Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорында өнім сапасын басқару

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары.

Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Қ.А.Яссауидің өміріне байланысты көптеген аңыздар бар. Өйткені халық жақсы көрген адамдары туралы кей нәрселерді тым асырып айтады. Бүл барлық қоғамда кездесетін жағдай. Біз тарихи жағдайларға сүйене отырып, Әзіреттің өмірін қысқаша баяндаймыз.
Қ.А.Яссауи Сайрамда дүниеге келді. Туылған жылы нақты белгілі емес. Бірақ көптеген тарихшылар 1093 жылы деп белгілейді. Әкесі Ибраһим ата ғалым, анасы Қарашаш деп аталып кеткен. Айша-Бибі:
Айша-үлгілі отбасының қызы болған. Екеуінің мазары Сайрамда. Сайрамның ескі аты -Испиджап болған. Қ.А.Яссауи кішкене жасынан әкесінен ілім ала бастаған. әкесі қайтыс болған соң әпкесі-Гауһар шахназбен Яссыға кетеді. Яссы-Түркістанның ескі аты. Яссыда Арыстанмен кездесіп біршама уақыт соның тәрбиесінде болған. Арыстанбап оның екінші әкесіндей болған кісі. Арыстанбаптың мазары Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде орналасқан. Қ.А.Яссауидің өмірінің көбісі Яссыда өткені үшін Яссылық мағынасын беретін Яссауи деп аталып кеткен. Яссауи сол дәуірдің ілімі мен рухани орталығы болған Бұхарға барады. Ол кезде жасы 20-ның үстінде болған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менеджмент | Персоналдың әлеуметтік психологиялық өзара қарым қатынас іс әрекеті

Кез келген ұйымның болашақтағы жетістігі персоналының клалиффикациясынан ғана емес, сонымен қатар кадрларды дұрыс пайдалануына және оларды ықтималды басқаруына байланысты болады.
Персоналы басқару- жаңа ғылым емес, бірақ соған қарамастан көп уақыт бойы біздің елімізде оған аса көп көңіл бөлінген жоқ. Өкінішке орай, біздің елімізде бизнестің алғашқы өмірінен бастап тек аз шығын шығару арқылы қысқа мерзімді пайда алуға негізделген. Сондықтан адам ресурсына аз көңіл бөлінген, өйткені ол ұзақ мерзімді және көп шығынды қажет етеді. Сонымен бірге Қазақстандағы еңбек нарығындағы жұмыс күшінің шамадан тыс көп блуыда әсерін тигізді.
Бірақ өткен 10 жылдық реформалар бұл көзқарастын дұрыс емес екндігін көрсетеді. Қазіргі Қазақстанда сенімділік абыройы жоғары бағаланады. Жақсы абыройдын негізгі құраушысы персоналдың жоғары біліктілігі болып табылады. Егерде адам колективын басқару кезінде әлеуметтік-психологиялық даму заңдылығы назарға алынбаса және кадрларды таңдау кезінде дұрыс көңіл бөлінбесе колективте қарама-қайшылықтар туындайды, жұмыс нәтижелігі төмендейді және жұмысшылардың жұмыстан шығу саны көбееді. Кейін уақыт өте көптеген қолайсыз мәселелер пайда болады. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей мемлекеттік комерциялық кәсіпорындар аса көп көңілді қаржы менеджментіне бөледі. Ал персонал басқару объектісі болып табылады, сондықтан оған аз көңіл бөлінеді. Сондықтан өкінішке орай көптеген кәсіпорындарда ұйым персоналын басқару дұрыс дамымаған. Бүгінгі таңда бәсекелестік фирмалар техника жағынан ұқсас жабдықталған және бірдей өндірісті ұйымдастыру мен маркетингтін амал-тәсілдерін қолданады, сондықтан бәсекелестік күресте фирмалар арасында айырмашылық персоналда және персоналды басқару жүйесінде көрінеді. Қазіргі уақытта кәсіпорындар үшін білікті мамандарды іздеу өте маңызды болып келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының ең басты мәселелерінің бірі

Педагогика әуел бастан – ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесінде сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным – мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары заман ағына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады. Адамзат қоғамының, ғылым-білімнің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түмсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғарғы дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысымен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелермен зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі аңықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымның дамуына игі әсерін тигізбейді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері

Кіріспе
Балаларды тәрбиелеу-өте күрделi нәзiкте жауапты iс. Әрбiр тұлғаның тәрбиесi отбасынан басталады.Әрине отбасы белгiлi бiр ұлт өкiлдерiнiң ошағы.Ондағы тәрбие сол ұлттық игi iс әрекеттер арқылы әдет-ғұрыпқа айналып, ол әдеп болып негiзделедi.
“Тәрбие бала дүниеге келген сәттен басталады ”деген сөздiң жаны бар. Бесiк жыры,ана әлдиiн естiп өспеген бала халық дәстүрiнде тәрбиеленген баладан туған халқын сүйетiн дiнiн .тiлiн құрметтейтiн мейрiмдi де, тәрбиелi азамат өсiп шығары анық.
Бүгiнгi мектептердегi жүргiзiлетiн тәрбиенiң негiзгi мақсаты да, мектептегi оқушының жас ерекшелiктерiне қарай құндылықтар маңызын санасына сiңiрiп, осыған байланысты тәрбие түрлерiн анықтау.
Педагогикалық процестi ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар коллективi бiржағынан тәрбие объектiсi, екiншi жағынан тәрбие субъектiсi болады. Осыған орай оқу тәрбие процесiнде мұғалiмдер мен ба-лалар ынтмақтастығы, олардың творчестволық еңбек етуiне зор сүйенiш болады. Тәрбиенiң субъектiлер мен объектiлерi арасында әр түрлi байланыстар пайда болады. Мысалы тәрбиешiлер мен оқушылар арасында қарым-қаты-нас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бiрлестiк iс-әрекетi т.б. Мұндай байланыстар педагоги-калық процестiң табысты болуына игi әсер етедi. Оқыту мен тәрбие процестерiн бiр-бiрiне ажыратуға болмайды. Бiрақ олардың әрқайсысы өзiне тән ерекшелiктерi бар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Кедейлік ұғымы онымен күрес тәжірибесі Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру жолдары

Қазақстандағы кедейлік табиғи, экономикалық, әлеуметтік-саяси себептерге негізделген. Кедейлікті зерттеудің негізгі көрсеткіші ретінде табыс, шығын, тұрғындардың өмір сүру деңгейі анықталған. Кедейшілік мәселесі қандай қоғамның болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршаға мәлім.
Кедейлік дегеніміз салауатты өмір сүруді қолдауға қажетті материалдық және мәдени ресурстардың жеткілікті болмауы.
Кедейшілік – тұрғындардың немесе отбасылардыңбелгілі бір бөлігінің ең төменгі ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану-физиологиялық, материалдық жіне рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік – экономикалық жағдайы. Кедей адамдар тек қана табысы төмен жандар емес, ол қоғамның нақты бір мүшелері болып табылады.
Кедейлік- адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның, не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік, сонымен қатар,адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен , оның кедейлік туралы субъективті түсініктерімен анықталады.
Кедейлік тек қана экономикалық құбылыс емес. Кең тұрғыдан алғанда, ол әлеуметтік құбылыс. Кедей тап- әлеуметтік баспалдықтың ең төменгі баспасында тұрған төменгі тап Ол ең төменгі әлеуметтік статусқа ие, мәртебесі өте төмен жұмыстың түрімен айналысады, мамандығының деңгейі төмен, не мамандығы жоқ.
Кедейлік бірінші кезекте экономикалық құбылыс ретінле сипатталады. Кедейлік- тамақтың, киімнің, тұрғын үйдің жетіспеуі не жоқтығы. Кез келген елдің кедей бөлігі негізінен жұмыссыздар, не төмен деңгейдегі табыс табушылар.
Кедейлік бүгінде адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тынысын анықтайды. Кедейліктің ушығуы қоғамның әлеуметтік өміріне кері әсер етеді. Кедейлік тұрақты әлеуметтік құбылыс ретінде әлеуметтік құрылымның бұзылуына, оның жаңа түрлерінің қалыптасуынаалып келеді. Дүние жүзінде кедейліктің таралу ауқымы кеңи түсуде. Нақтылай айтсақ, қазір 1, 3 миллиард адам қайыршылық жағдайында өмір сүруде. Соңғы отыз жыл ішінде өте байлар мен өте кедейлердің арақатынасы 30 :1-ден 61: 1 дейін өсті.
Кедейлікті түсінуге байланысты үш түрлі көзқарасты бөліп көрсетуге болады:
1. кедейлікті табыс негізінде түсіну- кедейлік мәселесін тар ауқымды түсіну. Адамның табысы анықталған деңгейден төмен болса, оны кедейлер қатарына жатқызады.
2. Кедейлікті негізгі сұраныстар деңгейінен түсіну- кедейлік мәселесін кең мағынада түсіну. Бұл жерде кедейлік адамның сұранысын, тамаққа деген сұранысын қосқанда, ең төменгі деңгейде қанағаттандыруға қажетті материалдық алғы шарттардан тыс қалуы ретінде қабылданады.
3. Кедейлікті адамның потенциалдарының даму мүмкіншіліктері тұрғысында түсіну- адамның негізгі мүмкіндіктері мен таңдауының жоқтығын көрсетеді. Оған : салауатты және ұзақ өмір сүруге, қажетті білімге, қоғамдық өмірге араласуға, басқа да әлеуметтік- мәдени сұраныстарын қанағаттандыруда да шектеулі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Кенжеқожа мен Кенен айтысы)

К е н ж е қ о ж а:
Арғы атам Мәделі мен Майлы қожа,
Ғылым мен өнерге асқан сайлы қожа.
Қазыны, қарта менен сары қымызды,
Қонаққа соятұғын тайды қожа.
Сүйеніп құс жастыққа, мамық төсек,
Ішпейтін қаймақ қатпай шайды қожа.
Патша менен бай-манап заманында,
Санаған жұлдыздама айды қожа.
Дін ислам күшті болып тұрған шақта,
Халыққа әділ болған жайлы қожа.
Сен болсаң кедейлерді жиып алып,
Бермедің бай, болысқа ешбір маза.
Бай-манапқа тілектес қожалар деп......
Өлеңдер
Толық
0 0