Ел арасында «Қап-қарашка» атанып кеткен әнші Нұржан Керменбаев 1989 жылдың 17 ақпанында Қарағанды облысының Жезді ауылында дүниеге келген. Алдымен Жезқазғандағы музыкалық колледжде, кейінірек Алматыдағы Орталық Азия университетінде білім алған. Ол 2006 жылы «Superstar.kz – 3» телевизиялық жобасында жеңіске жетіп, жарқырай көрінді. Осыдан соң, әншінің қазақ эстрадасындағы жемісті жолы басталды. 2009 жылы Латвияның Юрмала қаласында өткен халықаралық «Новая волна» байқауына қатысты. Нұржан алғашында «Арнау» дуэтінің құрамында «Superstar.kz – 3» жобасына бірге қатысқан әріптесі Жанар Хамитовамен бірге ән салды. Кейін Жанар жеке жағдайларына байланысты топтан кеткенде, оның орнына Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Салтанат Бақаева келді. Салтанат Нұржанмен тез тіл табысып, дуэттің одан ары танылуына ерекше үлес қосты. Бұл дуэттің репертуарындағы «Аңсарым сен», «Егіз-лебіз», «Адалдық», «Махаббат жыры», «Астана – махаббатым менің» әндерін халық жылы қабылдады.....
«Ұлытау» қазақстандық аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. Топтың әуендері келесі қолданылаты негізгі аспаптарынан туындайды: домбыра, электр гитара және скрипка. Топ әу бастан-ақ игі мақсатпен құрылған еді. Мақсат – қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту. Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған топ не бары бес-алты жылда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. 2004 жылы әлемдік жұлдыздар санатындағы түрік әншісі Тарканның концертінде өнер көрсеткен. Ал, 2005 жылы топ музыканттары Шешенстан Республикасы мен Ингушетия Республикасының Еңбек сіңірген және халық әртістері деген атаққа ие болған. Топтың алғашқы альбомының атауы – «Жұмыр қылыш». Махамбеттің «Жұмыр қылышы». Жарыққа шыққан күйтабақта айқын көрініп, әдемі тыңдалатын дүниенің бірі – «Жұмыр қылыш». Оның өне-бойында даланың рухы болған соң, біз альбомды «Жұмыр қылыш» атадық».....
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция Сабақ тақырыбы: Функция және оның қасиеттері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.4 функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін: 1) функцияның анықталу облысы; 2) функцияның мәндер жиыны; 3) функцияның нөлдері; 4) функцияның периодтылығы; 5) функцияның бірсарындылық аралықтары; 6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары; 7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері; 8) функцияның жұптылығы,тақтылығы; 9) функцияның шектелгендігі; 10) функция үзіліссіздігі; 11) функцияның экстремумдары сипаттай алу; 10.4.1.6 кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу; 10.4.1.7 f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру; Сабақ мақсаттары: Оқушылар график бойынша функцияның қасиеттерін сипаттай алады, графигін сала алады, кері функцияны таба алады, функциялардың композицияларын құра алады. .....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия Сабақ тақырыбы: ДНҚ репликациясы механизмі. Мезелсон мен Сталь эксперименттері. Чаргафф ережесі. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.9 Чаргафф заңы арқылы ДНК репликациясы үрдісін сипаттау Сабақтың мақсаттары: - Чаргафф ережесін білу - ДНК репликациясы механизмін түсіну - ДНК репликациясы үрдісін жазбаша сипаттай алу - Мезелсон-Сталь экспериментінің ДНҚ-ның репликациясы теориясын зерттеуге қосқан үлесін бағалаңыз......
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика Сабақтың тақырыбы: Қисық сызықты қозғалыс. Бұрыштық орын ауыстыру және жылдамдық. Айналу периоды және жиілігі. Центрге тартқыш үдеу. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.1.1.3 - қисық сызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау; Сабақтың мақсаттары: Дененің қисық сызықты қозғалысын, яғни шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын түсіну және сипаттау;........
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алғашқы геометриялық мәліметтер Сабақ тақырыбы: Планиметрияның аксиомалары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.1 негізгі геометриялық фигураларды біледі; 7.3.1.3 кесінді, сәуле, бұрыш анықтамаларын біледі; 7.3.1.2 планиметрияның аксиомаларын біледі; 7.3.2.1 түзу бойындағы нүктелерді ретімен орналастыра алады; Сабақ мақсаттары: Оқушылар: - негізгі геометриялық фигураларды біледі; - геометриялық фигуралардың анықтамаларын біледі: сәуле, кесінді, бұрыш, үшбұрыш және оларды белгілей алады; - қарапайым фигуралардың негізгі қасиеттерін көрсететін аксиомаларды біледі және қолданады;.....
Мен Ниагара күркіреуігіне «бүйірінен ашылатын пульман вагонымен» келіп түстім, қаймана халықтың сөзімен айтсақ, жүк вагонымен келгенмін. Айта кетейінші, жүк тиейтін платформаны біздің сабаздар «гондола» дейді, оның екінші буынына жори екпін түсіріп созып айтады. Қой, іске көшейін. Сонымен товар поезымен ымырт жабыла келіп түскен бойы, тура күркіреуікке қарай тарттым. Ол бір керемет ғажап дүние екен, биік құздан күркірей құлаған көл-көсір су. Соған қарап, есімді таныппын да қалыппын. Көз ала алмай, құр бекер аңырып отырып, уақыт оздырып алсам керек. Әйтпегенде «отырықшының» (сол маңайда тұратын біреудің) «тамырын ұстап» тамағымды тауып алар едім ғой. Тіпті біреу «дастарханға отырыңыз» десе де бұрылатын дәрмен жоқ. Түн болды — тамылжыған сүттей жарық айлы түн, тек күркіреуіктен көз алмай отыра беріппін. Сағат түнгі он екі шамасында барып есім кірді. Енді маған «сұлай кететін» бір жер іздеу керек болды.
«Сұлай кету», «құлай кету», «жата қалу», «қата қалу» деген сөздердің мағынасы біз үшін біреу-ақ, ол — ұйықтау. Бұл қаланың «нашар» екенін, яғни тентіреп жүрген біз сықылды кезбелерге қолайсыз екенін сезе қойдым да, сол шаһардың өзін қойып, төңірегіне қарай бет түзедім. Қайдағы бір шарбақтан қарғып өтіп, далаға қарай «жөнеп келем». Иен далаға Заң тақсырдың құрығы жете қоймас — деп ойладым көк шөптің үстіне құлай кетсем, жас нәрестедей балбырап, әудемде тәтті ұйқыға батып кеткен екенмін. Ауаның жұпар иісі, тамылжыған түннің жылы лебі маужыратып, түні бойы бір оянсамшы. Таң ата көзімді ашып жібергенде, есіме кешегі таңғажайып күркіреуіктің түсе кеткені. Жалма-жан шарбақтан кері өтіп, тағы бір көрсінші деп суға қарай ентелеп келем. Уақыт әлі ерте екен, сағат сірә бестің кезі. Ертеңгі астан сегізсіз үміт жоқ. Демек, өзеннің арынды ағысын тамашалауға әлі толық үш сағат уақытым бар. Бірақ, амал не, маған өзенді де, күркіреуікті де көруге жазбаған екен!