Мектепалды дайындық сабақ жоспары: М дыбысы мен әрпі

Мақсаты:
а) білімділік: М м әрпімен таныстыру арқылы білім беру, М дыбысын сөз ішінен таба білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. М дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту.
ә) дамытушылық: дидактикалық материалдарды пайдаланып. Дидактикалық ойындарды ойнатып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, зейіндерін дамыту.
б) тәрбиелік: әдемі - көркем жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, әліппе - дәптер.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Сәлеметсіз бе?
Шаттық шеңбері.
(ортаға шығып) Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Жүрекке жылу салайық
Жиналған жылы шуақты
Бір - бірімізге шашайық.
- Рахмет балалар. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Төлдердің айтысы

Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Төлдердің айтысы
Мақсаты: Балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, үй жануарлары туралы білімдерін дамыту. Үй жануарларының пайдасы, әрі қайсысының орыны, төлі, ерекшеліктері жөнінде білімдерін кеңейту. Жануарлар жөнінде өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштарды мәнерлеп жатқа айту арқылы тілдерін дамыту.
Көрнекілік: Төлдердің суреттері және бетперделері

Сөздік жұмыс:
сиыр - корова,
жылқы - лошадь,
түйе - верблюд .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Психика мен сана

Психика-тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрыкша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән.Психиканың ең жоғағы формасы-адамның санасы.Сана-сыртқы дүние заттарымен құбылыстардың мидағы бейнесі.Сана шындықтың жай суреті,оның жансыз кошірмесі емес,адам басында,нерв жүйесінде жасалып жататын күрделі бейнесі.Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп,күрделеніп отырады. Адам психиканың ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттармен құбылыстарды,әр алуан нәрселерді түсіну, қабылдау,елестету арқылы көрінеді.Оларды адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге,ұстап білуге болмайтын қасиеттер мен белгілер,абстрактылы ойлау формалары-ұғым,пікір,ой қорытындылары танылып,жанама жолмен бейнеледі және өзара шартты байланыста болады.соның нәтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың заңдылықтары,олардың пайда болуы және өрістеп дамуы адамның дуниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.

Зерттеудің міндеттері

1) Психика мен сананың функциларының дамуын теориялық тұрғыда қарастыру;
2) Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау;

Зерттеудің теориялық маңызы:
Психика мен сананың дамуы мен мәнін ашу барысында жасөспірімдердің психикалық процестерінің қалай дамитындығы туралы көрсетілген. Жұмыс барысында Карл Бюлердің психологиясы мен психика дамуы, жан Пияженің кіші мектеп жасынан жасөспірім кезеңіне өтудегі логикалық ойлаудың дамуы қаратылған Сонымен қатар В.Штерн, Ф.Бергер, С.Шоспиро, Э.Герингтың, А.Н. Леонтьевтің әр түрлі жас жамаларындағы жанамаланған зейіннің дамуы, неміс ғалымы Э.Кречмердің дене құрылымы мен психикалық қасиеттерінің арақатынасын зерттеуі туралы көрсетілген. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық заң | Қылмыстық заңның дамуы

Кіріспе
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының тарихын жазу кезек күттірмейтін аса келелі мәселе, еліміздің абыройлы міндеті. Әрісі дүние жүзі, берісі өз республикамыздың заңгерлері үшін қазақ елінің әлімсақтан келе жатқан сот істері мен билер үкімін тарихи тұрғыдан танып білу – аса қажет нәрсе. Біздің дәуірге дейінгі жыл санауды және одан кейінгі дәуірлердегі, жалпы, жер бетіндегі мемлекеттердің дамуы, қалыптасуы бір-бірімен етене аралас өркен жағынан тарих теріске шығармайды. Ендеше мемлекетіміздегі үшінші Әлем жұртшылығының алдында осы кезге дейін қазақ халқы көшпенді, өз алдына мемлекет, ел билеу заңы жоқ жабайы халық ретінде сипатталып келді. Бұл әрине ақиқатты тарихты бұрмалаушылық еді. Тарих деректеріне жүгінсек, қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет құрғалы бері бірнеше заңдар жинақтарын қабылдаған. Мұндай заңдар қатарына алдымен 16-ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасымхан (1511-1520 ж.ж.) дәуірінде қабылданған "Қасым ханның қасқа жолын" жатқызуға болады. 16-ғасырдың аяғыңца 17-ғасырдың басында билік құрған Есімханның (1548-1628 ж.ж.) "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын заңдар жинағы болғаны тағы белгілі. 17-ғасырдың аяғында 18-ғасырдың басында Тәуке хан тұсыңда (1680-1718 ж.ж.) атақты "Жеті жарғы" деп аталатын конституциялық құжат жасалды. "Жеті жарғыға" сол кездегі қазақтың тұрмыс, әдеп ғұрпына, өміріне тән қоғамдық қатынастардың негізгі салалары енген. Бұл құжат жеті саланы: жер дауын; жесір дауын; құн дауын; бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, руаралық дауды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тәртіптеген (оның жазба толық нұсқасы әлі табылған жоқ, бізге ұрпақтан-ұрпаққа ауызша ауысқан түрі ғана жеткен).....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік басқару

Кіріспе
Мемлекет қоғамның ажырағысыз бөлігі болғандықтан барлық дерлік гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік басқару мәселелерін қарастырады. Сол сияқты мемлекеттік басқару ісінде де және ол туралы ғылымды қалыптастыру процесінде де басқа да гуманитарлық емес ғылымдардың әдістері мен мәліметтері қолданылады. Бірақ ғылымның әр саласы мемлекеттік басқару мәселесін өзінің зерттеу тұрғысынан қарастырады. Атап айтқанда мемлекет қызметін мемлекет және құқық теориясы, саясаттану, әлеуметтану, философия және тағы басқа көптеген ғылыми пәндер зерттейді.
Философия – табиғат, қоғам және адам ойының дамуының жалпы заңдылықтарын аша отырып, мемлекетті, мемлекеттік басқаруды қарастырғанда оның мүмкіндіктері мен шегін, обьективті және субьективті жақтарын қарастырады.
Әлеуметтану – қоғамдағы мемлекеттің рөлін және соған орай мемлекеттік басқаруды халықтың әртүрлі әлеуметтік, кәсіби және басқа да топтарымен өзара байланыста және қарым-қатынаста қарастырады.
Саясаттану – мемлекетті ерекше саяси институт ретінде, ең алдымен мемлекеттік басқарудың орнын көрсету тұрғысынан қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | «Табыс - шығыс» тепе-теңдіктегі толық үлгі. Инвестициялы

Кіріспе
Макроэкономикалық талдаудың негізгі мақсаты жалпы экономикалық тепе –теңдік жүйесінің пайда болу жағдайын табу. Макроэконмикалық тепе - теңдік мәнін, маңызын ашу. Жалпы сұраным және жалпы ұсыным категорияларын талдау қажет. «Табыс-шығыс» тепе-теңдік күйде болуы әрбір операциялық процестердің сәтті өтуіне кепілдік берері сөзсіз. Табыс дегеніміз - өнім өндіруден түскен пайдадан өнім өндіру үшін кеткен шығындарды алып тастағанда қалатын ақша. Шығыс дегеніміз - өнім өндіру үшін кеткен шығындар: өндіріс күші, шикізат, өндіріс құралдары және т.б. жатады. «Табиғи - шығыс» бухгалтерлік есепте «екіжақты жазуға» ұқсас және дебит пен кредит секілді өте маңызды орын алады Мысалы күнделікті тұтыну заттарын иемдену үшін базарға барғандағы процесті алайық. Біз белгілі бір көлемдегі ақшаны базарға барарда қажет заттар тізімін жазып, шығыс көлемін есептейміз. Егер біз базарға барғанда жоспарланбаған көлемдегі заттарды иемденсек, бұндағы процесс «табыс - шығыс» тепе-теңдік күйде болмайды. Тепе-теңдік процесінің тепе-теңдік күйде болуы мен бұзылуы жалпы сұраныс – тұтынушылардың, кәсіпорындардың, мемлекеттің әртүрлі баға деңгейінде сатып ала алатын ұлттық өндірістің нақты көлемі. Жалпы ұсыным әр түрлі баға деңгейінде нарыққа ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің жалпы саны....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Теория негізінде «Adramit Akros» кәсіпорнының баға және баға белгілеу

КІРІСПЕ
Барлық коммерциялық және коммерциялық емес мекемелердің
Алдында өз тауарлары мен қызметтеріне баға қою міндеті турады. Баға көптеген әртүрлі ипостас түрінде болады. Бізді барлық жағымыздан бағалар қоршауда. Үй ішін үйақы, оқу үшін-оқуақы, дәрігерге не дантистке сыйлықақы төлеиміз . Әуежелілері , темір жол , такси және автобус біздерден жол чиновнігінің пара алғанын, ұры – қарының сіз болған кәсіпкерлік ассоциацияның мүшелік взностарын ұрлағанын айтқаны үшін гонорар,ойланылмаған шығындарды жабу үшін задаток алады. Басқару қызметін атқарушының“бағасы”- оның алатын комиссиясы. Жұмысшы бағасы – оның айлығы. Және, соңында, табыс салымы көпшілігіміз үшін біздердің ақша жасау құқы үшін төлейтін бағамыз екенін экономистер мойындағысы келмейді. Осы дипломдық жұмысымның мақсаты – фирманың маркетинг қызметіндегі баға және баға саясатын ЖШС «Adramit Akros» мысалында терең зерттеу. Бағаны қалай белгілейді? Тармхи жағынан қарайтын болсақ, бағаны сатып алушы мен сатушы бір-бірімен келісу жағдайында белгілейді. Сатушы өзі аламын деген шамадан жоғарырақ баға атаса, ал сатып алушы өзі төлеймін дегенімен төменірек береді. Ақыр, аяғында саудаласу нәтижесінде өзара келісілген бағаға тоқтайды. Тарихи сатып алушының таңдауын анықтайтын негізгі факторге ылғи баға жатқан. Бұл жағдай жарлы елдердегі кедей адам топтарына азық- түлік сияқты көпшілік тұтыну тауарлары үшін маңызын жоймаған. Дегенмен, соңғы онжылдықтарда сатып алушының таңдауына өткізуді ынталандыру, тауарды таратуды ұйымдастыру және клиенттерге көрсетілетін қызметтер сияқты бағадан тыс факторлар әсерлерін бірқатар көбірек тигізетін болып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Фирма шығыны мен кірісі

Кіріспе
Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы аркылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Кәсіпорын экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика — бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономкалық ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді. Микроэкономика сол сияқты жекелеген тауарларды өндірудің көлемін қалай тағайын-дайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, т.б. зерделейді. Ол кәсіпкерлік қызметінің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің үйымдық нысаны және қүқықтық негізі, фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жүмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0