оған ақпараттық технологиялық құралдарды пайдаланумен байланыстырылатын көзқарастар айтылады. Төменде талданып «педагогикалық технология» ұғымының мәнінен көретініміз мұның бір жақта, алғашқы, үстіртін пікірден туғандығы.
Қазіргі уақытта білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сабақтың тиімділігін арттырудың көптеген әдіс тәсілдері бар:

• жекелеме немесе топтармен жұмыстар;
• мөлшерленген үй тапсырмалары;
• стандартты емес сабақтар т.с.с

Стандартты емес сабақтың бір түрі модульдік сабақ. Модульдік сабақ бірнеше артықшылықтармен ерекшеленеді. Сабақ басталысымен оқушы өзінің не істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығуы керектігі жөнінде толық мағлұмат алады. Себебі, оқушыларға мұғалім алдын ала дайындалған сабақтың жүру жоспарын, яғни орындайтын тапсырмалар нұсқауын таратып береді. Онда сабақтың түпкі және оның әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетілген. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ

Потенциалды сатып алушылар қолындағы құралдарды тиімді пайдалануға болатын елеулі көмекті ипотека береді. Тұрғын үй ипотекасының несиесі құрылысшыларға да тұрақты және тұрғын үй құрылысын үздіксіз қаржыландыруға көмектеседі. Бюджеттен елеусіз қаражеттар бөлінгенімен, ипотекалық несие қазіргі уақытта бюджеттік емес қаржыландыруға түсетін пәрменді түпдеректің бірі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекет үшін құрылыс кешеніне инвестициялық процессті реттеу мәселесі маңызды. Құрылыс кешеніндегі инвестициялық процесстерді жүргізу мен ұйымдастыру механизмі нарықтық экономика талаптарына баламалылық және «нарық ойынының заңдарын» инвесторлар (заңды тұлға), банктер, тапсырыс беруші және құрылысшыларды ескеру қажет. Шетелдік тәжірибені толық қолдану Қазақстан экономикасының ерекшелігі мен нарықтық қатынастардың толық орындалмауы салдарынан қиындатылған. Оған қарамастан, тұрғын үй ипотекалық несие тәжірибесіне сүйене отырып, оның тәжірибелік қолдануының мүмкіндігін куәландырады. [1, б.104]
Бұл жұмыстың теориялық маңыздылығы, Қазақстандағы ипотекалық несиелеудің дамуы және қалыптасу процессі туудан және бүгінгі күнге дейін толық қаралған, яғни, ҚР ипотекалық жүйесінің әрекет істелгенінен бастап қорытындылау жасалған.
Жұмыстың тәжірибелі маңыздылығы, осы тақырыпты одан ары зерттеу үшін қолдану мүмкіндігі, сонымен қатар, жұмыстың орындалуы барысында алынған білім, келешек кәсіпшілік қызметте өте бағалы және пайдалы бола алады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Тұтынушы талғамы

Кіріспе.
Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан, тұтынушылардың сұраныстардың зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін жеке қандай бағамен алғысы келетінін дер кезде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс - әрекеттері «микроэконмиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.
Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда егер А,В,С тауарлар құрамы берілген болса, олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу

КІРІСПЕ
Қандай да экономикалық қызмет болмасын ол адамдардың өмір сүру деңгейін жоғарлатуға бағытталады. Яғни, экономикалық дамуда әлеуметтік мәселе бірінші орында болады. Ал осы әлеуметтік мәселелердің ең бастысы қандай да жеке тұлға болмасын ол отбасын құрап, өзінің баспанасы болуын қалайды. Бірақ әрбір жас отбасылардың қазіргі таңдағы элиталық немесе қарапайым үйлерді алуына қаражаттары жетпейді. Осы әлеуметтік мәселені шешуде несиелеу механизмінің маңызы ерекше. Осы аталған тұрғын үйлерге байланысты және қаражаттары шамалы бірақ тұрақты жалақы бар азаматтарды несиелеудің ең ыңғайлы жолы мен түрі ипотекалық несиелеу болып табылады.
Ипотека термині – кепілдік, кепілзат немесе кепілге салу деге нмағынаны білдіреді. Ипотекалық несие дегеніміз – бұл жылжымайтын мүліктерді кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие түрі. Ипотекалық несие экономикалық мағынасы жағынан – бұл банктен немесе басқа қаржы ұйымдарынан ссуда алу мақсатымен жылжымайтын мүлік кепілінің алуын түрлілігі болып табылады. қарапайым тілмен айтқанда ипотека дегеніміз – бұл қарыз ақшаға үй сатып алу.
Ипотекалық несиелеу формасы әлемніңң дамыған елдердің барлығында дамыған және ол елдердегі халықтың 30-40% ипотекалық несиелер арқылы тұрғын үйге ие болады. Ал Қазақстанда бұл көрстекіш 2005 жылдардың соңғы мәліметтері бойынша 11,7 мың отбасын құрап, бар жоғы 6% шамасында болып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорындарының бәсеке қабілеттілігі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 – ақпанындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағыты көрсетілген. Осы отыз бағыттың он төртінші бағытында Қазақстанның халықаралық экономикалық өрістегі бәсекеге толыққанды қатысуы техникалық стандарттар талаптарын орындауды талап етеді. Техникалық стандарттау өнім мен қызмет сапасын қамтамасыз ету құралы ғана емес, біздің тауарларымыз бен қызметіміздің жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілетттілігін жүзеге асырудың міндетті шарты ретінде де қарастырылуы керек деп атап көрсетілген болатын .
Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика көп қырлы, әр түрлі: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықтық қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі - бәсеке қабілеттілік. Қазақстан Республикасы ашық нарықтық экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарда тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсекеқабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді.
Ел экономикасының бәсеке қабілеттілік түсінігі көп деңгейлі және бәсекеқебілеттіліктің үш деңгейінен қалыптасады: жалпы ұлттық, салалық және кәсіпорын деңгейінде.
Елдің бәсеке қабілеттілігі әр деңгейде, ұлт ортасындағы факторлар мен ерекше шарттың өзара іс-қимылдарының нәтижесі болып табылады. Ел бәсеке қабілеттілігінің соңғы деңгейі болып бәсеке қабілеттілігі бар өнім шығаратын кәсіпорын деңгейі болып табылады. Сол себепті кәсіпорында елдің негізгі бәсекелі базалық артықшылықтары кепілзатқа салынады. Бұл жерде бәсеке қабілеттілігі бар өнім түсінігі туралы сұрақ туады.
Тауардың бәсеке қабілеттілігін бағалау берілген өнімнің басқа фирмалардың сәйкес өнімімен салыстыру негізінде жүргізіледі ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Күзгі табиғат

Мақсаты
• Күзгі табиғаттағы, ауа райындағы өзгерістерді байқай отырып, артикуляциялық және дауыс аппаратын дамыту;
• Қойылған сұрақты тыңдап, дұрыс жауап беруге тәрбиелеу;
• Табиғаттағы, ауа райындағы өзгерістерді байқауға талпындыру.
Құрал - жабдықтар, көрнекіліктер орман макеттері, шырша, аққайың, терек, емен, бұталар; қоян, түлкінің суреттері, жапырақтар.
Сөздік жұмысы
қалқып, мүлгиді, ішік.
Билингвалды компонент
жапырақ - лист, орман - лес, күз – осень

Мотивациялық - қозғаушылық
Жылулық шеңбері
Қайырлы таң!
Қайырлы таң, мөлдір көздерім!
Қайырлы таң, жұмсақ қолдарым!
Қайырлы таң, мықты аяқтарым!
Қайырлы таң, арайлы күн, аспан!
Өлең тыңдаймыз
Мақсұт Неталиевтің «Күз суреті» өлеңін оқу:
Сары ала жапырақтар,
Қонады қалқып ұшып.
Мүлгиді атырап бар,
Жамылып алтын ішік.
Бу шығып бүйірінен,
Ағады жылға - бұлақ.
Сұрақтар қою:
- Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған, қандай жыл мезгілі туралы жазылған?
Жауаптарын тыңдап, толықтыру.
Жаңылтпаш айтамыз
Санай бер, қарай бер,
Бояуы жүз, келді күз.
«Жапырақтар» тыныс алу жаттығуы
Жіпке байланған жапырақтың үлгісіне үрлету.
Жапырақтардың қайда ұшып баратыны туралы сұрақ қойып, балаларды орманға серуенге баруға шақыру.
- Көзімізді жұмып, сары жапырақтар сияқты айналып, орманға ұшып барамыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ынтымақты отбасы сайысы

Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың бір - біріне деген қарым - қатынастарын байқау. Салт - дәстүрді дәріптеу.
Барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе
Қазіргі отбасындағы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата - баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу. Халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады.
Бүгін біз «Ынтымақты отбасы» сайысын өткізгелі отырмыз.

Бүгінгі бағдарламада:
1. «Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер» (Өзін - өзі таныстыру)
2. «Ата мұра – асыл қазына» (салт - дәстүр сұрақ)
3. «Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер» (баламен бірге іс істеу)
4. Мақал - мәтел сайысы (балалар отбасы туралы мақал айтады)
5. «Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю»
6. «Ұяда не көрсең,
Ұшқанда соны ілерсің» (отбасындағы әдетке айналған іс - шаралар)
7. «Халық тәлімі - тәрбие бастауы»(ситуациялық сұрақтар)
8. Қорытынды......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани

Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.

Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. “Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнде­лікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.

Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. “Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақаң аты­шулы Машан бидің немересі.

Машан Жамантай төренің кеңесші биі, аузымен орақ орған шешен болған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, тау-кен инженері, қазақтың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің “Қаһар” атты романында Машан бидің атақты Ағыбай батырдың досы, Құнанбай, Құдайберді тәрізді адамдармен үзеңгілес, туыстық та қарым-қатынаста болғанын, қаз дауысты Қазыбек бидің досы болғандығын жазған. Құнанбай қажы мен Машан би жылына бір рет Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып отырған екен. Осындай бір кездесуде атасымен бірге жәрмеңкеге барған бала Ақжан Шәкәріммен де кездескен. Ақаңның әкесі Жақсыбек Құранға жүйрік, сол кездердегі “Айқап”, “Дала уалаяты” атты газеттерді жаздырып оқитын адам болған. Ақаң алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін кеңес мектебінен үйренген. 1924 жылы Қарқаралыдағы Әлімхан Ермеков негізін қалаған педагогикалық техникумға түсіп, Әлекеңнен, Ахаңнан (Ахмет Байтұрсынов) дәріс алған. Міне, осындай думанды шаңырақта, ойшылдардың ортасында жүріп, тәлім-тәрбие алған Ақжан Жақсыбекұлының ғұлама ғалым болмауы мүмкін емес еді. Ақжан ата бойындағы әділдігі, сабырлылығы, зеректігі, зерделілігі, ізденімпаздығы атадан балаға ұласқан сарқылмас қазынаның жалғасы деп білеміз.

Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалім болып бастаған Ақжан Жақсыбекұлы 1933 жылдың күзінде Семейдің геологиялық техникумындағы – дайындық курсын­да оқып, 1934 жылы Алматыда ашылған Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтының алғашқы студенттерінің бірі болып қабылданады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Батырлар жыры - ќазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып, даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған. XIX ғасырда батырлар жыры жазылып ала бастады. Бұл кезеңде көптеген ғалымдар қазақ эпостарын зерттеп, қағаз бетіне түсіре бастаған. Мысалы, Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың, Н.Ильминскийдің, Г.Потанинннің, А.Васильевтің, Ә.Диваевтың,т.б. ғалымдардың жинап бастырған еңбектерін ерекше атауға болады.
«Алпамыс батыр» жыры – қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі ең көнесі. Жыр дәл қазіргідей классикалық бүтіндікке ғасырлар бойында жетілу, толығу арқасында жеткен. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің шаруашылық кәсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы екендігін дәлелдейді.Батырлардың туып-өскен, өмір кешкен елі – Жиделі-Байсын тайпасының нақты аты – қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың, соның ішінде Жирмунскийдің дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар, адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан дәуірдің наным-сенім ерекшелігін танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкіл қазақтық көлемге көтереді.
«Алпамыс батыр» жыры баспа жүзін алғаш рет 1899жылы («Қисса-и-Алпамыш», Қазан) көрген.Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан.Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп, орысша мазмұнда бастырған – атақты фольклоршы Ә.Диваев болды.Ол бұл жырдың бір нұсқасын Ж.Бермұхамедовтен, тағы бірер нұсқасын Е.Ақылбековтың қолжазбасынан алған. /3.297/
Басқа да батырлар жыры сияқты «Алпамыс батыр» жыры да Кеңес үкіметі тұсында бірнеше рет басылған.Жырдың тарихи, көркемдік мәні мен әдебиеттегі орны туралы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Т.Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды.Бұл қатарда орыс ғалымы Жирмунскийдің «Түрік батырлық эпосы» туралы монографиясын атап өтуге болады. «Алпамыс батыр» жырының әлемге әйгілі болуына осы ғалымдардың жазған еңбектерінің пайдасы зор болды.
«Алпамыс батыр»жырының халық арасында айрықша қастерленуі оның нұсқасының көп болуына ықпал еткен. Мысалы, қазақ тілінде жырдың 10-11 нұсқасы бар.Қазан төңкерісіне дейін бұл жырды Қазақстанның барлық облыстарында айтып келген.Жырдың түрлі нұсқаларын айтқандар С.Аққожаев, Ә.Байтұрсынов, Е.Керімбетов, А.Нысанов, Ж.Жақыпов тәрізді ақын-жыршылар болып табылады. Әсіресе, Сұлтанбек Аққожаевтың жазып алған нұсқасы ең толық, әрі көркем түрі. /3.297/ ....
Рефераттар
Толық
0 0