Апа, сенде Тәңір бар, Жасаған бар, Ал біздерде алаяқ, асаған бар. Тас көше бар, тас үй бар, темір қақпа, Айқайласаң ашпайды-ау тас адамдар. Сөзге жауап қатпайды.....
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселелесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни, балабақшадан бастаған дұрыс [1]. Қазіргі таңда халқымыздың баға жетпес асыл мұралары оқу-тәрбиелеу үрдісінде қолданылып келеді. Әйтсе де, олардың балабақшаларда қолданылуы өз деңгейінде болмай отыр. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым-қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым-қатынасының негізі өзінің отбасында қалыптасады.....
«Педагогика – білім беру, яғни адамның өмірлік тәжірибесін дамыту туралы ғылым.» (А.М.Новиков)
Педагогика — «пайдагогос» (грек тілінде «пайд» — бала, «гогос» — жетектеу деген сөздерден құралған) — бала жетектеу деген мағынаны береді. Педагогика ұғым ретінде бала жетектеу деп аударылатын болса да, мәні бойынша қазіргі кезде адам тәрбиесі жайлы ғылым болып табылады. Жалпы XXI ғасыр мұғалімі қандай болуы керек ? Нағыз ұстаз жарқын жүзді, баламен ашық сөйлесетін, ата-анасымен әрдайым қарым-қатынаста болатын адам. Оқушыға ұрсып түсіндірмей, керісінше оларға жақсы көңіл күй сыйлау керек. Заманауи мұғалім деп оқушымен дос , сырлас бола білетін, оларға энергиясыйлап, мотивация беретін тұлғаларды айтамыз. Әрбір маман иесіне , мейлі ол ұшқыш , мейлі ол дәрігер болсын өмір сүруді үйрететін педагогтар ғой. Педагогтардың....
Асқар сабаққа бара жатып, жолдың арғы бетіне өтейін деп тұрған атаны көрді. Атаның қолында таяғы бар екен. Асқар «аяғы ауыратын үлкен кісіні демеп өткізіп жіберейін»,-деп ойлады.......