Сырым Махамбетұлы «Қайып ата» ЖШС директоры қызметін атқарып жүрген азамат. Ол сондай-ақ мүмкінідігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, қаржылай көмек беріп жүр.
1982 жылдың 22-қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округінен «Мал сою бекеті» және «Ет өнімдерін тереңдетіп өңдеу цехы» құрылысын 2014 жылдың қазан айында бастап, 2016 жылдың шілде айында іске қосқан. «Қазақстан Халық Банк» АҚ ОҚФ-нан құрылыс жұмыстарына 231 миллион теңге, құрал жабдықтар алуға 115 млн.теңге несие қаржы алынып, бүгінде белсенді түрде жұмыс атқарып келеді. Жоба қуаттылығы күніне 30 тонна өнім өндіріліп, 28 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен негізгі шаруашылық түріне айналды? (2-сабақ) Сабақтың мақсаты: • көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру; • көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу; Оқу мақсаты: • көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру; • көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу;
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақ тақырыбы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде 3 -сабақ Оқыту мақсаты: 5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау; 5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну Сабақ мақсаттары: Көшпенділер баспанасының ерекшелігін анықтау.
Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осы сөздің астарында үлкен мағына, терең сыр жатыр.
Өмірдің мәні жайлы әркім әр қилы ойлайды. Мен үшін өмірдің мәні - осы бізге берілген сыйды бағалай білу, аялай білу, ардақтай білу.Өмірдің мәні адалдық, адамдықта.Бір күндік өмірдің мәні болмайды.Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасап, саралаймын.Дұрыс емес жерлерімді түзеп, келесі күні ол қателіктерімді қайталамауға тырысамын.Бастысы, сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.
Кей кездері біреулерді өсектеп, я болмаса кей өсектерге сеніп жатамыз.Оның шын не өтірік екенін саралап бас ауыртпаймыз.Ал өзге емес, өзімізге бір рет болса да сыни көзбен қарасақ, өмір анағұрлым мәнді де мағыналы болар ма еді деп ойлаймын.
Өмір – сырға толы қызық әлем. Жүрекке бірде қуаныш сыйлап, шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейді.Өмір – ғажап, өмір – тәтті! Өмір сұлулық пен үйлесімділікті талап етеді, адам мен адамгершілікті қалайды.Бірақ біз осы жалған дүниенің қадірін білеміз бе? Қайталанып келмейтін, Алланың берген сыйын адамгершілік, имандылықпен неге өткізбеске? Ғажайып өмірді адамдардың неге жақсы көрмейтініне таң қаламын.Айналадағы адамдарға қарасақ, бәрінің өз өмірі, тірлігі бар.Біреуі қиналады, біреуі қуанады, біреуі дүниеге келіп жатса, енді біреуі қабірде жатады.Кейбір адамдар осының бәрін біле тұра, Алланың сынағына шыдамай, «Мен шаршадым, өмір сүргім келмейді» дейді.Қандай жағдай болмасын ақыл-ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен,сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады.Міне, өмірдің өзі біле білсек, сонысымен қымбат.Өмірде бәрі өткінші.......
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 2 сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.2.2.2 - тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау Сабақ мақсаты: Тарихи кезеңдердегі рулық-тайпалық құрлымдарды талдау. Көшпелі қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін талдау.....
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат жайған демократиялық қозғалыстың , елдің елдігі еркіндігі , мәдени өркендеуі үшін күрескен жаңа бағыттың ең ірі өкңлдерінің бірі. М.Дулатовтың тағдыры - патша өкіметінің қуғын сүргіні мен станлиндік репрессияның зардабынан тар жол тайғақ кешуді басынан өткізіп, қатары сирек тартсада әділетпен шындық жолында халқының мұң - мұқтажын жақтаған қазақ зиялыларына тән тағдыр. Міржақовтың тұқымы Байжұмырдан тарайды. Байжұмырдан – сансызбай, одан туғандар Ниязбек, Дулат, (1849 – 1897), Дулат пен Дәміштен туған балалар: Асқар (1865 – 1938), Қонысбай (Қошай, Злиха, Қанипа, Міржақып (1885 – 1935), Ақыжан (1973 жыл қайтыс болады.). Міржақовтың ағасы Асқар Дулатов өзінен 20 жас үлкен болған. Оның ел ішінде беделі зор жұр силайтын, оқыған кісі, елбасшысы, атқа мінері болған ....
"Тисса" зиратының кәрі директоры бәрі дайын болды ма, жоқ па, көрейін деп, ақырын аяңдап үйден шықты.
Ол өзінің қарауындағы осынау қаралы жердің қойнына талай мәйітті шығарып салған, олардың көпшілігін танымайтын да; бірақ танысын-танымасын, алдынан өткен кімге де болса бас иіп, тағзым етіп тұратын әдетінен бір жаңылған емес. Директор үшін өлім жөнелту күнделікті, үйреншікті жағдай еді, солай бола тұра әрбір жерлеу рәсімі оған мына жалғанның тұрақсыз да тұрлаусыздығын еске салып, неге екені белгісіз, қатты толқытатыны бар.
Оның ең жақын досы дәрігер Септимус Годвиннің дүние салғанына жиырма жылдай уақыт өткен, ол өзі тірлігінде арсыздау, сонымен қатар арманшыл, желөкпелеу адам болатын, оның ақылы нақылға айналғаны, адамды бірден баурап әкететін ерекше қасиеті туралы да әңгіме көп-тұғын. Енді міне, оның баласын жерлегелі жатыр.
Дәрігер Годвин өлгеннен бері директор оның жесірін бірде-бір рет көрмеген, өйткені ол әйел бұл қаладан бірден кетіп қалған, бірақ қою қара шашты, ұшқын атып тұратын қоңыр көзді, ұзын бойлы сол әйел бұның есінде жақсы қалып еді. .....
Бұл күн,яғни,15-16 ақпан күндері мен үшін есте қаларлықтай сәттерге толы болды..Журналистика саласына анық маxаббатымның оянған уақыты деп айта аламын. Көптің назарынан тыс қалмайтын өзіміздің "QazaQstan” телеарнасының 60 жылдығына арналған “Qazaqstan” -еліміздің телеэпопеясы:ұлттық арнаның даму моделі" деген тақырыпта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапxанасында xалықаралық ғылыми тәжербиелік конференция болып өтті.Конференцияға қазақ тариxында есте қаларлық журналистер мен беделді мүшелер қатысты.Олардың ішінде: ҚР БҰҰ Ақпарат Бюро басшысы Властимил Самек мырза,Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы Жаратылыстану ғылымдары бөлімінің басшысы Кристине Товмасян ,ҚазҰУ ректоры,академик Ғалымқайыр Мұтанов,,Ардагер журналистер Сұлтан Оразалин,Төлеубай Қаймолдин өз құттықтау сөздерін сөйледі,Клара Қабылғазина ханым құттықтау сөзімен қатар,ұстаздар тарапынан ұсыныстарын айтып өтті .Сонымен қатар,ардагерлерге ҚазҰУ мерейтойлық төсбелгіні тапсыру салтанаты да болды.Құттықтау барысында сөз сөйлеушілер Ұлттық арнаның тариxынан сыр шертіп,60 жыл ішіндегі атаулы жетістіктерін айтып кетті. .....
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті. Экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі экономика” масштабының өсуі т. б. Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша - несие саясатын үкіметтің шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы деп қарайды. Ақша - несие саясатының ең ақырғы мақсаты бағалардың тұрақтылығын, толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Ақша - несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына ақшалардың және ақша - несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатады. Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді. Қазіргі кезде Ұлттық банктің жігерінің арқасында, сауатты ақша-несие саясатын жүргізуінің арқасында жағдай тұрақтандырылған болатын. Біздің өмірімізге, Қазақстанның жаңа тарихына қарап біз ақша-несие саясатын зерттеудің өзектілігіне көзімізді жеткізе аламыз. Қазақстанның ақша-несие саясаты, табиғи америкалық, ағылшын немесе қандай болмасын басқа да монетарлық саясатын жүргізуші нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей болуы мүмкін емес, демек бұл тақырып тағы ұзақ зерттеуді талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы жеткілікті толық өңделген, бірақ ол қазақстандық экономика реалияларына бейімделуге мұқтаж екені анық. Осы өзектілік себептен, біз осы тақырыпты таңдадық. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақша-несие саясаты тақырыбын толық ашып көрсету болып табылады. Негізгі мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді ашып көрсету алға қойылған: ....