Кіріспе Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) турінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Улттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кэсіпорындарға беріледі.....
Қазақ әдебиетін жанрға бөліп сөз еткенде революцияға дейін поэзиядан ауызша да жазбаша да мол мұраға ие болса, прозаның төркіні Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Спандияр Көбееев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бейімбет Майлин шығармаларымен танылады. Ал драматургиямыз болса, дәстүр мұра дегеннен тұлдыры жоқ тақырда туып, тек қана қазан революциясынан кейін қалыптасты. Драма (грекше drama – қимыл-әрекет) – сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар. Драмаға уақиғаны қызу тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне әбден жеткізіп барып тану – айрықша тән қасиет. Драмалық шығармаларда кейіпкер өздерінің айтатын сөзі арқылы, сонымен бірге сахнадағы қимыл-әрекеті, жүріс-тұрысы, сонда байқалатын жай-күйі арқылы бейнеленеді. Кейіпкердің жеке қалып айтатын сөзі (монолог), бір-бірімен өзара сөйлесуі (диалог) – бұлар оның характерін, басқа адамдарға, өмірдегі әр түрлі жай-жағдайларға қатынасын, қоғамдық мәселелерге көзқарасын сипаттаудың басты тәсілі. Автордың уақиға барысын, кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-құлқын, күй-жайын тікелей өз атынан суреттеп, баяндап беруі жоқтың қасы. Біз болып жатқан, болып өткен уақиға жағдайларды кейіпкерлердің айтуынан біліп, солардың көзімен көріп, кейіпкердің хал-жайын, сағыныш, қуаныш-қайғыға берілуінен, ойлау-сезінуінен байқаймыз. Сөйтіп драмалық шығармада жеке адамның ойлану-сезінуін терең көрсететін лирикалық тәсіл мен тұтас бір шиеленіскен уақиғаны баян ететін эпикалық жанрға тән көркемдік тәсіл қабысып, ұштасып жатады.1 Драматаругия қазіргі әдебиетімізде жетекші жанрдың біріне айналып, күрделі белге көтерілген. ....
Консалтинг – жұмыс орынын ауыстырғысы келетін жас мамандардың, жоғары оқу орыны түлектерінің және тәжірибелі кәсіпқойлардың арасындағы қызметтің ең танымал түрлерінің бірі. Электрондық бизнес пен жоғары технологиялық компаниялардың тартымдылығының төмендеуімен байланысты, көптеген университеттер мен бизнес-мектептердің түлектері, оны мансаптық өсу жоспарындағы жұмысорынының келешектілерінің бірі (мүмкін, ең келешекті) деп есептейді. Бұл сала өте жылдам дамуда, оған ықпал етушілер: консалтингілік қызметке сұранымның өсуі және кеңес берушілер қызметіне талапкерлер санының артуы. Жыл сайын мыңдаған ізденушілер, он мыңдаған өзінің қарсыластарын бәсекелестік күресте жеңіп шығып, ашылып жатырған бос орындарға ие болады. Мұндай қатаң бәсекелестік, кандидаттарды әңгіме өткізудің әрбір кезеңіне шындап дайындалуға мәжбүр етеді. Бұл кітап, басқарушы консалтингтің осындай ерекше қызық және динамикалық әлеміне кіргісі келетіндерге пайдалы болады деп үміттенеміз. Студенттерге кеңес берушінің жылдам мансаптық өсу мүмкіншілігі ерекше ұнайды, сондықтан бұл кәсіп, бірінші жұмыс орынын таңдау алдында тұрған бастаушы мамандар арасында ең беделділердің бірі болып саналады. Жоғарғы оқу орындарының экономикалық факультетін бітірушілердің жуық шамамен 40 % консалтингілік қызметпен айналысуға тырысады, бірақ олардың 30—35% ғана оған қол жеткізе алады. Талапкерлергеде бұл сала өте қызықтырарлықтай көрінеді, оларға оқу орынына түсу кезінің өзінде-ақ қатаң бәсекелестіктен өтуге тура келеді. Консалтинг алдарынан ашатын келешекке қызыққан, құқықтану, гуманитарлық, жаратылыс тану және техникалық ғылымдар бойынша магистрлік, докторлық және басқа ңылыми дәрежесі барлардың өзі, өте жиі жұмысқа қабылдау туралы өтініш жасайды. Тіпті танылған мамандардың өзі консалтингіден өзінің кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін, ал кейде қызмет аясын түбегейлі өзгерту үшін мүмкіндіктер іздейді. Консалтингілік қызмет көрсетуші фирмалардың санының өсуі мен жоғарылау шамасына қарай, тапсырыс беруші компаниялардың ең ақылға сыймайтын проблемаларын шығармашылықты шешуге қабілетті, тәжірибелі мамандарға сұранымда артуда. Дегенмен тағыда ескертуге тұрады, үміткерлер саны бос орындар санынан асып кетеді, бұл өз кезегінде бәсекелестікті өте қатаң етеді. Фирмалар түйіндемелерге көміліп қалды десе болғандай. Сондықтан олар ең жақсы мамандарды іріктеудің әртүрлі әдістемелерін әзірледі. Соңғы кездеріі ерекше танырман болғаны – жағдайлық тапсырмаларды орындаумен өтетін әңгіме жүргізу. Бұл, шындығында, сұхбаттың ең күрделі (кандидаттар үшін) және түсініксіз нысандары. Үміткерлердің ең қатты қиналатындары абстрактілі сұрақтар, әсіресе техникалық егжей-тегжейлікпен байланысты. Тіпті сіздің жолыңыз болды және сөз әңгіме өткізуге шақырылдыңыз делік, дегенмен, келесідей жалғыз сұрақты беріп-ақ, сізді тез арада «сұрыптайды»: " авиа¬лайнер Boeing 747 салмағы қандай?" немесе "Amtrak компаниясы Бостоннан Вашингтонға дейінгі темір жол билетіне бағаны қалай белгілейді?" ....
ХХ ғасырдың соңы азаматтардың индустриялық эрадан информациялық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Соңғы компьютерлік технологиялардың пайда болуы көптеген мекемелердің, өндірістердің, акционерлік қоғамдардың және компаниялардың іс құжаттарын ұйымдастыру, деректер қорын басқару, т.с.с көптеген жұмыстарын едәуір жеңілдетті. Қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмастарын соңғы жылдарда шыққан программалық өнімдер арқылы жылдам әрі тиімді ұйымдастыруға болады. Заманымыздың өркендеуіне байланысты мәліметтер ағымының көлемі де ұлғая бастады. Деректер қоры, дерктер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ), электрондық кесте т.с.с. компьютерлік жаңа програмалардың дамуы заман қажеттілігінен туындап отырғандығы айқын. Сондықтан соңғы жылдары компьютерлік технологиялар қарқынды дамып, көптеген жерлерде қолдалынуда, себебі дайын құралдарды пайдаланбау бірталай қиындықтар туғызатыны сөзсіз. Қазіргі уақытта көптеген мекемелерде, өндіріс орындарында және компанияларда мәліметтер ағымымен жұмыс істеуде деректер қоры кеңінен пайдалануда. Себебі деректер қоры мәліметтерді сақтауда және оларды өңдеу жұмыстарын жүргізуде көптген жеңілдіктер береді. Осындай мекемелердің бірі – кафедра. Әрбір кафедраның атқаратын жұмыстары мол. Оның ішінде кафедраның әр мамандық бойынша жылдық оқу жоспарын жасау жұмысы күрделі де, уақытты көп талап ететін жұмыстардың бірі. Осы оқу жоспарында көрсетілген әр мамандыққа байланысты және пәндерге лайық емтихан, курсық жұмыс, лекция, практика, СРС, СРСП, лабораториялық жұмыс сағат сандары т.с.с мәліметтер дер кезінде алынып, көптеген жұмыстар жасалады. Осы аталған себептерге байланысты бітіру жұмысына қойылған мәселе өзекті мәселелердің біріне жатады. Жұмыстың мақсаты кафедрада жасалатын оқу жоспары есептеу жұмысын автоматтандыру, яғни компьютер көмегімен....
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады. Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады. Қазақстанның мәдени - тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми - әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға үлкен мән бөлінетін болады. Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. ....
Кіріспе. Бүгінгі таңда егемендігімізді алып, тәуелсіз елге айналған шағымызда өз билігіміз өзімізге дара тиіп, төл тарихымызға деп қойылып, ақтаңдықтар ашылуда, жаңа тарихтар жазылуда. Сол жаңа тарих ортамызға қазақ халқының Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, сынды азаттық үшін күрескен кемеңгер азаматтарын қайта оралып, елімен қауыштырды. Тарихшылар көтерер жүк өте ауыр. Олардың алдынан құм жұтқан қазақтың қалаларының тарихын зерттеу міндеті түскен жоқ. Қалалардың тарихы тұтас елдің тарихымен сабақтас, өз кезегінде жеке адамдардыңда тарихынан бөліп алып қарауға болмайды. Тарихтағы жеке тұлғалар сияқты әр қаланың да қалыптасуы, даму немесе құлдырау кезеңдері бар. Талай кезеңдерді жас болса да басынан өткізіп отырған қаланың бірі – Арқалық. Сондықтанда Арқалық тарих деп халықтардың қалай тіршілік еткенін, олардың өмірінде қандай өзгеріс болғандығын адамзаттық өмір сүруі қалай өзгеріп, бүгінгі күнге қалай жеткенін зерттейтін ғылым. Қаланың өмірі, тағдыры, ол туралы өңір қандай да болмасын өлкемен тығыз байланысты, сабақтас. Сондықтан да Арқалық тарихын тілге тиек етер болсақ, Торғай өңірінің төкіне таққан шаржандай болып аз ғана жыл көлемінде дүр ете қалғанын кейін талай жыл тақырауда басынан өткізген Арқалық қаласының тарихын зерттеу бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Зерттеу нысан болып отырған тақырыптық өзектілігі – Торғай өңірінде орнаған, ондағы мекен еткен халықтардың баспанасы, орталығы болған Арқалықтың бұрынғы да бүгінгі тарихын, оның әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуын терең зерттеп, таразылау мен сараптау арқылы қаланың қазіргі кезеңдегі жағдайын және келешектегі даму болашағын ашып көрсетуде. ....
Шығындар дегеніміз - нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады. Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлікке-өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Кәсіпорын табыстарын көбейту әдісі ретінде бағалар стратегиясын үлгілеудің үш кезеңдері бар: жабы сомалары әдісі арқылы бағаны есептеу; баға сызбаларын есептеу және сызу; тік және көлденен дифференцияльдық өзара байланысты бағалар жүйесін есептеу. Бірінші кезеңде жабу сомасы ғана есептелмейді, сонымен қатар нақты мерзімдермен байланысты біртіндеп, өз уақытында шығындарды жабуға мүмкіндік береді және кәсіпорынға өтімділіктің барлық түрлері мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін сомаларды есептеуді талап етеді. Жабу әдісін қолданған жағдайда тұрақты шығындар пайда болу орындары бойынша қалыптасады, ал пайда тауардың әр түрлері бойынша таратылады. Нарық бағаларын өндеу жағдайында шығындарды жабу әдісін қолдану арқылы кәсіпорын тауарларды төмен баға бойынша өткізіп, бұнын нәтижесінде нарықтың басым бөлігін жаулап алу мүмкіндігі туады. Дұрыс шешімді қабылдау үшін барлық баламалы нұсқалар бойынша болашақ шығындар арқылы ақпарат болуға тиіс. ....