Сабақ жоспары (ұмж): Эргономика ұғымы 1-сабақ (Информатика, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Компьютерлік жүйелер мен желілер»
Сабақтың тақырыбы: Эргономика ұғымы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.1 эргономика міндеттерін ойластыру және шешу (жоғары деңгейде жайлы және тиімді болу үшін)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар: компьютермен жұмыс кезінде өз денсаулықтарын сақтау туралы білетін болады........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Жаңылтпаштар жинағы

Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.
Жаңылтпаштар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жұмағали Сәрсеков

Жұмағали Сәрсеков - 1899 жылы Орал облысының Жәнібек ауданында туған. Азамат соғысы жылдарында Батыс Қазақстанда жасақталған атты әскен полкының құрамында ақ гвардияшылар мен интервенттерге қарсы күрескееді. 20-жылдарда басшы комсомол қызметінде, сонан соң бірқатар уездік, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, хатшысы, Ақтөбе округтік аткомы төрағасының орынбасары, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің нұсқаушысы болады. 1932 жылы бүкілодақтық 17 партия коференциясына делегет болып қатысады. 1937 жылдың 4 мамырынан газет ҚК (б)П Қарағанды облыстық, қалалық комитеттерінің және облыстық .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Нар тәуекел еткен екен

Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы кеңшар жиырмасыншы ғасырдың екінші жарты жылдығында еңсе көтеріп, іргелі ел қатарына қосылған. 1961 -жылы сол кездегі «Шадыра» совхозынан бөлініп, жеке совхоз болып шаңырақ көтерген.

Ол кезде бұл елді мекен «Жаңажол» совхозы аталатын. Аудандағы орта шаруашылықтардың бірі еді. Өткен отыз екі, отыз үш жылда сол қалпынан бір танған емес.

Рас, сонау бір жылдарда Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметов директор болған тұста әр сала бойынша арты аудан, алды облыс көлемінде жеңімпаз деп танылып, ауыспалы Қызыл туларды жеңіп алған тұстары да болған. Тек мұндай жұлдызды сәттері ұзаққа бармаған. Шаруашылықтың ірге тасы берік болғанымен, шаруасы шалқыған ел еді деп айта қою қиын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс:Қаржы | Ақша қаражатының аудиті

Аудит - кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктердің және акционерлік қоғмдардың қаржылық шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау. Аудит негізінде кәсіпорын басшыларының не болмаса қатарлас және аралас кәсіпорындардың, контрагенттердің мемлекеттік басқару органдарының сұраныс бойынша жүргізледі. Оның негізі кәсіпорынның қаржы-қаражат жағдайын анықтау және оны жақсарту туралы менеджмен және салық ісі мәселелері бойынша кеңес беру қызметін көрсетеді. Аудитор – акционерлік бірлестіктердің, фирмалар мен кәсіпорындародың қаражатын, шаруашылық іс-әрекетін басшылармен келісе отырып, жасалған шарт арқылы тексеретін заңды тұлға немесе фирма болып табылады. Аудитордың негізгі мақсаты тексерілген бірлестіктердің кәсіпорындар мен фирмалардың қаражаттары мен іс-әрекеттеріне, шаруашылық қызметтеріне әділ әрі нақты баға беріп жылдық есептің кіріс-шығысын жариялау. Аудиторлық фирмалар тексеру міндеттерімен қатар кеңес беру қызметтерінде атқарады. Аудиторлық қызметтер коммерциялық негізде жүргізіледі. Аудиттің объектісі болып нарықтық экономикада қызмет ететін шаруашылық субъектілері табылады. Қазақстан Республикасының экономика ғылымдарының докторы, профессор К.Ж. Дүйсенбаев аудиттің мазмұнына келесідей анықтама береді: «Аудит – бұл ұйымдардың қаржылық есеп беруін және басқада экономикалық ақпараттарын тәуелсіз сараптау және талдау, ішкі бақылаудың жағдайын және бухгалтерлік есептің Республикада заңдылықтарымен тексеру, сонымен қатар клиенттердің сұрақтары бойынша қызметтер көрсету».
Қазақстан Республикасы 2000 жылы 5 наурызда аудиторлар конференциясында Аудиторлардың Халықаралық Стандарттарын ұлттық деп тануына шешім қабылдады және халықаралық деңгейге көтерілуіне үлкен қадам жасап отыр. Қазіргі кезде елімізде 1999 жылы Халықаралық Бухгалтерлік Федерациясында құрылған Аудиторлардың Халықаралық Стандарттарына сай өз қызметтерін жүзеге асыруда.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі

Кіріспе
Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек өнеркәсіп болып табылады. Өйткені өнеркәсіпте жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке өнеркәсіптік кәсіпорын дегеніміз өндірістік- техникалық бірлігі бар, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады.
Нарықтық экономикадағы маңызды факторлардың бірі – бәсекелестік. Ол адамдардың шаруашылық ісінің формаларын белгілі бір дәрежеде анықтайды. Бәсекелестік –нарықтық жүйедегі маңызды бақылау құралы.
2006 жылғы 1 – наурыздағы ҚР Президентінің халыққа Жолдауында Қазақстанның алдағы уақытта әлемдегі 50 бәсекелеселдің қатарына кіру туралы міндеті қойылғаны белгілі. Бұл міндет Қазақстан экономикасы дамуының сапалы да жаңа кезеңін ашқалы отыр.Ол дегеніміз өтпелі кезең жағдайындағы модернизациялауды аяқтап, енді бәсекелестік қабілеті бар елді жасауға ұмтылуды білдіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Әлеуметтік–мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы
«Әлеуметтік–мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар». Бұл тақырыпты таңдау себебім әлеуметтік–мәдени бағыттарға жұмсалатын шығыстар әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін жұмсалатын мемлекет шығыстарының аса маңызды бағыты болып табылады. Әлеуметтік мәдени шараларға – оқу–ағарту, ақпаратты, қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, денешынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Аталған шығыстар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бір бөлігі болып табылады. Олар мемлекеттің ақшалай трансферт түрінде, сондай-ақ ақысыз (немесе жеңілдетілген) материалдық игіліктер мен қызметтер түрінде қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке тұтынуға бағытталады .
Әлеуметтік–мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың экономикалық функциясының негіздемесі әлеуметтік мұқтаждарды қанағаттандыру үшін барлық азаматтарға қолайлы мүмкіндіктер жасауға саяды. Мемлекет қоғамдық тұрғыдан маңызды қажеттіліктерді қаржыландыра отырып, дара рынонктық бөлудің ұнамсыз салдарларын жоюға, қоғамның барлық мүшелеріне әр түрлі әлеуметтік топтардың, жіктердің, таптардың өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын біршама теңестіру мақсатымен оларды қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасауға тырысады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне асыратын органдардың қызметінің құқықтық негіздері

Бітіру жұмысымда қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі, қоғамдағы орны, маңызы мен мақсаты қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жөүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызы өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады.
Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылатынын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік басқару жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз: Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде олар алуан қоғам мүдделіктерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығаруға болмайды;
Екіншіден, мемлекеттің экономика, рөлі күшейе бермек; үшіншіден, мемлекет ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына себін тигізетін зор мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жөн; төртіншіден, нарықтық өзіндік реттеу стихиялық процестер туындатады жөне ол процестер нарықтың бір қыры ретінде қаржылар және әлеуметтік-мәдени салаларындағы дәрежесі ұзақ жылдар бойындағы тарихи тәжірибелермен белгіленген. әсіресе қазіргідей, қысылтаяң реформа кезеңінде мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың ауыздықталмаған қара күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан келеді; бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық өзіндік реттеу анархия мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Өнер саласы | Түс көрудің поэзиядағы рөлі

1 Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі
1.1 Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы
“Бәрі де майдан” повесінде түс көру және оны жору оқиғасы бірнеше мәрте кездеседі. Повесте соғыс жылдарындағы қазақ ауылының өмірі Алма кемпірдің әңгімелеуімен, еңбек армиясының өмірі Ақан шалдың аузыменбаяндалады. Түс көру, көбінесе алдағыны болжау, сезіну сипатында көрінеді.
“Құлыным-ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқтырма тасып жатқанына қарамастан, салып-ұрып өте шығып еді,-деп көзінің жасын шылауышымен сүртті”.
Күркіреме бұлағы – ауылдағы ер-азаматтардымайданға аттандырғанда шығарып салғандағы тұс. Ауыл адамдарының бүкіл үміт-тілегі осы Күрткіреме бұлағына ауады. Алыс сапардан қайта оралар азаматтарды күтіп алар жер де осы. “Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді.” Бірақ кемпірдің түсіне кіретін ауыл маңындағы асау да арынды өзен – Бұқтырма. Кейіпкердің болашақ өмірінің ишарасы осы өзеннен салып-ұрып өте шығуынан көрінеді. Халық түсінігінде, түсінде ағынды су көрсе, ол тұнық болса жақсыға жорылады. Ал, тұңғиық, не лай болса жақсы емес. Азырақ қам болса керек дер”. Повесте бұл көрінген түс былайша жорылады: “Апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығыптасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, есен-аман келеді деп отыр”. Тасып жатқан өзен аласапыран оқиғаның, арпалыстың белгісі. Осы өзеннен аман-есен өту - өмір сүрудің нышаны. Мифтік ұғымда Тәңір, теңіз деген сөздердің өзі су деген мағынамен байланысты екенін С.Қасқабасов талдап көрсетеді. Бірі – көктегі, екіншісі – жердегі су. Бірі - өлім әлемі, екіншісі - өлім әлемі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0