Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: "Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика." Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады. Болашақ қаржыгер ретінде, Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайын салыстыра келе қаржы жүйесінің өзгерісін білу.
Біз білетіндей, 14 жыл ішінде тек қаржы жүйесінде ғана емес сонымен қатар, экономиканың басқа да секторлары елеулі түрде ілгері дамыды.
Курстық жұмыс барысында, мен қаржы жүйесі жайлы біраз мағлұматтарды жаздым. Астана қаласындағы елбасы--- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 18 ақпанда халыққа арналған жолдауында қаржылық сектор жайлы үшінші бөлімде көрсетілген. Бұл бөлімшеде әлеуметтік-экономиканың дамуында қаржы жүйесінің маңызы зор болып табылатындығы көрсетілген. Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін 2005-2007 жылдар аралығындағы бағдарламалар қадылданды. Ендігі біздің мақсатымыз білімімізді шыңдап, білікті маман болып шығу. Халықаралық стандарттарға сай болу арқылы қаржы жүйесін жетілдіру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар

І КІРІСПЕ
Өзіме берілген жанама салықтар тақырыбы негізінде толықтыратын болсам, кіріспеде былай делінген:
Жанама салықтар – бұл баға немесе тариыке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым.
Акциздер дегеніміз – бұл тауардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салық болып табылады. Акциздер бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларған салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшылықты ерекшеліктеріне қарай монопольді түрде жоғары бағаларымен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Осы салықты бұрыннан бері көптеген мемлекеттер және бекітілген белгілі бір тауарлар түрлеріне салуарқылы қолданып келді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Физика | Механикалық приводты жобалау

Кіріспе
Қарастырылып отырған механикалық привод электродвигатель, байланыстырушы муфта, бірсатылы цилиндрлі редуктор және берілістен тұрады.
Жалпақтісті цилиндрлі дөңгелектері бар жобаланып отырған көлденең бірсатылы редуктор айналым моментін екі парралель осьтер арасына беруге арналған. Редуктор - шойын корпуста, валдарға подшипниктермен біріктірілген, және де ол тісті берілістен тұрады. Редуктор корпусы болттармен бекітілген картер мен қақпақтан тұрады. Корпус – көлденең, валдар осьтерінде орналасқан. Картер мен қақпақша үстіне қарай байланысқан, ал толық жинақталғаннан кейін герметикпен Корпус жабылады. Қақпақшалар диаганаль бойынша орналасқан. Картер мен қақпақша үстіне қарай байланысқан, ал толық жинақталғаннан кейін герметикпен Корпус жабылады. Қақпақшалар диагональ бойынша орналасқан екі штиф арқылы корпусқа қатысты бекітілген.
Шестерня негізгі валмен (вал – шестерия) бірге жобаланған. Дөңгелек жетектегі (негізгі) валға Н7/r6 дәрежесінде қондырылған (орнатылған), айналым моменті призматикалық шпонко арқылы беріледі. Дөңгелек қозғалысы бір жағынан тірек втулкасы, яғни подшипниктің ішкі және сыртқы сақинасы подшипник қақпақшасына тіреледі.
Негізгі және жетектегі валдар радиалды шариктік подшипниктерге орналастырылған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Техногендік факторлардың өсімдіктегі биомассаның жинақталуына әсері

КІРІСПЕ
Алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды [1].
Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.
Овчаренко М. М. (1995) мәліметтері бойынша жоғарыда келтірілген түсті металл балқыту заводтардан әр жыл сайын қоршаған ортаға - 154650 т. мыс, 121500 т. мырыш, 89000 т. қорғасын, 12000 т. никель, 765 т. кобальт, 1500 т. молибден, 30,5 т. сынап, ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т. сынап, 3600 т. қорғасын, 2100 т. мыс, 700 т. мырыш, 3700 т. никель және автотранспорт газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді [2], ал Новосибирскідегі Қоршаған ортаны қорғау комитетінің анықтауы бойынша ауаның ластануының 70 %-дан көбі автотранспорттан болса, 11 %-дайы ЖЭО үлесіне тиеді [3].
Ауыр металдармен ауаның, судың және топырақтың ластануы Қазақстанның ірі өндірістік орталықтарында да экологиялық өзекті мәселе болып саналады. Мысалы, Семей қаласының өндірістік орындарына жақын маңдағы топырақ құрамындағы кейбір ауыр металл концентрациялары қалыпты жағдайдағы топырақпен салыстырғанда мырыш-7,4, қорғасын-9,9, мыс-3,8, кадмий-13,3, марганец-1,3, кобальт-2,4 есеге жоғарылаған. Ауыр металдардың топырақтағы мөлшері, таяу маңдағы өсірілетін ауылшаруашылық өсімдіктері мен бау-бақша дақылдарында бақылағанда 2-3,5 есеге дейін жоғарылаған [4].....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Тұлғаны зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні

І.Кіріспе.
Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Құдай қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені оның жаны да тәні де айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде тек әлеуметтік әсер жағдайларында ғана адам кісілік мән-мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуіне оның ортасымен (отбасы, мектеп, т.б.) тығыз байланысты. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам жоқ. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни, оның қандай көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары, білім мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі, білім бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды-көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп ес білетін кісінің өмір жолын, ұстанған бағытын білдіретін мотивтер (түрткі, себеп) көп.
Адам табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі және қоғамдық тұлға.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ФРАЗЕОЛОГИЗМНІҢ СӨЗ ТІРКЕСІНЕ ЕНУ ТӘСІЛІ

Кіріспе
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды.
Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі мына төменгідей:
а) лексикалық мәні.
ә) копаненттік құрамы.
б) грамматикалық категориялардың түрі.
Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге қатысты екенін дәлелдеу үшін сол фразеологизмдерді тілдік единица сөзбен жәй сөз тіркесімен салыстыру қажет. Екеуінің де фразеологизмдермен ортақтасып кететін белгілері бар.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тіліміздегі фразеологизмдерді тіл білімінің синтаксис саласында зерттеу де оның ашылмаған сан қырының бірі.Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін,түп-тамырын ғана емес,сол тілді қолданушы мәдениетін терең білуге болады.Осыдан келіп фразеологизмдерді зерттеушілер синтаксисте оның ішкі байланысына ғана тоқталады.Сөз тіркесі негізінде іштей берік жымдасқан фразеологизмдердің сөйлем ішінде қалай байланысқа түсетіні жайлы зерттеу-тақырыптың өзектілігі болып танылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Сарбарпы)

[quote]Сарбарпы сай - сайды өрлеп қанат қағып,
Безілдеп жоғары - төмен сумен ағып.
Майысып су бетіне тиіп төнген,
Ағаштың бұтағына ұя салып.
Жүреді қашып ылғи сұр жыланнан,
Сондықтан су қасына ұя салған.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Кубадағы әлеуметтік жұмыс

Кубадағы әлеуметтік қызметкерлер «жан ашитын әскер» болып саналады.Нақты айтқанда көмекке мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызметкелер жан тәнімен көмек беруге тырысады.Кубадағы әлеуметтік қызметкерлер әр өз клиенттерін жақсы танып,олардың қиыншылықтарын,проблемаларын терең түсінуге және әр дайым көмек беруге әрқашанда дайын.

Кубалық әлеуметтік қызметкерлер ең бірінщі орынға көмекке 15 жастағы балаларды қояды.Олардың тамақтарын,сабаққа баруларына үлкен көңіл аударады.Және де әлеуметтік қызметкерлер 16-29 жас аралығындағы адамдарға көп көңіл аударады.Өйткені, оларда бұндай жастағы адамдардың 40-50% мүгедек адамдар.Шың мәнінде кубалықтар өздерінің әр түрмелерінде әлеуметтік қызметкерлер үлкен жұмыс атқаратындарына мақтантұтады.Олардың мақсаты түрмеде отырған жас өспірімдер мен олардың ата-аналарының арасындағы ара-қатынасын жақсартып,күшейту.Солай да мектепте оқитын оқушы балалар мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынастарын жақсарту және де еркін ара қатынасқа көмек беруге тырысады.

Қазіргі уақытта Кубада 4 әлеуметтік жұмыс мектебі бар.Олар өз системаларымен білім береді,олар ТБО және PHD проблемаларын қолданады.Бірақ сол уақытта да олар психология мамандығын меңгереді.

Көп Кубалықтар өздерінің жақсы оқулық тәжірибелерімен мақтан тұтады.Олардың бойынша бүкіл әлем бойынша әлеуметтік жұмыс мамандығы Кубада жақсы,әрі терең дамыған деп санайды.Өйткені, оларда әлеуметтік жұмыс мамандығының магистратурасы және докторантура программасы әлі де жетіліп,дамып және де әр түрлі қазіргі уақытқа сай программаларын қолдануда.Кубалық халықтар әлеуметтік жұмыс маманың жақсы бағалайды және халықтың жақсы хал-ақуалын әлеуметтік қызметкердің арқасында деп санайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Марш)

Шықты еліріп
Сұм буржуйлар.
Қолын созып
Аспан-көкке,
Жинал, жолдас,
Пролетарлар,
Отырыңдар
Самолетке?
Шегін кері, жаулар арсыз!
Жұмысшы мен шаруалардың,
Елі ұшырған сұңқарлармыз!
Атты әскерлер өтпес жерден,
Табан тимес,
Қиын белден,
Қуған талай
Жау құзғыным,
Ер канатты
Туғызды ұлын.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Азатпын сол шаққа)

Көремісің күн сүйген шың басынан,
Таңғажайып әлемді тың ашылған?
Көремісің теңіздің құдіретін,
Толқындаған айбынды тұлғасынан?
Құзыңнан да биікке астым міне,
Қалың толқын қауыммен бастым бірге,
Көріп тұрмын әлемді таң-тамаша,
Ертегідей көрінген жас күнімде.
Толқыныңнан айдында тез есемін, —
Шақырып тұр алдымда келешегім. .....
Өлеңдер
Толық
0 0