Эссе: Туған өлке

Туған өлке, туған жер дегенде, адамның бойы дір етері анық. Туған жер-ол Отан ана, тарихың. Туған жер -сайран салып, көбелек қуып, қызықты балалық шақты өткізетін жер ғана емес, ол сенің өткенің мен болашағыңның ұштасуы, сенің болашақта орын табуыңа әсер ететін жақының секілді. Әр адамның туған жері өзіне ыстық.

Менің туған жерім Жантемір ауылы. Менің ол жерде болашақ тұлға ретінде алғашқы кірпіштерім қаланды. Ол менің кіндік қаным тамған жер, ата–бабам орын тапқан жер.Туған жер туралы сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жантемір ауылы шағын отаным, жүрегімнің төрінен мәңгілікке орын тепкен мекен. Бұл дегеніміз Отанға деген махаббат, сүйіспеншілік, сағыныш. Туған елден, жерден қияда жүргенде Отанға деген ықылас, ондағы адамдарға, даласы мен жусанына, табиғатына деген сағыныш пен махаббат ыстық болары айқын.......
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Күкірт қышқылының қолданылуы (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды өнеркәсіптік химикаттар
Сабақ тақырыбы: Күкірт қышқылының қолданылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.2.1 Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын негізгі өндірістерді және өндірістік процестерді білу;
10.4.2.2 күкірт қышқылы өндірісінің процесін түсіндіру;
10.4.2.3 күкірт қышқылын өндіру тепе-теңдік күйдегі процесс деп түсініп, сыртқы жағдайдың өзгеруі мақсатталған өнімнің шығымына қалай әсер ететіндігін болжай алу;
10.4.2.4 күкірт қышқылының негізгі өндірістік тұтыну көздерін білу.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар сабақ соңында
• Қазақстан Республикасындағы негізгі өндіріс орындарын айта алады;
• күкірт қышқылы өндірісінің негізгі сатыларын түсіндіре алады;
• екінші сатыдағы реакцияның тепе-теңдік күйдегі процесс екенін түсініп, реакция бағытын анықтай алады;
• күкірт қышқылының негізгі өндірістік тұтыну көздерін анықтай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Іштей және сырттай сызылған шеңберлер (Геометрия, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Геометриялық салулар
Сабақ тақырыбы: Іштей және сырттай сызылған шеңберлер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.11 үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің анықтамаларын біледі;
7.3.2.26 үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлер центрі туралы теоремаларды дәлелдейді
Сабақ мақсаттары: - үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің анықтамаларын біледі;
- үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлер центрі туралы теоремаларды дәлелдейді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Халықаралық жария құқығы түсінігі 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Халықаралық құқық. Бөлімше: Халықаралық жария құқығы
Сабақтың тақырыбы: Халықаралық жария құқығы түсінігі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.5.1.1 халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтау
Сабақ мақсаттары: Халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіреді және оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стехиометрия
Сабақ тақырыбы: Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.1.2 «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: - Периодтық кестеде элементтердің атомдық салмақтары әрдайым бүтін сан бола алмайтынын біледі
- салыстырмалы атомдық және молекулалық массаның мәнін түсіндіре алады
- молярлық масса ұғымын біледі
- бұл ұғымдардың арасындағы айырмашылықтарды ажырата алады
- салыстырмалы молекулалық және молярлық масса есептей алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Дұшпандар


Сағат онға қараған қыркүйектің бейуақ кешінде земстволық дәрігер Кириловтың алты жасар жалғыз ұлы Андрей жұқпалы тамақ дертінен қайтыс болды. Дәрігердің әйелі жаңа ғана көз жұмған сәбидің төсегі алдында тізе бүгіп, дәрмені құрып, талықси берген кезде ауыз үйден қоңырау шыр ете түсті. Қауіпті аурудан қорқып, барлық жалшы біткен таңертең - ақ үйден аласталды. Кирилов бешпетсіз, желеткесі желбегей, карболка күйдірген қолы мен тер сорғалаған бетін сүртпестен есікті өзі барып ашты. Ауыз үй тастай қараңғы еді, үйге кірген кісінің тек орта бойлы, ақ бөкебайлы, боп-боз, жалпақ бетті жан екенін ғана байқайсың, шүберектей бозарған адамның ішке енгені сол, ауыз үй жап-жарық боп кеткендей...

— Дәрігер үйде ме екен?.. — деді кірген кісі аптыға сөйлеп.

— Үйдемін! — деді Кирилов, — нендей шаруаңыз бар еді?

— А, бұл сіз бе? Өте қуаныштымын! - деді кірген адам қуанып, қараңғыда сипаланып, дәрігердің қолын алып, қатты қысты. — Тіпті... өте қуаныштымын! Біз бұрыннан таныспыз ғой!.. Мен — Абогинмін... Жаздыгүні Гнучевтікінде өзіңізбен бірге болып, бір жасап қалып ем. Сізді үйден тапқаным қандай жақсы болды... Құдай үшін, қазір менімен бірге жүрсеңіз деймін... Әйелім қатты сырқаттанып қалды... Көлігім де дайын...

Үйге кірген кісінің дауысынан да, жүріс-тұрысынан да әбден абыржығандық байқалады. Тап бір өрттен, әлде құтырған иттен шошынған ба дейсің, ентігіп әрең демалып, даусы дірілдеп, сөзінде пәтуа жоқ, бала құсап былдырлап кетті. Есі шығып, үрейі ұшқан адам секілді, бұл да сөзінің аяғын жұтып, бұзып-жарып сөйлейді, келген шаруасына қатысы жоқ қайдағыны айтып сандырақтап тұр. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Бас ақын


Тойда шамадан тыс қызып отырған ел ағаларының бірі арнау өлеңін оқып, онысын мерейтой иесіне табыстап отырған орнына қарай маң басып бара жатқан ақынды тоқтатып: «Сен қазірден бастап осы облыстың бас ақынысың!

Мен солай ұйғардым!»- деп салды.

Сол сәт ду қол шапалақтау құттықтауға ұласып, арагідік бірер өлеңі жергілікті газетке қырналып,тырналып, күзеліп, түзеліп басылып тұратын пақырыңыз бір-ақ сәтте аймақтың бас ақыны болып шыға келді.

Сол күннен бастап «аймақтың бас ақыны» деген алып- қашпа атақ әлгіге қара күйеше жабысты.

Газеттің бөлім меңгерушісі, әдебиет бетін әзірлей қалса, редакторы: «Әлгі бас ақынның өлеңдері бар ма?»- деп сұрар еді.

-Бар,- десе...

-Дұрыс!- деп бетке батасын беретін.

- Жоқ,- дей қалса...

- Сен өзі... не тантып тұрсың?

Пәленшенің тойында облыстағы екінің бірі оны бас ақын дегенін естіген жоқ па ең? - деп түлкі көрген бүркіттей түйілер еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Адамның сезімдік сферасының дамуы

Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағытипке оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда сезімдік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Эмоцияға арналған тақырыптар , психологияның өзге тақырыптарында арнайы мәселе ретіде сөз болмаған, таза натурализм үстемдігі туралы мәселеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияның енуімен , психологиядағы бихевеаризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядағы эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жғдайда бихевеаризммен типтес. Өйткені психологидағы бихевеаристік бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық психологияға тікелей қарсы шығады. Соған орай эмоция тақырыбы негізінен натуралистік бағытта баяндалып, өзге тақырыптармен салыстырғанда өз алдына ерекшеленіп, арпа дәнідегі бидай дәніндей болып көрінеді.
Бұлай деп анықтаудың көптеген себептері бар. Осы ретте біз Дарвин іліміне арқа сүйейміз. Ол өзінің «Адамның жарасындағы қозғалғыштың пайда болуы деген» еңбегінде бұрынғы биология ғылымының дәстүрін одан әрі дамыта отырып, адамның сезімі мен эмоциясы Хайуаннаттар дүниесінің соқыр сезімі мен аффектік серпілістермен тығыз түрде дамып жетті дейді. Оның жақында орыс тілінде аударылған мақаласында адам бойындағы жарасымды қимыл-қозғалыстарының бәрі эволюциялық даму нәтижесі екендігін баяндай отырып, адамның жан дүниесінің ішкі «қасиетті сыры» болып табылатын сезімнің пайда болуы адамның өзі сияқты, жануар дүниесінің қылығымен төркіні бір деп жазды. Мәселен, шындығына үңілетін болсақ , Дарвиннің бұл пікірі адамға ұқсас жоғары сатыдағы жануарлар мінез-құлқындағы ұқсастықтардың бар екендігі ешқандай күмән тудырмайды....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экология | Бейімділіктің адам өміріндегі алатын орны

Кіріспе
Адам таным обьектісі ретінде қазіргі ғылыми пәндерде әртүрлі көзқарастармен қарастырылады. Алайда қазіргі таңда адамды танудағы фрагментарлықты жоюға негізделген ғылым салалары пайда болды. Осы ретте басқа да ғылымдармен қатар қазіргі адам экологиясы мен әлеуметтік экология шығады. Бұл екі саланың зертттеу пәні орталық обьект ретінде адам болып табылады.
Қазіргі ғылым адамнан өзінің пайда болу жолынан ұзақ жолдан өткен биоәлеуметтік жаратылысты көреді. Адам осы жолда күрделі әлеуметтік ұйымды жасап шығарған.
Адам жануарлар патшалығынан шыға отырып, осы кезге дейін сол жануарлардың мүшелерінің бірі болып отыр. Жануарлар патшалығы, Хордалық типтер, омырқалылар, сүтқоректілер, Адам руы, ақылды. Адам түрі – адамның органикалық жүйедегі алар орны осы.
Ғылымдағы қалыптасқан түсініктерге сәйкес қазіргі адам маймылға ұқсас тектендриопитекадан пайда болған. Адам одан шамамен 20 – 25 мың жыл бұрын бөлініп шыққан.
Адамның арғы тегінің эволюцияның басты сызығынан аластауының оның физикалық дене – бітімінің жетілуі мен қызмет ету мүмкіндігінің кеңеюінің себебі табиғи процесінің дамуының салдарынан өмір сүру жағдайының өзгеруі болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық - шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпататтарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай – ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіріді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмыс және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтен кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.
Еспе беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0