Курстық жұмыс: Менеджмент | Ұйымның ішкі айнымалы

Кіріспе.
Басқару объектісі - ұйым болып табылады, яғни жеке және мемлекеттік фирмалар, мемлекет мекемелері, қоғамдық бірлестіктер, мәдени және оқу-ағарту мекемелері және т.б. соғамның әлеуметтік институттары.
Басқару ғылымында ұйымдардың құрылымы және қызмет етуінің комплексті жалпы теориясы жан-жақты ғылыми реттеулер пәні болғанына қарамастан осы күнге дейін аяқты анықталмаған.
Басқару теориясы мен практикасы басқа ғылымдар жетістіктерін жинақтай отыра ұйымдық басқарудың бірыңғай принциптерін жасауға ұмтылады.
Басқаруға арналған әдебиетте "бизнес ұйымдарын", өндірістік-шаруашылық ұйымдарын зерттеудің ең күрделі объектілері қатарына - әлеуметтік-экономикалық жүйелер класына жатқызады. Осы тұрғыдан ұйымды жүйелік баппен қарастырудың маңызы зор.
"Ұйым" термині әдетте екі мағынада қолданылады:
1.Ұйым - белгілі бір объектінің бар элементтерін кеңістікте және уақыт бойынша рационалды үйлестіру. БҰЛ үйлестіру барысында әр элемент тұтас объект табысқа жетуге итеру керек.
2.Ұйымның өзі күрделі, белгілі бір реттелген ішкі құрылымға
болатын объект ретінде қарастырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Экономикалық қылмыс

1 Кіріспе.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше .Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату волюта операцияларының ережелерін бұзу , мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және т.б. жатады. Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында жасалатын , сауда ережесін бұзу , сапасыз өнімдерді і сату, жалған кәсіпкерлік , монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіпі зор.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьектісіне нарықтық экономика жағдайларында , Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьективтік жағы қасақана , заңға қайшы белсенді әрекеттер мен сиппаталады .
Экономика аясында қылмыстардың субьектісі мемлекеттік кәсіп орындарда , мекемелерде және ұйымдарда экономикалық , шаруашылық міндеттерді атқаратын , сондай- жеке кәсіпорындарда істейтін 16 жасқа толған азаматтар болып табылады.Экономикалық қылмыстардың субьективтік жағы қасақана сипатта жасалады.Олардың қылмыстарының себебі- материялдық мүделілік. Олар өз игіліктерін қоғамның, азаматтардың мүдделеріне зия келтіру есебінене пайда тауып , жасайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | 3 тамыз 1936 Қарағанды облысының құрылғанына 70 жыл

Қарағанады облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау -қадау іргелі істердің куәсі боласын. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді.
Еліміздің экономикасындағы Орталық Қазақстанның алатын орны ерекше екендігі сол кезде-ақ белгілі болған. Аймақтың индустриялық даму қарқынын жеделдетуге ерекше көңіл бөле отырып, КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1929 жылғы 28 қарашада "Республиканың "Қазақ көмір құрылысы" тресіне қарасты көмір кәсіпорындарын салу ісін мемлекеттік басқару туралы" ережені бекітті. Трест басқарушысы болып еліміздің көмір өнеркәсібі саласынын ірі мамандарының бірі К.О.Горбачев тағайындалды.
1931 жылғы қәңтарда "Қарағандыкөмір" тресі құрылды. Ол осы өңірге шахта салу мен оларды пайдалану ісін жеделдете түсті.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | ӘЙТЕКЕ БИ

ӘЙТЕКЕ Байбекұлы (23.03. 1644, Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша м. — 1700, Өзбекстан, Нұрата ауд. Сейітқұл қорымы) — казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шықкан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, кырғыз, қазақ, кұрама жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің - үшінші ұрпағы. Ә. Қоканға (1622 — 35) хан болған Ақшаның немересі, Самарқан өмірі (1622 — 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан.
Шешендік касиетінің ерте танылуына әкесі Байбек пен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиеді. Алайда жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Ол өуелі Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс баһадүр салдырған, сән-сәулетімен әйгілі "Тіллә-кари" (Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде оқиды. Дін, құқық, аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тіддерін меңгеріп шығады. Әйтеке Ақша атасынан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе, Жалантөс атасынан әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттығады. Баланын он екі жасында Жалаңтөс атасы, он бес жасында Ақша атасы дүниеден озады. Әйтеке медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел баскару істеріне араласады.
Сөйтіп жиырма бір жасында бүкіл Бұкара мен Самаркан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарқалпақ, кұрама жұртының бас биі бодды. Ал жиырма бес жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлады. 1680 ж. Салқам Жәңгірдің жасы үлкен балалары Уәлі мен Бақыны емес, кішісі Тәукені хан етіп сайлауға казақ халқының бетке ұстарлары: Әнет баба, Соқыр Абыз, Едіге, Майлы, Төле, Қазыбек, қарақалпақ Сасық, құрама Мұхаммед, қырғыз Қоқым билермен бірге Әйтеке би де айрықша ат салысты. Тәуке тақка отырғаннан кейін алғаш рет ресми түрде айрықша құқты "Хан кеңесі" сайланды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Агробизнес

Нарықтық экономика – еркін іскерлік экономикасы және бизнестің оның барлық салаларында жұмыс істеуі. Нарықтық қатынастарға көшу тұрғындарды бизнеске кеңінен тарту арқылы ғана мүмкін болады.
Экономикалық реформаларды іс жүзіне асыру, бірте-бірте нарықтық қатынастарға көшу, дамыған елдердің тәжірибесін жан-жақты оқып үйрену, қоғамды иделогиядан босату сияқты факторлар уақыт өте келе біздің отандастарымыздың санасында адамдардың өзара пайдасы және жалпы игілік жолында бизнестің өндірістік, жасампаз қызмет ретінде қабылдауына мүмкіндік береді.
Бизнес – бір жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Қоғамда өндірістің үш факторы бар, олар – жер, еңбек және капитал. Американдық экономист И. Шумпетер бизнесті өндірістік төртінші факторы ретінде қарастырады, ол бұл жерде іскерлік қасиеттерді, оған қатысушылардың белсенділігін өндірістің қозғаушы күші ретінде, әлгі негізгі үш фактордың іы-қимылын күшейтуші факторлар ретінде түсінеді.
Бизнесті пайда табу немесе басқадай әдіспен олжалы болумен байланысты қызмет ретінде анықтайды. Мұның өзі бизнестің ең басты белгісі және оның негізгі мақсаты болып табылады.
Бизнесмендердің экономикалық қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз араласып кеткен өркениетті рынок жағдайында жекелеген іскер тек қана өзінің жеке пайдасын, оның үстіне бизнеске қатысушы басқалардың есебінен пайда табуды ойлайды. Ол өзінің қызметін тек өзіне ғана пайда қылмай, сонымен қатар ортақ іске қатысушы басқа да бизнесмендердің пайдалы болуын көздеп, ұйымдастыру керек. Алғашқыда экономика туралы бизнес жеке адамдардың, кәсіпорындардың немесе ұйымдардың бірлесе отырып, табиғат байлығын игеру, өндіру, тауарларды сатып алу және сату немесе басқа тауарларға қызмет көрсету сияқты жұмыстар атқару арқылы мүдделі адамдар мен ұйымдардың өзара пайда табуына бастайтын қызмет ретінде қарастырылады. Сонымен, бизнес басқа жақтың шығынға немесе алдауға түсіп қалу есебінен тек қана бір жақтың пайда табуына жол бермейтін адал қызмет ретінде көрінеді.
Бизнестің өзіне тән белгісі – ол жеке меншікке, өндіріс факторына негізделеді. Себебі, жеке меншік өзіндік, отбасылық, топтық және акйионерлік, яғни ұжымдық сияқты әр түрлі болп келеді. Бұл мемлекет іскерлік қызметпен айналыса алмайды дегенді білдірмейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштері

Нарықтық экономика кезеңінде әр мемлекет өз алдына дербес дамуы үшін түрлі стратегиялық және тактикалық бағдарламалар қойып, оны жүзеге асыруда .
Осы стратегиялық мақсаттарға жету үшін экономиканы зерттеу институттарында болашақ кезеңдегі жағдайларды анықтау үшін түрлі модельдер жасалуда.
Жалпы экономикада болжам жасау кәсіпорындардың, банктердің дағдарыстық жағдайын анықтау үшін тренд, Альтман модель сияқты тағы басқа модельдер қолданылуда.
Біздің жұмыс бойынша кәсіпорындардың, банктердің және республиканың қандай көрсеткішке байланысты дағдарыстық жағдайда екендігін анықтауда “Диагностика ғылымын ” қолданамыз.
Диагностика ғылымындағы болжам жасаудың негізі математика ғылымында қолданылытын матрицалар арқылы есептеледі .
Бізге республикамыздың жалпы макроэкономикалық көрсеткіштері облыстар және негізгі мегаполис қалалар арқылы берілді, сол себепті республиканы осы көрсеткіштерге байланысты жалпы жағдайын анықтау.
Жұмыс барысы келесідей болады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Тындырмады демесең ісін дөйдің)

Тындырмады демесең ісін дөйдің,
Мен де милы,
Ақылды кісіңдеймін.
Бірақ мына тірлікте,
Өзге түгіл,
Өзімді де кейде мен түсінбеймін.
Өтеді күн зымырап,
Өтеді күн.
Есептесең бойымда жетеді мін.
Кемшілігін көрсетіп үлкендердің,
Жіберемін баланың қателігін. .....
Өлеңдер
Толық
0 0