Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымы

Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыру керек. Өйткені, тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі – қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шарушылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.
Осы тұрғыдан келгенде еліміз тәуелсіздік алған кезден (1991 жылдың желтоқсаны) бастап мемлекеттігімізді жаңадан құру барысында оны басқару жүйесі өзгермелі жағдайларға жиі ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті. Міне, осы өзгерістердің негізі болған – экономикалық тоқырау жағдайынан шығу кезеңдері, шаруашылық жүргізудің жаңа нарықтық үлгісінің орнығуы және де әлеуметтік-экономикалық өсу қарқынының тұрақтылығына қол жеткізу проблемаларын шешу барысында мемлекеттік басқару органдар жүйесі мен міндеттері осы аталған курстық жұмыстың негізі болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – тарихи шолу жасай отырып, мемлекетіміз бен оны басқару жүйесін бөлек және арнайы зерттеуді талап ететін мәселе ретінде қарастыру.курстық жұмыс екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімінде, «Мемлекет мәні және нысандары», жалпы мемлекеттің пайда болуы, дамуы, мемлекеттің нысандары мен жіктелуі қарастырылған. Мұнда сонымен қатар мемлекеттік нысандары әр түрлі елдердегі басқару айырмашылығына көңіл бөлінген.
Ал, екінші бөлімде, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінде» еліміздің мемлекеттік басқарудағы ұстанып отырған саясаты мен мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдірудің негізгі бағыттарына тоқталған. Ең алдымен, мемлекетіміздің мемлекеттік-аяси құрылымы көрсетілген және де мемлекеттік басқарудың қалыптасу және даму кезеңдері қамтылған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығының ұғымы

1.1 Салықтың экономикалық мазмұны мен шығу тегі
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіліген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Табиғат қорлары

КІРІСПЕ БӨЛІМ
Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық корын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.
Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бөрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сиякты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінеді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ітттінде 35% -ы кесілген екен. Кейін адамзат кауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат корларын есепке альш, оларды тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар кабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.
Табиғат қорғау дегеніміз — тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) жөне өлі (топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б.) табиғатты корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу

Кіріспе
Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау.
Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen», BISAM, Сиар, Cessi Kazakhstan, Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары. Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса, ал Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы – 700-800 мың $.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулері

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Алаулаған аз ғана өмірінде кейінгі ұрпаққа өшпестей рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған аса көрнекті ғапым ағартушы және зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына өткен жылы ғана 170 жыл болды. Ш.Уалихановтың аса дарынды ғалым ретінде тарих, этнография, беунелеу өнері, география, әдебиет, заң және философияға, сонымен қатар басқа да салаларға қосқан үлесі зор екенін ескере отырып, оның терең энциклопедист ғалым екеніне сөз жоқ. Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы ретінде Шоқан Уалиханов – Қазақстанда, Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеуге үлес қосты. Шоқанның аса зеректігі мен қабілеттілігі және білімділігіне оның өзі оқыған ортадағы достары мен ұстаздары және кейіннен қызметтес болған әріптестері тәнті болған. Белгілі шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің “Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды” [ 19 ,160 б] дегеніндей, Шоқан отыз жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары ғана ашылып қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-саяси тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Шоқан ашқан жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижелерін кейінгі ғалымдар өз еңбектері мен зерттеулеріне негіз етіп алатын. Жастарды ғылым жолына үйретуде де Шоқан Уалиханов есімі әрдайым биік орындарды иемденеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Соңғы сағатта)

Тәтті өмірдің тамаша қимас күні,
Тоқтата алмас ажалдың уын тыйып!
Соғар соңғы сағаттың аяулы үні,
Көз алдыңа елестер бір тұңғиық.
Жасарымды қанша жыл білмеймін мен,
Түсінем бірақ жалғаннан өтерімді.
Аянышты үн шығып жүрегімнен,
Көз жұмып мәңгі ұйқыға кетерімді. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ХVІ-XVII ғ.ғ. Қазақ хандығының саяси-қоғамдық құрылысы және шаруашылығы мен мәдениеті

ХV-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында, орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайларымен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, көбінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түлектері қой, жылқы және түйе еді. Бұлар халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден-бір қолайлы түлектер. Мұндай мал халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине, мал бағу ауыр еңбекті, төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын да айту керек. Жем-шөп дайындау жүргізілмейді, қыста мал тебіндеп жайылды. Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты болған жылдары малдың жаппай қырылуы (жұт) жиі кездесетін. Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп қалатын.
Қазақ халқының өмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған.
Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ-киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын. Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан түскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, Ясы және басқа қалаларының базарларына апаратын, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін болған.
Малшылар бұл өнімдерімен айырбасқа қалалардан әр түрлі тауарлар: мақта маталары мен жібек маталар, темірден соғылған бұйымдар, дайын киім-кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, сондай-ақ әр түрлі үйге қажетті заттар т.б. алатын. Көшпелілердің астық өнімдерінен – бидайға, тарыға, арпаға, жеміс-жидекке – сұранысы өте қатты болды.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Археологиялық зерттеулер ХV-XVII ғасырларда Отырар, Түркістан, Сауран маңындағы егістік жерлерінде құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтарын өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жеңіс пен шаттық)

Жеңіс пен шаттық сенің атыңды атап,
Тойыңа осы өлеңді тартады қарт,
Жырымның өр дауысты қыранысың,
Мен де шат, мендей және халқым да шат!
Ажарың алтын сәуле атқан таңдай,
Сөйлемен дабысыңды домбыра алмай .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Философия | Көне Греция философиясы

Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері.
1) Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.
2) Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.
3) Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
4) Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалыптастырды, демократияның отаны болған Грецияда аса жарқын философиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды.
Көне Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері:
Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII –VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Италияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина.
Көне Греция философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1) Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі - Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің алғашқы бастауы мәселесін қарастырды.
2) Грек философиясының ең мазмұнды кезеңі. Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін кеңейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.
3) Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәуелсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.
Көне Греция философиясының негізгі өкілдері.
Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа ойшылдарды ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір - субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес - су, Анаксимандр - апейрон, Анаксимен - ауа деп түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Элея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы - от, табиғат ешқашан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады. ....
Рефераттар
Толық
0 0