Топырақтың қопсыған кеуекті дене болғандықтан, оның түйірлерінен арасында әр уақытта бос кеңістіктер болады. Топырақтың сіңіру қасиеттерінің қалыптасуына шешуші рөл атұаратын топырақ қурамындағы ең майда ұнтақталған, көлемі 0,0001 мм-ден төмен колоидтты бөлшектер. Бұл бөлшектер топырақтың әр түрлі органикалык және минералдық қосылыстарынан тұрады. Топырақтың сіңіру қасиеті деп, оның топырақ ішіндегі ерітінділерінің кейбір қосылыстарды, майда ұнтақталған минералды және органикалық қосылыстарды, микроорганизмдерді және ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп ұстап қалуын айтады. Топырақтың сіңіру құбылысы жалпы топырақтың дамуымен және топырақта өсетін өсімдіктерге күлді элементтердің ( азот т.б. көректік заттардың ) жиналуымен қатар жүреді. әсіресе өсімдіктердің коректік элементтер жиналуы топырақтың сіңіру қасиетімен тығыз байланысты. Осы қасиет арқылы топырақта өсімдіктерге керекті элементтер жиналады. Бұл салада көп еңбек еткен орыстың ірі ғылымдары К.К. Гедройц, Д.И. Прянишников, А.И. Соколовский, И.Н. Антипов-Каратаев, В.А.Чернов, И.И.Горбунов т.б. Әр түрлі топырақтардың сіңіру қасиеттері әр деңгейде болады. Ол көбінесе топырақтағы өте жоғары бөлшектерге, түйірлерге, кодоидтты бөлшектердің мқлшеріне байланысты. Топырақ неғұрлым қарашіріндегі бай және механикалық құрамы ауырлау балшақты болса. Соғүрлым оның сіңіру қасиеті де мол, ал топырақта қара шірінді аз, құрамы жеңіл құм немесе құмдақ болса, оның сіңіру мүмкіндігі де шамалы болады. Топырақ коллоидтарының диаметрлері шамамен микронмен есептелетін әр текті заттардың бөлшектердің құрайды: 1 мкр – 0,01 мм тең, оны миллимикрон дейді. Коллоидты бөлшектердің ірілігі 0,1 мкр-1 ммкр. В.Оствальдің түжырымы бойынша коллоидтердің пайда болуының екі жолы бар: 1) бөліну арқылы, яғни топырақтың бөлініп жатқан бөлшектерінің шығуы; 2) конденсация арқылы яғни заттардың бірнеше молекулаларынан қосылып үлкейіп шығуы. ....
Коммуникация дегеніміз – басшылардың тиімді шешім қабылдауы үшін хабарлар, мәліметтермен алмасуы және төмендегі буындарға қабылданған шешімдерді жеткізуі. Басқару қызметтерінің барлық түрлерін-дегі ақпараттар хабарлар, мәліметтер айналымы коммуникациядағы байланыс процестері деп аталынады. Әрбір басшы өзі басқаратын ұйымның мақсатына жетуі үшін үш бейнеде көрінеді және басқарудың негізгі төрт функциясын орындайды. Осы мақсатқа жету үшін олар хабарлар, мәліметтермен жұмыс жасайды және олар мақсатқа тура ықпал етеді. Енді ұйымдардағы коммуникациялық процестерді қарастырамыз. Бірінші, ұйым аралық және оның сыртқы ортамен қарым-қатынастары. Әрбір ұйымдардағы қызметтер жөніндегі жазбалар, телефон арқылы сөйлесу, формальды есептер, видеоленталар, көзбе көз әңгімелесу, кеңестер т.б. қарым-қатынастар байланыстырудың негізгі көзі болып табылады. Ұйымдар сыртқы қоршаған ортамен байланыста болуы үшін бірнеше құралдарды қолданады. Потенциалды тұтынушылармен болатын байланыстар олардың жарнамаларды және тауарларды базарға өткізулері арқылы қоғаммен байланыстары, олардың халықаралық және ұлттық деңгейдегі бейнесі көрінеді. Өзінің бір жылдық есептерінде әрбір ұйым өздерінің қаржысы, маркетинг жеңілдіктері, орналасу т.б. туралы мәліметтер береді. Екінші, бөлімшелер мен деңгей арасындағы байланыстар, тік байланыс шеңберінде жүргізіледі. Ол хабарлар жоғары деңгейден төменге келіп түседі немесе бәсеңдеп түсуі мүмкін. Осы арқылы туралы хабарланады. Мысалы, өндірістің вице-президенті зауыт басшысына өнім өндірудегі өзгерістер туралы хабар береді. Ал ол өз кезегінде бұл хабарды төменгі буынға болуы мүмкін өзгеріс ерекшеліктерімен қоса жеткізуі тиіс. Ұйымдарда жоғарыдан төмен байланыстар болып қана қоймайды, сонымен бірге, төменнен жоғары көтерілуші хабарлар да болады. Мысалы: банк маманы жаңа қосылған ЭВМ-ның клиенттерді көп күттіретінің өз басшысына айтуы керек. Төменнен жоғары көтерілетін байланыстар – жоғарғы буындарды төменгі буындарда болған жағдаймен таныстыру немесе хабардар ету. Бұл байланыс әдетте есеп беру, ұсыныс жасау, ьүсініктеме хаттар жазу түрлерінде жасалынады. ....
Швейцарияның құрамында конфедерация (орталық штат), 26 кантон, 3000-нан астам муниципалитет бар. Кантондар дербес әкімшілік – аумақтық бірлік болып саналса, муниципалды автономияның дәрежесі кантон заңнамасымен анықталады. Швейцариясының салық жүйесі біртіндеп қалыптасты. 1848 жылға дейін кантондар өз табыстарын кеден баждары есебінен құрады, жекелеген кантондарда мүлік салығы енгізілді. 1848 жылдан бастап кеден баждарын алу өкілеттігі Конфедерацияға берілді. Осы жылы Швейцария мемлекеті құрылып, кантондарда табысқа және мүлікке салынатын салықтарды алу құқығы берілді. Швейцария Үкіметі салық жүйесін жетілдіріп, дамыту барысында жалпыға ыңғайлы және нарықтық жағдайларға бейім өзгерістерді енгізуге, әлемдік бәсекелестік барысында отандық кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді қолдауға ұмтылыс жасайды. Швейцарияның салық жүйесі мынадай қағидаларға негізделген: • теңдік; • сауданың еркіндігі; • меншіктің кепілденген құқығы; • діни нанымның еркіндігі; • кантонаралық екі жақты салық салуға тыйым; • расталмаған салықтық түсімдерге тыйым. Бұл елде салық жүйесінің жетілдіруі мен оңайлатылуына баса көңіл бөлінген және ел Конституциясында кәрініс тапқан. Конституцияда салық салудың үйлесімділігінің екі типі қарастырылған: а) вертикалды, яғни конфедерация, кантон, муниципалиттер үшін; ә) горизанталды, яғни кантондар, муниципалиттер арасында.
Осы мақсатқа жету барысында 1990 жылы 14 желтоқсанда Конфедерация «Кантондар мен муниципалитеттердің тура салықтарын үйлестіру туралы» және 1995 жылы 1 қаңтарда «Федералдық тура салықтар туралы» заңдар шығарады. Осы Заңдарға сәйкес төмендегідей қағидалар іске қосылады: • отбасына салық салудың схемасын сақтау; • әріптестік рентаға шекті салық салу; • қайта құрылған компанияларға артықшылық пен салық жеңілдіктер; • ұйымдық нысаны өзгерген заңды тұлғаларға салық жеңілдіктері; т.б. ....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы Сабақ тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.3.1.1 - Қазақстандағы ерте көшпенділердегі мемлекеттілік белгілерін анықтау үшін «мемлекет», «билік », «саяси ұйым» ұғымдарын пайдалану; 10.3.1.2 - Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;......
Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көмірсутектер. Отын Сабақ тақырыбы: Ароматты көмірсутек. Бензол Оқу мақсаты: - 9.4.3.14 бензолдың алынуын, қасиетін және қолданысын сипаттау Сабақ мақсаты: - Бензолдың құрылымдық формуласын болжайды - Бензолдын алыну жолын ұсынады - Бензолдың физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайды.....
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік. Сабақтың тақырыбы: Зерттеуді қалай жүргізеді? Оқу мақсаты: 3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу; 3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау. Сабақтың мақсаты: Зерттеу жұмысын жүргізе білуде зерттеу нәтижесін көрсетуін дамыту......