Эссе: Өлке тарихының батырлық белестері

Қазақ батырларының жеңісі ұлтымыздың жадында мәңгі болмақ. Соғысқа қатысушылардың ерлігі еш ұмытылмас. Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз,асты қайғы-қасіретке толы қаралы, үрейлі сөз. Осы айқаста жауды жеңу үшін барын аямай, жеңісті жақындату жолында қаза болғандар да жоқ емес. Аспан әрдайым ашық болу үшін барлық күштерін сарп еткен батырларға мың алғыс.

Менің ойымша, осы бүгінгі ашық аспанымызға жетуге дейінгі соғыстарды екіге бөлуге болады. Бірі, атты әскерлермен қара қанға батқан Қанжығалы батыр, Қарабай батыр, Наурызбай батыр, Райымбек батырларымыз әскерлерімен болған қорқынышты соғыстар. Аталып өткен қолбасшылар әрі шешен, әрі батыр, қолбасшы және жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы азаттық күресетін аса көрнекті ұйымдастырушылар. Атты әскердің қолбасшылары осындай батыл болғаны, әскерінің де мықты және аянбай шайқасатын, ержүрек батырлар екенін мәлімдейді. Екіншісі, 20 ғасырда болған Ұлы отан соғысындағы қазақ батырларының фашистермен шайқасында өз үлесін қосуы болмақ. Бұл соғыста фашистердің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді.

«Шөлде суыңды сақта,Соғыста туыңды сақта» деген уәждемемен өздерінің алдына мақсат қойып, ешқандай тосқауыл оларға төтеп бере алмаған, ержүрек соғыс қатысушылар-көк аспанымыздың айнасы деуге болады.

Бауыржан Момышұлының «Жауынгер тұлғасы» атты шығармасындағы бейнелер әлі есімде. «Жауынгер тұлғасы» әңгімесінде автор қазақтың «Білекті бірді, айлалы мыңды жығады»мақалының кұдірет-күшіне тамсанған. Осы әңгімеде Мұхаметқұл Исламқұлов әлі де жас болғанына қарамастан еліне қызмет еткісі келді, әрине, ол басында уайымдады, қорықты, бірақта оны алға қарай тартқан мақсат! Шығарманың шарықтау шегі кезінде осы жас жауынгердің қарамағына одан жасы үлкен ағаларын жіберген кезде, олар жас балаға бағынғысы келмегенін көре аламыз. Сол кезде ақын, әрі батыр Бауыржан Момышұлы ағамыз.....
Эсселер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Зайыт пен мысық

Бұрынғы заманда бір кедей қарт диірменші болған. Бұл диірменшінің қатыны жоқ екен. Үш қызметкері бар екен. Көп заман өткен соң бұл қарт өзінің қызметкерлеріне айтты:

—Мен сіздерді енді шығарамын, қартайдым. Қазір тыныш өз күнімді өзім көргім келеді. Солай болса да мен біріңді алып қаламын. Маған қайсыңыз жақсы ат келтірсеңіз, міне, сол өлгенімше туысқандай мені күтеді. Диірмен сол ат келтіргеніңізге қалады,—деген соң бұлар шығып кеткен. Біреуінің аты Зайыт екен, екіншісі—Рафик, үшіншісі—Ғаббас. Зайыт—есалаңдау жынды екен. Бұлар қарттан кетіп бір ауылға жеткенде жолдастары Зайытқа:

—Сен нағып ат табасың, жынды. Бізбен бірге бармай-ақ осы ауылда қал,—дейді. Зайыт бұлардың сөзін қабыл алмай «мен де сіздермен барамын» деп ілесіп қалмаған. Бұлар кеш болған соң далада бір шұқырға кіріп жатқан. Зайыттың екі жолдасы оянған соң, Зайытты оятпай қашып кетеді. Зайыт күн шыққан соң оянып қараса, жолдасы оятпай қашып кеткен. Зайыт қорқа-қорқа шұқырдан шығып тоғаймен бара жатып ауыр ойланып өз-өзіне: «Мен бір өзім қалдым, жақсы атты қайдан табамын»,—дейді. Сол арада Зайытқа тоғайдан шығып, бір ала мысық келіп жолықты. Зайытқа айтты:....
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу 1-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика негіздері
Сабақ тақырыбы: Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): уақыттан тәуелділік графиктерінен орын ауыстыруды, жылдамдықты, үдеуді анықтау
Сабақ мақсаттары: • Үдеу деген физикалық шамамен танысу, үдеуден жылдамдықты анықтай алу, орын ауыстыруды есептей алу
• Қозғалыстың түрлерімен танысу, ерекшеліктерін ажырата алу. ........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Материктер мен мұхиттар 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам.
Сабақтың тақырыбы: Материктер мен мұхиттар 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтай алады;
материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін жоспар бойынша сипаттай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тетраэдр және параллелепипед 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік
Сабақтың тақырыбы: Тетраэдр және параллелепипед 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1 - тетраэдр және параллелепипедтің анықтамаларын білу, тетраэдр, параллелепипедті және олардың элементтерін жазықтықта кескіндей алу;
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
- тетраэдрдің анықтамасын біледі;
- жазықтықта тетраэдрді және оның элементтерін кескіндейді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығы мен валюталық биржалардың мәні

Ақша мен биржаның пайда болуы
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір өкілдері ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сұйене отырып, ақшаның шарты – белгілі март, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
«Биржа» деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVI ғ. Голландияда бағалы қағазды (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар жөне қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс көсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркөсіптің өрістеу фазасында экономиканын өсуін ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепті болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы,
• қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);
• валюта биржасы;
• тауар биржасы;
• еңбек биржасы.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылай келісімге келу үшін кездесетін оры....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясытының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
Кеден саясаты өз өкiлеттерi шегiнде Қазақстан Республикасының орталық артқарушы органдарының қарауына жатады. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен анықталады.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негiзгi мақсаттары болып табылады.
Осы бітіру жұмысымның мақсаты кедендік бақылау туралы әрекеттегі Қазақстан заңдарын талдай отырып, кеден құқығының негізгі институтының бірі – кедендік бақылау табиғатын анықтау және айқындау.
Мақсаты: Кеден саласындағы, алғашқы заңды актiнiң (1991 жылғы 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтерi мен баждары туралы заң”) баптары, негiзiнен, халықаралық құқық нормаларына сүйенедi. Осы кездегi ұлттық заңдар кеден саясаты проблемасына қатыссыз, жергiлiктi кеден iстерiн шешетiн Үкiмет қаулылары мен Кеден комитетiнiң ведомствалық актiлерiнде көрсетiлген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Жарнама-3

І. Кіріспе
Жарнаманың психикалық әсеріне - зейінді тарту, қызығу туғызу, тілектерді ояту, интеллект пен эмоцияға жағымды әсер ету сияқты жағдайлар жатқызылады. Адамға жарнаманың әсерін әлеуметтік- психологиялық ішкі дайындықтың жиынтығы ретінде түсіндіретін негізгі компоненттерге - когнитивті, мінез-құлықтық және эмоционалды компоненттерді жатқызуға болады.
Жалпы алғанда жарнама ол информациялар емес, әуелде солай көрінгенімен ол адамдарды психологиялық бағдарламалау. Бұл жағдай өте қауіпті, ерте ме, кеш пе ол бізді экономикалық ғана емес, өнеге сферасында да басқарады, нәтижесінде тауардың бар екенін біліп ғана қоймай, оны сатып алуымыз керек. Жарнаманы зерттеу арқылы, қоғам күйін де анықтауға болады.
Жарнама мен тұтынушының мінез-құлқының арасындағы арақатынасты түсіну үшін біріншіден, адам мінез-құлқының көп жақтылығы, оған әсер ететін факторларды, екіншіден маркетингпен айналысатындар мінез-құлық тенденцияларына қарай қалай топтастырады, әсер ететін факторлардан қалай капитал жинайды деген сұраныстарды нақтылау керек.
Жарнама іс-әрекеті- қоғамдық сананың бір формасы. Тұтынушының психологиясымен білу жарнама маманына нақты өз аудиториясын дұрыс табу, психологиялық әсер ету факторларында бағдарлануға мүмкіндік береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ФИРМАНЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАУАРЫН НАРЫҚҚА ШЫҒАРУ

КІРІСПЕ
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше косіпорыннан түратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйым-ды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады олардың маңыздысына меншіктің формалары жэне фирманың көлемі жатады. Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіигі (шағын), орташа жэне ірі бизнес болып бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын кұрайды. Бунда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise -жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture-бел байлау, тәуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уақытқа дейін ол ерекше ұйымдық-құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ коммерпиялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте болды, өйткені косіпорындарының өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір-бірімен жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі болып қала берді. Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, құқықтық жағынан да, кәсіпорынын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, «бір тұлғаның (адамның) компаниясын» құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын» деген түсінік тек коммерциялық емес ұйым ретінде - меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды. Фирма теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципі құрайды, яғни табыстар мен шығындардың айырымының көп болуы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0