Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУЫ

Кiрiспе.
Ипотекалық несиелеу – банктiк iс-әрекеттiң ең перспективалық бағыттарының бiрi. Қазақстанда ипотекалық несиелеу жүйесiн құру кайлы мәселе бiраз уақыттан берi талқылануда. Бұл саладағы алғашқы қадамдар 90 жылдардың басында жасалған. Бұл мақсатта арнайы мемлекеттiк қор құрылған, бiрақ ол сол күйi жұмыс iстемей-ақ жабылып қалған. Басты мәселе Үкiметте ақшаның жоқтығы, дегенмен бұл тек нәтиже, ал мәселе бұдан да терең. Үкiметте, дәлiрек айтқанда қығығушылық танытқан ведомостваларда ипотекалық несиелендiру жүйесiн құру үшiн не iстеу қажеттiгi жөнiнде және бұл жүйенiң жалпы неге қажет екендiгi туралы нақты көзқарасы болған жоқ.
Бүгiнде тұрғын үй жағдайын қарастыра отырып бiз өз азаматтарымызды тұрғын үймен қамту мәселелесін қозғап қоямыз. Өзiне тұрғын үй алу – әрбiр отбасының бiрiншi кезектi қажеттiлiгi. Бұл қажеттiлiктi қанағаттандырмай, қоғамның ешбiр әлеуметтiк басымдықтар туралы айтудың қажетi жоқ.Осыдан барып азаматтардың қажеттi деңгейдегi үй алу жөнiндегi конституциялық құқықтарын iске асыру маңызды әлеуметтiк – саяси және экономикалық мәселе ретiнде қарастырылады. Бұл мәселенің шешiмiн таңдаудан тұрғын үй құрылысының жалпы қарқыны мен масштабы, адамдардың нақты тұрмыс жағдайы, олардың моральдық және физикалық сезiмi өзгередi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму бағытта

Кіріспе
Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас XVIII-XIX ғасырларда пайда болды. Оған дәлеледі теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти «Салық пен жиынтық трактаты» -(1662 ж.), Д. Рикардо «Салық салу және саяси экономияның басталуы» - (1817ж.), А. Смит «Халықтар байлықтарының себептері мен табиғатын зерттеу» - (1776 ж.).
А. Смиттің айтуы бойынша, салықты төлеушілер үшін, бұл құлдық емес, еркіндіктің белгісі. Ф. Аквинский (1226-1274 жж.) салықтарды рұқсат етілген тонау нышаны ретінде анықтады. К. Маркс «Салық – бұл меншік, жанұя, тәртіп және дінмен қатар жүретін бесінші құдай» деп анықтады. АҚШ-ның мемлекеттік қайраткері және ғалымы Б. Франклин (1706-1790 жж.) . «Өмірде салық пен өлімнен құтылатын ештеңе жоқ» деп айтты.
Шарль Монтекье (1689-1755 жж.) ризықтың қанша бөлігін бодандардан тартып алып, қаншасын солардың сыбағасы етіп қалдырудың амалын табатын данышпандық пен ақылгөйліктен асатын ештеңе жоғын толық сеніммен негіздеген.
А. Смит салық салудың үшін принціпін айқындаған. Оның осы прициптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды.
1. Өзіңе бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға (қаржыландыруға) қатысады. Мемлекеттік қорғауымен қамқорлығын пайдалана отырып, қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады.
2. Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде барлығын төлейді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қазақстандағы аударма өнерінің даму

КІРІСПЕ
Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Қазақ ғылымында да арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. Бұдан жарты ғасыр бұрын М.О.Әуезов: «...аударма төл күйінде, қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін» атап өткен. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым қатынас жасаудың делдалы, дәнекері. Тургенев: «Всякий перевод назначен преимущественно для незнающих подлинника. Переводчик не должен трудиться для того, чтоб доставить знающим подлинник случай оценить, верно или неверно передал он такой-то стих, такой-то оборот: он трудится для "массы",-деген. (4;47) Аударма өнерінің құбылыстарын зерттеу де, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыстарды зерттеу сияқты, әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Аударма проблемасын әр қилы тұрғыдан: тарихи-мәдени, әдебиеттану, лингвистикалық және психологиялық тұрғыдан алып қарастыруға болады. Қазақ аудармасының тарихына, теориясы мен тәжірибесіне арналған мақалаларда, жинақтарда, монографияларда, аударманың тарихи-мәдени, әдебиет салаларындағы жайы көбірек.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Білім күні

Бағдарламалық мазмұны: Музыкалық шығарманы тыңдау және эмоциясын ажырата білуге үйрету. Әннің сөзін анық, дұрыс айтуға талпындыру. Зер салу, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
Мектепке, оқуға деген ынта - ықыласын, қызығушылығын қалыптастыру.
Пайдаланылатын құралдар: мектеп суреттері, балалар әдебиеті, оқу құралдары, мектеп өмірі көріністерінен көрме; саз аспаптар; 1 үлкен және балалар санына сәйкес ұсақ қоңыраулар мен ағаш таяқшалар.
Қазақстан Республикасының Гимні (үнтаспа). Музыка Әліппе - дәптері.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: мектепке даярлық тобы түлектерінің бірінші қоңырауға қатысуы, балабақшаның, мектептің есігін бірінші күн ашып отырған балалармен танысу; ойын ұйымдастыру; балабақша түлектерінің сыйлық жасауы. Қазақстан Республикасының Гимні орындалған кезде адам өзін қалай ұстау керектігі туралы түсінік беру......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Міне қандай аққала

Сабақтың мақсаты: Табиғат ерекшеліктерін, оның әсемдігін байқау. Жапсыру сабағы арқылы бейне жасап үйрету.
Білімділігі: Балаларға аққала құра білуді (қыс пен жаз) үйрету. Қыс пен жаздың, суық және жылы түстердің айырмашылығын ажырату, түс ерекшеліктерін байқау. Желіммен дұрыс жұмыс істеу дағдысын пысықтау. Аққала қандай түсте болатынын анықтау және бекіту.
Дамытушылығы: Балалардың ой қиялын дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Қайшымен қию арқылы қол, саусақ ұсақ моторикасын дамыту. Табиғат сұлулығын сезіне білу, аялай білу.
Тәрбиелігі: Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікті, әсемдікті көре білуге, ұжым болып жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Қажетті материалдар: Желім, көк түсті қатырма қағаз, түрлі - түсті қағаздар, қайшы, әртүрлі жанрда салынған суреттер. Үнтаспа, сүлгі, сандық, Аққаланың суреті, доптар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ойын элементтері, сұрақ - жауап, көрнекілік
Сабақтың барысы:
Балалар, бүгін тағы бір жаңа күн келді. Ол бізге бар жылуымен «Қайырлы күн!» дейді. Қане, бізде сәлемдесейік. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Одақ)

Одағым десем ойыма,
Шалқыған шалқар көл түсер,
Көк жиегі бал құрақ
Көкорай шалғын жер түсер.
Сазға біткен өрімтал,
Бағымда сансыз бұлбұлы
Шырқап салған үн түсер......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Сырттан)

Сұлтан деген баланың
Болды мойнақ күшігі,
Мойынында қарғысы,
Тап-тұйнақтай үйшігі.
Күндіз кіріп үйшікке
Ұйықтайды, дем алады;
Түні бойы көз ілмей,
Есік алдың бағады. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Мемлекет және құқықтың пайда болуы

1. Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз - жер осыдан 4-5 млрд. жыл бұрын пайда болған көрінеді. Адам, яғни саналы адам - һоmо sаріеns жер бетінде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің дәуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми зерттеулер дәлелдеді. Соған сәйкес ежелгі адамдар 35 мыңдай жыл бойы мемлекеттік құрылымсыз өмір сүрген деуге болады.
Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын себебі адамдар ол кезде кауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақтасып еңбектенуге негізделетін.
Ру - адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге отырмайды. Барлық халықтар рулық дәуірден өткен. Қазіргі халықтардың кейбіреуінде рулық дәуірден қалған әдет-ғұрыптар, дәстүрлер әлі де сақталған. Мысалы. қазақтың салт-дәстүрі бойынша жеті атаға дейін қыз алысып-беріспейді.
Рулық қоғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне байланысты мәселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Оған жынысына қарамай, кәмелетке толған ру мүшелерінің барлығы қатысатын. Қандай мәселе болса да, жалпы қауымның келісімімен, әділдік жолымен шешілген. Ру мүшелері жалпы жиналыста ру ағасын сайлайтын болған. Ру ағасына ақылға толған, ру әдет-ғұрпын, дәстүрін білетін, рудың қамын ойлайтын, қауымды басқара білетін адам санланатын. Бірнеше ру бірігіп, таппа құраған. Тайпаны басқару үшін ру ағалары кеңес құрған. Сол кеңесте рулардың тұрмысына, басқа тайпалармен қарым-қатынасына байланысты мәселелер қаралатын. ....
Рефераттар
Толық
0 0