Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы нарығы және қор биржасы

Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрған мәселелердің бірі – теңгенің айырбастымдылығы. Бір жағынан теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүние жүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушы бола алмауына жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алады. Еліміздің комерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама-қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұру мен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық эономиканы долларландыруға әкеліп соқты.
Қаржы нарығында болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде. Ең алдымен қаржы және ваюта нарығының мәні мен мазмұнын түсініп жалпы айтсақ, валюта нарығын қаржы нарығының құрама бөлігі ретінде қарастыруға болады, бірақ бұл тауарда жалпы макроэкономикалық деңгейден қарарстырып отырғандығымыздан қаржы нарығына жалпы шолу жасап, ватюта нарығын тереңірек зерттемекпіз, нарықтардың макроэкономикалық принциптер бойынша құралымын анықтамақпыз.
Қаржы нарығы – құнды қағаздар айналымына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әлі ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несиеге капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.
Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санад ретінде қарастыратын дүниежүзлік практиға байнысты.
Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаржаттарының нарығы болып табылады, ол қолма-ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаржаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтыды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Сол жақта ортада оң жақта

Тақырыбы: Сол жақта, ортада, оң жақта. Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау.
Мақсаты: өзіне қатысты кеңістікте орналасуын анықтай білу дағдыларын бекіту (оң жақта, сол жақта, ортасында); геометриялық фигуралардың орналасу ретін түсіндіру; 1 цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып, 1 санын жазып үйрету; 1 цифры өзге сандар арасынан табу.
Қажетті көрнекі құралдар: Шеңбер, шаршыға ұқсайтын заттардың суреті, бағыт бағдарды көрсететін сюжетті суреттер.
Әдіс - тәсілдер: практикалық, сұрақ - жауап, көрнекілік, әңгімелесу.
Мотивациялық қозғаушы Педагог балаларды тақтадағы суреттермен жұмыс істеуге шақырады:
- Балалар, суреттерді мұқият қарап шығыңдар. Суретті әңгімелеп береді
Бір күні анасы мен қызы хайуанаттар бағына барады. Қызы торда отырған арыстанды көріп, таңырқап, қасында тұрып қалады.
Оның қалып қойғанын байқамай алдыға түсіп жүріп кете береді.
- Қыз нешеу?
- Арыстан нешеу? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Экономика | ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауылшаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне, әртүрлі сатыдағы әлеуметгік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Ежелгі Қытай мемлекеті — шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы — әрі монарх, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік кызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда — рубасылары, отбасы (семья) басылары тұрды. Ал кұлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды.
Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдында әртүрлі әлеуметгік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарымқатынас күрделі, шымшытырық ритуалдарға негізделді.
Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни кезқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар, жоғары әлеуметтік сатыда тұрғандар мен төменгі сатыдағылардың ара қатынасын нақтылап, айқындайды, т.б.
Қытайлықтардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары "Бес кітап" (У цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Халықаралық мораль императивтерінің түсінігі

Егер халықаралық құқықтың негізін қалаушысы ретінде Г. Гроций саналса, ал қазіргі әлемдік саясаттағы этикалық бастауларын салған тұлға И. Кант болып саналады.
Әлемдік саясатта мораль белгілі бір іс-әрекеттің қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екендігін көрсететін түсінік. Мораль латын тілінің mores сөзінен шығып қоғамда жалпыға алынған ортақ құндылықтар мен дәстүрді білдіреді. Дегенмен бұл түсінік жайлы көптеген даулы мәселелер көтерілуде, себебі мемлекеттердің, ұлттардың мораль императивтерін тусінуі әртүрлі деңгейде, дәрежеде. Бұған тарихи, діни және уақыт факторлары тікелей әрі жанама әсерін тигізеді. Мәселен бұрыңғы қоғам мен қазіргі қоғамның моральдық сұраныстары өзгерді. Қазіргі заман талаптарына сай адам құқығы, гендерлік теңсіздік, демократия мәселелері бұрын көтерілмейтін де. Керісінше сол кездерде мораль түсінігі күшпен тікелей байланысатын. Бұл реалистік дәстүрге тән концепция. Моральдың интерпретациясы, оны түсіну әртүрлі болғанымен дегенмен оған ортақ, универсалды түсінік бар ма, әлде ол тек дәстурлі түсінік шеңберінде ғана ма деген сұрақтар тууда. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Динозаврлар мен егеуқұйрықтар)

Динозавp алыптығы үшін ерте жойылды,
Сан мыңдаған майда сойыл оған қарсы қойылды.
Тарақандар динозаврлардан бұрын күн кешкен.
Әлі ғұмыр сүріп жатыр,
Тірлік-салты жүріп жатыр,
Алыптықтың неге қажет екендігін білместен.....
Өлеңдер
Толық
0 0