"Жігіттердің" сүр бойдағы Мырзахан үйленді

"Жігіттер" квартетінің әншісі Мырзахан Маханов орда бұзар шағында отбасын құрды.

"Жігіттер" тобының сүр бойдағы Мырзаханның аяғына тұсау салынды. Әнші қараша айының оныншы жұлдызында сүйікті жары Гүлім есімді астаналық аруды қолына қондырды. Гүлімді ата-анасы қазақы салт-дәстүрге сай ұзату тойын жасап, қыздарын сері жігітке сеніп тапсырды.

Топтағы әнші жігіттердің айтуынша, Мырзахан үлкен тосын-сый жасаған. Өйткені, ол өзінің үйленетіні туралы алдын-ала тіс жарып ешкімге айтпаған көрінеді.

Ендеше, бізде өз тарапымыздан өнер иесіне шаңырағыңыз шаттыққа толсын деген тілек білдіреміз.

Жаңалықтар
Толық
12 -6

Джон Рокфеллердің бизнестегі 12 ұстанымы

Адамзат тарихында ең бай адам Джон Рокфеллер болып саналады. Оның байлығын бүгінгі бағамен есептесек ол 200 млрд. долларды құрар еді. Қомақты сома. Бұл дегеніңіз бүкіл Қазақстанның 2012 жылғы жалпы ішкі өніміме пара-пар. Рокфеллер еңбек қызметін қарапайым есепшіден бастап, 1916 жылғы 29 қыркүйекте алғашқы долларлық миллиардер атанды.
KZ
Толық
3 -2

Қазақша реферат: Сүттің химиялық құрамы

Сүт - сүт қоректілердің сүт безінен бөлінген биологиялық сұйықтық, химиялық көзқарастан, күрделі коллоидты жүйе.
Сүт шаруашылығында «сүт» деп бір немесе бірнеше сиырлардан алынған сауын сұйықтықты айтады.
Сүт судан және құрғақ заттан тұрады. Сүттің суы әртүрлі физикалық күйде орналасқан барлық құрама заттар еріген плазма немесе орта.
Сүтте судың мөлшері 85-87%, қалған құрғақ заттар құрамына кіретін. Су бос күйінде (83-86%), аз мөлшері байланысқан күйінде (3-3,5%) болады. Бос су барлық сүттің органикалық және ......
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Бас парыз)

Бисмиллә деп қалам алдым, жамағат,
Білгенің жөн тұрғанда жан саламат.
Аллаға тән күллі мадақ, мақтаулар,
Және дағы Пайғамбарға салауат.

Дұғаң қабыл, дұрыс болсын талғамың,
Амалыңмен ақырыңды....
Өлеңдер
Толық
0 0