Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ар соты алдында Қара халат

(Баллада)

...Ұзын барақ

Ішінде толған адам.

Ыңқылдаған, күрсінген, зар жылаған

Бірін-бірі қаға-маға

Сыртқа қарай тынымсыз зымыраған.

Ішін басып, дөңбекшіп жатқан

Сыбырласып қояды Әминә мен

Күйеуі Әмен:

-Бұрышта жатқан кешегі кемпір мен шал

Қоштасқан-ау, зайыры, дүниемен

Бара жатыр мыналар соларды алып,

Іш аурудан өлгендер қырсық шалып.

Күннен күнге барады саны артып,

Кетер, сірә, бұл пәле бізді де алып...

-Құдай ісі,-

Әмина еңіреді.

Толған орыс, дінсіздер төңірегі

Иман айтар жан да жоқ өле қалсақ,

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Төл теңге және азаттықтың рухы

Бұлар бірінші курсқа түскендерінде өздерінің ұстазы, кафедра меңгерушісі ағайларының: "Айналайындар-ай, сендердің қадамдарың құтты болды-ау! Екі бірдей қуанышқа кенелдік қой!" деп қайта-қайта айта берген сөзі бар еді. Өйткені ол қуаныштың біріншісі республикада тұңғыш рет қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы осы оқу орнында филология факультетінен бөлініп, өз алдына дербес шаңырақ көтеріп жатса, ал екінші қуаныш сол оқиғадан кейін арада жиырма екі күн өте бере, яғни 22 қыркүйек күні қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алған қуанышы еді. Ұстаздарының шаттықты жүздеріне қарап отырып, сонда бұлар адамның жекебас қуанышынан да айрықша қуаныштардың бар екендігін сезінген. Ал арада санаулы күн өткенде Алматыдан келген профессор әйел адамның: "Тілімізге мемлекеттік тіл мәртебесін алу оңай болған жоқ қой, қарақтарым! Біз қуаныштан жылап тұрдық қой!" деген сөзін естіп тебіренген. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | АҚШ тарпынан социалистік Кубаға көрсетіліген қысым және КСРО көмегі

Өзектілігі. Қазіргі кездегі оқиғалар, Шешен соғысы және АҚШ-тың оған қатысы, Ирактағы соғыс және оған Ресейдің қатысы, бәріде осы екі ұлы державалар АҚШ пен Ресей дің халықаралық аренадағы карсылықтарын көрсетеді. Бұл қарсылықтың айқын мысалы 1962 жылдағы “Кариб дағдарысы” бола алады. Дағдарыстың пайда болу себептерін қарастыру әлі күнге дейін өзекті, бұның басты себебідағдарыстың тарихы саяси және идеологиялық себептерге байланысты ХХХ. Сондықтан бүгінгі уақытта біз әлемдік тарихтың маңызды мәселесін қарастыруға мүмкіншілік алып отырмыз.
Тарихнама.Тарихқа көз жүгіртсек, бүкіл дүниежүзін дүр сілкіндірген елеулі оқиғалардың бірі-Кариб дағдарысы. Бұл дағдарыс « Қырға қабақ соғысының» шиеленісуінің нәтижесінде, яғни 1962 ж қазан айының 2-ші жартысында пайда болды.
Не бары 13 күннің ішінде бүкіл әлемді Ядролық апатқа әкеле жаздады. Әлемнің алып державалары: АҚШ, КСРО және Куба үкіметтері алғаш рет «Ядролық тұйыкка» тірелді, бірақ уақытында дағдарыс жағдайды жоюға барлық күштерін салып, халқаралық мәселелерді әскери емес, дипломатиялық жолмен шешу керек екеніне көздері жетті. Сонымен қатар, дағдарыс сабқтарынан әлемдегі оқиғаларға деген ыңғайларына жаңа, маңызды үлес қосып, сабақ болды десек , асырып кетпейміз.
Сонымен қатар, 1962 ж материалдар халықтан мұқиятты түрде жасырылған, тек қайта құру кезеңінен кейін біртіндеп ашыла бастады, бірақ бұл жағдайдың өзі, толығымен көзімізді ашқан жоқ та, бүкіл ақиқатты түсінүге мүмкіндік бере алмайды, өйткені бүгінге шейін негізгі документалдық фактілер мүлде құпиялы түрде жатыр, және осы дағдарыс жайындағы әдебиет толықи емес.
Дегенмен, осы тақырыпка қызығушылықтың, ізденістің арқасында біз, сол кездегі АҚШ пен КСРО-ң ұстанған саясаттарын түсінуге мүмкіндік алдық..
Осы жүмыстың мақсаты: АҚШ пен КСРО арасындағы дағдарыстың басты себептерін көрсету. Олардың әскери-саяси қарсыластары миллиондаған күнәсіз адамдардың өміріне қауіп төндіргеніне елді сендіру және осы екі державаның жасаған қателіктерін басқа елдер жасау үшін, сабақ ретінде түсіндіру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Медицина | Қуық жүйесінің аурулары

Кіріспе
Қуық жүйесінің аурулары - малдың бүйрек түйнегі қан тамырларының тез өтетін қабыну процесі және онан әрі бүкіл организмнің жіңішке қан тамырлары қабынады.
Қуық ауруларының шығуына індетті аурулар (оба, шошқа тілмесі, аусыл, сарп, септицемия, лептоспироз, бұзау қылауы, ит обасы, туберкулез және басқалар) организмнің өзінен-өзі улануы (көн қотыр, терінің жайылма қабынуы, терінің өлі еттенуі, іш өту, жатыр қабырғасының ішкі жағының қабынуы, шу түспеуі, анемия және организмдегі шіру процестері) сол сияқты өсімдік текті және минералды улармен улану, суық тию, жарақаттану және басқалар себін тигізеді. Бүйректің бүрісуі көбіне жайылмалы нефриттің, калькулезді процестің, кейбір зиянды заттардың (қышқыл шөп, қорғасын мен мыстың тұздарымен улану т.б.) ұзақ уақыт әсер етуінің салдары болып табылады.
Пиелонефрит дегеніміз - бүйрек түбегінің және оның қалың еті қабатының қабынуы. Пиелонефрит көбінесе энтерококктардан, әсіресе несептің несеп жолымен дұрыс ақпауынан пайда болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Әл - Фараби еңбектеріндегі гумандылық ойлары

К І Р І С П Е
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге танылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты -жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | КОММЕРЦИАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

Қазіргі таңда Қазақстанның банктік жүйесі ТМД елдерінің арасындағы ең күшті жүйеге ие. Көптеген талдампаздардың айтуынша даму бойынша Ресей банк саласынан алдыңғы орында.
Қазақстанның банктік секторы өзінің тұрақтылығымен, екінші деңгейдегі банктердің сенімділігімен ерекше көзге түседі.
Банк жұмысында ең үлкен рольді ақпарат құрайды. Дұрыс және толық ақпараттың мәні ішкі пайдаланушыларға және сыртқы, әғни тапсыпырыс берушілер үшін маңыздылығы өте жоғары. Дұрыс ақпарат көмегімен банк проблемасын көруге және оның пайда болуына баламалы әсер етуіне септігін тигізеді. Сондықтан талданатын ақпарат дұрыс және толық болуы қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикалық ақпараттық негізгі қоры болып есептелетін “ақпараттық экономикаға” ауысуы болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттық қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің “ҚР-ның ақпараттандыру заңын” қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез-келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда пайдаланып жүрген телекоммуникациалы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдындағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелері есептеу техникасыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жұлдызқұрт жасау

Мақсаты: Балаларды бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуді, бүтінді бөлшектеуді, бөліктерді біріктіруге, белгілі бір орынға орналастыруды үйрету. Жәндіктердің тіршілігі мен түрлері туралы мәлімет беру. Әр түрлі мөлшердегі заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жіп, қалампыр, спагетти, қамыр, таяқшалар, майлықтар, түрлі түсті қамыр.
Білу: қамырдың құрамы – су, тұз, ұн, май. Бояу. Мүсіндеудің түрлері – алақан арасына салып жаю қимылдарын түсіндіру.
Игеру: бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуді, бүтінді бөлшектеуді, бөліктерді біріктіруге, белгілі бір орынға орналастыруды. Мүсінделген дөңгелек бөлшектердің үлкенінен кішісіне дейін, қосымша материалды қажеттілігінше қолдануды.
Меңгеру: Жәндіктердің тіршілігі мен сыртқы түрлері туралы мәлімет беру. Әр түрлі мөлшердегі заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Дәлелдеу. Ояту. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Жамал Омарова

Омарова Жамал (1912-1976) - әнші (контральто). Қазақстанның халық артисі. Өзбек ССР-нің Янгиюль қаласында туған. Ташкент педагогикалық училищесінде оқу бітірген. Ж. Омарова қазақ ұлттық операсымен ән мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты. Ол 1934-1936 жж. музыкалық драмалық спектакльдерден Мақпал (Б. Майлиннің “Шұғасы”), Қамқа (Ғ. Мүсіреповтың “Қыз Жібегі”), Айман (М. Әуезовтің “Айман-Шолпан”) образдарын жасады. 1937-1976 жж.- Қазақконцерт пен қазақ филармониясының солисі. Оның репертуарында “Бипыл”, “Қараторғай”, “Ертіс”, “Ләтипа”, “Шынарай” сияқты қазақтың халық әндері, Ш. Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным”, А. Телғозиевтің “Менің елім” және т. б. әндері бар. Ж. Омарованың орындауында қазақтың халық шығармашылығына ұлттық сипаттар, оның әуезділігі, фольклорлық жанрдағы патетика тән. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Шығыс сметаларының орындалу есебі

Менің курстық жұмысысның тақырыбы: “Шығыс сметаларының орыфндалу есебі” деп аталады.
Бұл курстық жұмысты жазу барысында бюджеттің экономикалық мәніне, бюджеттің шығыстарыына және шығыс сметаларының орындалу есебіне байланысты мәселелерді қарастырғалы отырмын. Осы негізгі үш сала бойынша жаңа даму қарқынына еніп отырған әлеуметтік-экономикамыздағы бюджет шығыстарының жалпы алатын орны толық ашылмақ.
Экономикамызды әлемдік деңгейге жеткізу үшін түрлі салаларға бюджеттен бөлінетін шығыс орындалуы есебін дұрыс әрі ұтымды ұйымдастырудың экономикалық мәні зор десек, сол шығыс сметларының орындалуы есебін бүгінгі атқарушы қаншалықты дәрежеде қолданып жүр. Осы туралы мәліметтерді сіздер курстық жұмысымның ішінен ала-аласыздар ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | Фирманың басқару саясаты

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін, ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді.
Қазіргі кездегі әлемдегі көптеген елдердің экономикасының даму барысында персоналмен жұмыс атқару саласындағы мәселе ең өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Осы мәселені шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнеркәсібі дамыған елдерде негізгі жалпы үрдіс төмендегідей болып отыр: кадрларды іріктеу әдістері мен рәсімдерінің формализациясы, оларды бағалаудың ғылыми критерийлерін даярлау, басқару персоналына қажеттілікті талдауда ғылыми көзқарас таныту, жастар мен келешегінен үміт күттіретін адамдарды өсіру, кадрлық шешімдердің арттырудың негізділігі және жариялылығы, шаруашылық және мемлекеттік шешімдерді кадр саясатының негізгі элементтерімен байланыстыра білу.
Осы жалпы үрдістер біздің тәуелсіз Қазақстанымызда да нарықтық экономиканың қалыптасу барысында өндірісті басқаруда ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қарекет тиісті басқару әдістерін талап етеді. Ерекшелік қасиеттері бола тұра, бұл әдістер кәсіпорындарда ендігі қолданылып жүрген әдістер секілді жүйеленген, ұйымдастырылған және мақсатқа бағдарланған болуы керек......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0