Өлең: Жұмағали Саин (Айқас)

Келе жаттым айсыз түнде,
Баяулатып әнге сап.
Тұрды күліп біздің дүние,
Электрден жарық ап.
Салған әнім желмен бірге,
Ұшты әуені қалықтап,
Көтергендей мені күнге
Кетті заулап шарықтап.
Жер мамығы қош иісті,
Одеколон шашқандай.
Неткен рахат, неткен жайлы?
Көңіл шалқып тасқандай.
Минут сайын көзді тартқан,
Мың құбылған сұлу жер.
Нұрдан жұлдыз, күннен алқа
Таққан, әне біздің ел.
Келем міне, келем міне,
Әндетемін көңіл шат.
Әлдеқайдан өлеңші қыз......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Москва)

Ақыл, ойым, жүрегім, тіл мен жағым!
Естір құлақ, көрер көз шамшырағым!
Саған, саған ұлы Отан астанасы,
Жүрегімнің түбінен жыр арнадым.
Мен де бүгін сенімен туған жанмын,
Кремльдің ішінде тұрған жанмын.
Қызыл алаң түбінде сан-сап болып,
Сарайында салтанат құрған жанмын.
Маған артық еш жер жоқ Москвадан,
Орыс, қазақ бір туыс —
Біз — Бір адам.
Сондықтан, қауіп төнген күндеріңде,
Бір сен үшін өлімге бас байлағам!
Міне отыз жыл күн болып енді жарық.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (А. С. Пушкин)

Отты жүрек,
Өткір сөз, ақыл кені,
Сен өмірдің
Тереңнен ұқтың тілін.
Арман етіп
Халықтың келешегін,
Жырға қостың
Тербедің елдің сырын.
Жеттің бізге
Нажағай жарқылыңдай,
Бұлтты күндер
Көгінде ойран салған!
Жеттің тотсыз.
Өмірдің алтынында,
Жеттің бақыт күніне
Еткен арман......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Партия туралы сөз)

I
Қараңдаршы, жаңа тарих бетіне,
Қараңдаршы, келбетіне заманның!
Қараңдаршы, жер, суына елімнің,
Қараңдаршы, тарихына адамның!
Барлық жайда, барлық істе өзіңмен
Бірге алдыңнан көрінеді ізгі дос!
Ыстық дүние сәулесінде көзіңнен
Кетпейді ол. Онсыз сенде өмір бос.
Тарихының қайсы бетін ашсаң да,
Оның ісі шыға келер біріндеп...
Өмірінің қай торабын жазсаң да,
Ол тұрады қарсы алдыңда күлімдеп
Өткен жылдар... алдыңдағы кезеңдер...
Сол досыңның шұғыласына малынған......
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Сапалы реакциялар көмегімен ІІ топтағы метал катиондардарын анықтау үшін экспериментті жоспарлау және жүзеге асыру». (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық талдау
Сабақ тақырыбы: «Сапалы реакциялар көмегімен ІІ топтағы метал катиондардарын анықтау үшін экспериментті жоспарлау және жүзеге асыру.»
Оқу мақсаттары: - көпсатылы экспериментті жоспарлау және жүзеге асыру;
- сапалық анықтау арқылы мәліметтерді жинап, арнайы кестеге жинақтап рәсімдеу;
- гипотезаны қолдайтын немесе теріске шығаратын тұжырымдама жасау, талқылау;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
зертханалық жұмыстың мақсатын айқындайды;
зертханалық жұмыстың гипотезасын жазады;
зертханалық жұмыс жоспарын құрайды;
зерттеуде пайдаланатын құрал жабдықтар туралы шешім қабылдайды.
қажетті жабдықтар және химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін ықтимал тәуекелдерді айқындайды.
зерттеу жұмысын жүргізіп катиондарды анықтау үрдістерді орындай алады.
зертханалық жұмыстың нәтижесін және қорытындысын көрсететін эксперимент туралы қарапайым есеп жазады.Өз гипотезаларын қолдайтын немесе теріске шығаратын тұжырымдама жасап, талқылайды.
- қауіпсіз және тиімді тәжірибе жобалау бойынша идеяларды ұсынады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қарапайым механизмдер. (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән:Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Статика – моменттер
Сабақ тақырыбы: Қарапайым механизмдер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.4.1 қарапайым механизмдердің қолданылуынабаға беріп, «Механиканыңалтын ережесін» тұжырымдау;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 4-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін біледі, трапецияның қасиеттерін есеп шығару барысында қолдана алады. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мен ғарышкер боламын

12 - сәуір бүкіл дүниежүзілік ғарышкерлік және авиация күні. Бүлдіршіндеріміздің «Мен ғарышкер боламын» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржының мәнi, функциялары және ролi

Қаржының мәнi, функциялары және ролi.
Қаржы (“қолма – қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы латын тiлiнiң “financia” сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен шыққан) қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк рөлiмен айшықталады.
“Қаржы” ұғымы мемлекетпен бiрге бiр уақытта қоғамның таптарға жiктелуi кезiнде, мемлекеттiң дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға байланысты жүйелi тауар - ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнiмдi бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0