Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар және липидтер 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.1.2 көмірсулар, липидтердің қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау Сабақтың мақсаты: көмірсулар мен липидтердің өкілдерін ажыртау; көмірсулар мен липидтердің қасиеттерін сипаттау; көмірсулар, липидтердің қызметінің маңызын түсіндіру.......
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бүтін көрсеткішті дәреже Сабақ тақырыбы: Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.1.2.3 нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу; 7.1.2.4 бүтін көрсеткішті дәреженің сандық мәнін анықтау және берілген сандарды дәреже түрінде көрсету; Сабақ мақсаттары: Бүтін көрсеткішті дәрежесі бар есептерді шығару дағдысын қалыптастыру.....
Ановуляциялық айналым (көне грекше: an — жоқ + көне грекше: ovum — жүмыртқа + көне грекше: ovulatio) — жұмыртқалықтың жарылу процесі , жұмыртқаның бөлінуі) — овуляция (жарылу арқылы жұмыртқалықтан жұмыртқа жасушасының құрсақ қуысындағы .....
Колька Паратов әрбір апта сайын сенбі күні кешкісін қора ішінде концерт береді. Үш қатарлы гармонын алып шығады да онысын құлаштай түсіп, әнге басады:
Күйеуіне Париж жаққа аттанған
Салды әйелі жолыңа деп кепкен нан...
Ара-арасында Колька бөксе жағын бұлтыңдатып билеп те алады.
Тара-рам, тара-рам, та-та-ра-рам
Три-рам, три-рам, та-та-та.
Кешкілікте тұс-тұстан қораға шыға қалған кемпірлер күледі. Үйді-үйлеріне кірмей тыста жүрген балалар да мәз-мейрам болады.
Ал ішінен тұрды әйелі күбірлеп:
Құрысаңшы, құрыр болсаң бүгін деп.
Тара-рам, тара-рам, та-та-ра-рам.
Колька қоңырқай көзді, ашаң жүзді, бұйра шашты әсем жігіт. Бойшаң болмағанымен мытым денелі, апайтөс – сібір жігіті, мұндай жігіттер 1941 жылғы Москваның есінде. Көзі оттай жайнаған ақ тонды жігіттер күн демей, түн демей көшелермен ағылып, өзінің сол кейпімен алып қалаға медеу болған-ды. .....
Облыстық ғылыми жоба жарысынан жүлделі орын алған оқушының ғылыми жоба жұмысы Астана қаласындағы іріктеу кезеңіне жолданатындығы, сол жұмыстың компьютерде терілуі керектігі жайлы хабар келгенде, бұлар компьютердің жоқтығына байланысты дағдарып қалды. Себебі ауылда компьютер жоқ еді. Ауданның орталығынан да компьютер таба қою қиын болатын. Енді компьютер іздеп облыс орталығына баруы керек еді.
Ғылыми жоба облыстық жарысқа компьютерге басылмаған күйі қатысқан болатын. Жарыстың аты облыстық ғылыми жобалар жарысы деп аталғанымен, жарыс ол кезде облыс орталығындағы қала мектептерінің арасында өтетін. Себебі бұл кезде облыстың басқа аудандары ғылыми жоба жұмысына әлі атсалыса қоймаған еді. Тек бұлардың ауданы ғана екінші жыл атсалысып отыр. Ал ол кезде облыста ғылыми жобамен ең мықты айналысып отырған мектеп сол кездегі облыстық гимназия еді.
Енді сол облыстан жүлде алған жұмыстарды Астана қаласындағы республикалық "Дарын" ғылыми-практикалық орталығының мамандары іріктеуден өткізеді екен. Астанадағы мамандар тарапынан мақұлданса, республикалық ғылыми жоба жарысына қорғауға жібереді, ал мақұлданбаса... .....
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекеменің ерекшелігі болып, оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды тарту мүмкіншілігі шектеулі, және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан регламенттелінеді. Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарын салым (депозит) түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады. Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі, олардың негізгі түрлері болып, клиентпен (депозит) жұмыс істеу процесінде тартылған қаражаттар, және де меншіктік борыш міндеттемелерін шығару арқылы тартылған қаражатттар жатады (депозиттік және жинақ сертификаттары). ....
Депозит ( латын тіліне аударған depositium сақтауға берілген зат дегенді білдіреді ) - клиенттердің банктерге өз қаражаттарын уақытша Депозит дегеніміз ерекше ұйымға, яғни банкке клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі шартпен сақтауға берген салымдары. Банктердің көптеген қаражаттарын депозиттер құрайды. Өзімізге белгілі банктердің ресурстарының 80-90 % тартылған қаражаттар құрайды. Оның 60-70 % депозиттер болады. Сондықтан банктердің депозиттерін дұрыс орналастыру, оларды тарту әрбір банктің көздеген мақсаттарының бірі болып табылады. Еліміздің банктер жүйесінің жақын арада дамып келе жатқандығына ешқандай күмән жоқ. Бірақ банктер өздерінің операцияларын жүргізсе де, халықтың сенімділік дәрежесінің төменділігімен сипатталады. Коммерциялық банктер осы сенімділік дәрежесін арттыру үшін барлық шараларды қолданы, арнайы стартегиялар жасауда. Әйгілі экономист К.Маркстің айтуынша «Банктер біреуге несие беріп қана қоятын ерекше ұйым емес, басқадан ақша қаражаттарын тартатын және солардың сақтануына жауап беретін ұйым». Осы әйгілі экономистің сөздерін депозиттің қаншалықты банктер үшін қажет екенін көруге болады. Депозиттік операциялар банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Сондықтан өз курстық жұмысымды банктердің ресурстарды тарту шараларына арнадым. Осы курстық жұмыста алдыма мынандай мақсаттар қойдым. Олар : 1. Депозит түсінігін жетік білу және оның нарықтық ортада қалыптасқан түрлерімен танысу ....
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады. Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын. Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк ''БанкЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда. 1995 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын. Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi. ....
Мақсаты: Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана білуге ықпал ету. Қоршаған ортаға – үйлерге, заттарға, ағаштарға, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түспен ақ түстің бір - бірімен үйллесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен қар салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Қолданатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар. Қажетті құрал - жабдықтар: сурет дәптер, төмпешіктерге салынған тіс пастасы, мақта таяқшалар. в Сөздік жұмыс: алғашқы қар, ұлпа қар, жеңіл, үлпілдеген. .....