Қашықтан оқытуға дайын болдық па?

Коронавирус инфекциясының бүкіләлемдік пандемияға айналуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы бойынша наурыз айының 16-нан бастап барлық жоғарғы оқу орындары қашықтықтан оқытуға көшті.
Қазіргі кезде қашықтан оқытудың бірнеше формасы бар. Олар атап айтқанда чат-сабақ, веб-сабақ, телеконференция, телеприсутствие (телеішінде болу) сияқты түрлері. Бұл формалардың әрқайсының атқаратын қызметтері өткізілетін сабақтың түріне сәйкес таңдап алынады. Олардың ішінде қашықтан оқытуда жиі қолданған чат-сабақ, веб-сабақ....
KZ | Қашықтықтан оқыту
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Есептер шығару: Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы 1-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Есептер шығару: Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.5.4 - қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы, ЭҚК-ң пайда болуын дәлел келтіре отырып түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеп және Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы, ЭҚК-ң пайда болуын дәлел келтіре отырып түсіндіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Музыка және технология (Музыка, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Музыка - өмір тынысы
Сабақтың мақсаты: Музыка және технология
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;
6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;
6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау.
Сабақтың мақсаты:
- шығармашылық жұмыс орындау барысында пәндік терминологияны қолдану;
- әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып орындау;
- С. Апасованың «Мен диджеймін» әніне музыкалық, шулы аспаптарды қолдана отырып, ремикс шығару. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Дінтану | Ислам дегеніміз не

Мұсылмандардың сенімінде Ислам адамзатқа жіберілген соңғы илаһи дін. Осы тұрғыдан адамды жетілдірген және құтылуға қол жеткізген тамаша негіздерді қамтиды. Яғни, өткен замандарда бұрынғы пайғамбарлар тарапынан жүздеген жылдар бойы жіберілген «бұрынғы уахидің» бүкіл жолдарын және көріністерін исламнан көруге болады.
Аллаһ алғашқы адамның жер бетінде пайда болуымен қатар адамзатқа тура жол көрсету үшін елшілерін (пайғамбарлар) жіберген. Бірақ, адамдар уақыт өте келе және әр түрлі себептермен Алланың көрсеткен «тура жолынан» тайып, басқа жолдарға бет бұрған. Адамзатты қайтадан «дұрыс және тура жолға» түсіру мақсатында адамзатқа жіберілген соңғы пайғамбар Мұхаммед, соңғы илаһи Кітап – Құран, ал соңғы қасиетті хабар Исламият болып табылады.
Кең пейілді Аллаһ Құранда өзі риза болған және қабылдаған жалғыз дін Ислам діні ислам діні екендігін айтады: «Алланың қасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші. Кім Исламнан басқа дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де ахиретте зиянға ұшыраушылардан болады.» (Әлі Ғымран, 3/19,85) ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Тазабек Пұсырманұлы

Тазабек Пұсырманұлы (1800, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарқара өңірі – 1871, Верный қаласы) – батыр, би. Албан руының жәнібек атасынан шыққан. Жетісу өлкесін Жоңғар басқыншыларынан азат етуге қатысқан Пұсырман бидің ұлы. 1846 жылы генерал Вишневскийдің басқаруымен Лепсіде өткен Ұлы жүз қазақтарының құрылтайына қатысып, Ресейменарадағы саяси қатынас туралы құжатқа мөрін басқан. Батыс Сібір әскери корпусының Жетісу бөлімшесінде қызмет етіп, 1859 жылы 19 қыркүйекте прапорщик шеніне ұсынылған, кейін подпоручик шеніне ие болған. Оңтүстік-шығыс шекараны қорғау ісіне қызмет етіп, "Ерлігі үшін” күміс медалімен марапатталған. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын түсінген Тазабек Пұсырманұлы қол жинап,. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Бізге болашақта бәрі де керек

- Уақыт болса жедел өзгеріп бара жатыр, - деді ата-ана. Ол кішкентай қыздың әкесі екен.

- Ал біз болсақ, кеңестік мектепте білім алғанбыз. Кейде жолдастар деген сөзді тілімде көп қолданатыным бар. Мүмкін осының әсері шығар. Осы жиында отырған бәріңіз де ата-анасыздар ғой. Ұл-қыз өсіріп отырсыздар. Сондықтан мені дұрыс түсінеді деп ойлаймын. Менің де кішкентай қызым бар. Өзі құртақандай ғана. Сіздер оны тіпті көз алдарыңызға елестете де аласыздар. Мұндайда қуыршақтай ғана деуші ме еді. Қызым мектеп табалдырығын аттады. Мұның не екенін түсінесіздер ғой, әрине. Бәріңіз де ата-ата болғаннан кейін түсінесіздер. Қуанасың, тағы сол сияқты дегендей ғой. Баламен арақатынаста қиындықтықтар болмай тұрмайды. Ал қиындықты еңсере білу керек. Бұл - әрбір ата-атаның міндеті. Мінеки, сіздер мені қуаттап отырсыздар. Өйткені ата-ананың жанын ата-ана ғана түсінеді немесе мұғалім дегендей. Сіздер де баламен арақатынаста қиындыққа душар болдыңыздар ғой. Сөздеріңізге сенемін. Дәлелдеріңіз иланарлық. Ал біз болсақ, қиындыққа салған жерден кездестік. Айтуға ыңғайсыз енді. Дегенмен сіздерге бастаған екенмін, аяғына дейін айтып берейін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы

Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын нарық. Бағалы қағаздар (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйсіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Төлем карточкаларының даму перспективалары мен механизмдері

Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Технология | Қазақстандағы БАҚ-ты зерттеудегі маңызды мәселелер

Кіріспе
Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың рухани мәдениет құндылықтарынан білім алуына зор ықпал етеді. Осылардың ішінде ұрпақ тәрбиесіне тікелей ықпал ету мүмкіншілігі басым тұрған мерзімді баспасөз. Өйткені, газеттер қоғамдық пікірді қалыптастыруда халыққа бір табан жақын.
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиясы мен «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізді бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы рөлі мен орнын айқын анықтап алуымыз керек...ең демократияшыл бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық мүддені қрғауға келгенде айқын тұғырда тұрады» деп атап көрсеті.
Мерзімді баспасөз жұртшылыққа бағыт-бағдар беруде, тәлім-тәрбиеге қатысты өзекті жайтарды қозғауда негізгі құрал болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Алатауы және Жетісу Алатауының мұздықтануы мен жіктелуі

Іле Алатауы жотасы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі биік таулар тізбегі. Батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылып жатыр, ені 35-40 км-ге жетеді. Жотаның көтеріңкі жері орта бөлігіндегі Қаскелең мен Түрген өзендері аралығы. Орташа биіктігі 400м. Ең биік жері - Талғар шыңы (4973м). Орталық бөлігінен Іле Алатауы аласарып шығыста – Сөгеті, Бұғыты, батыста Қастек, Кіндіктас, аласа тауларына ұласады. Таулы жота күшті дислокацияланған протерозойдың, төменгі палеозойдың шөгінді жыныстарының (құмтас, тақтатас, әктас) және гранит, гранодиориттерден, конгломераттардан түзілген. Ол таулардың көптеген жүйелерінен және тау аралық ойпаттардан, сонымен қатар өзінің пайда болуында таулы жер бедерінің дамуымен байланысты тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған. Оның шекараларын әр автор әр түрлі келтіреді. П.П.Семенов Тянь-Шаньский жотаны шығысында Шарын өзені мен, ал батысында Шу өзені мен шектелген. Н.Г.Кассин (1930ж.) оның батыс шекарасын Қастек асуы меридианы бойынша, ал шығыс шекарасын Шарын өзені арқылы жүргізген.
Солтүстігінде жота тау алды жазығымен, ал оңтүстігіндегі нақты бейнеленген шекаралары – Шілік және Шоңкемен өзендерінің аңғарлары болып табылады. Батысында жотаны Қастек өзенімен және сол атаудағы асу мен шектеуге болады, одан кейін ол орографиялық жағынан да, геологиялық құрылымдық қатынаста да жеке массив болып есептегенде 90 км-ге жетеді. Шығысында жота Шарын өзенімен шектеледі. Аталған шекаралардағы жотаның ара қашықтығы 260км., Алматы қаласы меридианы бойынша ені-45км., ал тау етегі жазығымен қоса есептеген де 90 км-ге жетеді. Қарастырылып отырған аумақтың жалпы ауданы 18000км шаршы шамасында.
Іле Алатауының жер бедері өте күрделі болып келеді. Жотаның ең биік шыңдары оның орталық бөлігінде орналасқан, 130км ара қашықтықтағы теңіз деңгейінен 4000 м-ден асатын белгілерге ие. Орта сілеміне жалпы ұзындығы 90км-ге жететін Сарытау және Торайғыр таулары, ал оңтүстігіне ара қашықтығы 50км-ге жететін Далашық таулы үстірті жатады. Бұл сілемдер Сөгеті, Жалаңаш, Асы және Жіңішке тауаралық ойыстарын шектейді.
Көріп отырғанымыздай, Іле Алатауы алты жотадан және кең тау аралық ойпаттардан тұратын, таулардың толық жүйесін құрайды. Сонымен қатар, оның солтүстік беткейінде тау алды, яғни екі аласа таулы – қырқалы саты бөлінеді, ал төменде еңкіш тау етегі ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0