Баяндама: Латын әліпбиіне көшу – бүгінгі таңның өзекті мәселесі

Қазақ ұлты өзінің тарихи жолында сан түрлі жазу түрлерін пайдаланды. Ең алғаш тасқа таңба салу арқылы іс-әрекеттерін түсіндірді. Кейін 1929 жылға дейін араб әліпбиін, 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын қарпін, ал 1940 жылдан бастап кирилл алфавитін пайдаланып келеміз. Бүгінде әлемде көптеген жазу үлгілері бар. Әлем елдерінде ең көп қолданылатын әліпби – латын әліпбиі. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, біздің еліміз де латын қарпіне көшуге ниет білдіруде. Бұл қазір Қазақстанда күрмеуі шешілмей тұрған мәселелердің бірі. Осыған қатысты ғалымдар мен тіл.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Шығарма: Алтын күз

Күз мезгілі қандай тамашы, сұлу. Бірінен соң бірі жерге төгіліп жатқан қызыл, сары жапырақтар, ұзақ жолға дайындалып жатқан құстар бәрі-бәрі күз келгенін білдіріп жатқандай. Бұл мезгіл байлықтың, тоқшылықтың белгісі. Күз мезгілінде жеміс-жидек мол болады. Қырман дәнге толады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Нұржан Төлендиев (1978 жылы)

Нұржан Төлендиев – актер, "Алдараспан" әзіл-сықақ театрының директоры. 1978 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 25 жасында Түркістандағы және Сайрамдағы "Мәдениет үйін" басқарған. 2017 жылы Түркістан қаласының Құрметті азаматы атанды.
Нұржан қалай "Тука" атанды?
Нұржан Төлендиев халыққа "Шаншардағы" қайталанбас образдары арқылы танылды. Ол бұл театрда жүргенде қазақтың сатира өнеріне жаңа леп, сілкініс әкелді. Әртістің шынайы таланты, табиғи дарыны да осы "Шаншарда" ашылды. Ерекше қабілеті мен еңбекқорлығының арқасында аз уақытта өзін мойындата білді. Талантты актер көпшіліктің көңілін жаулап алғаны соншалық, жұрт оны сомдаған кейіпкерлерінің атауымен – "Тука", "Қошан" деп атап кетті[left][/left]....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Менің көшем

Білім беру саласы: Шығармашылық
Тобы: Ересек топ
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Бейнелеу өнері
Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»
Тақырыбы: Менің көшем
Мақсаты:
Білімділік: Қала, көше жайлы түсінік беру. Көшедегі ережелерді айтып, түсіндіру.
Дамытушылық: Көшеде не бар екенін айта алуға, көшенің қандай екенін сипаттауға үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті – құрал жабдықтар: Қағаз, қарындаштар, бояу, қылқалам
Әдіс-тәсілдер: Сұраққа жауап беру,ойын,түсіндіру,берілген тапсырманы шешу, мақтау, мадақтау, шығармашылық тапсырма
Қостілділік компонент: Көше-улица- street.
Көрнекі құралдар: Үлгі суреттер, көшедегі үйлердің суреттері.

Іс-әрекет кезеңдері Мұғалім әрекеті Бала әрекеті
Мотивациялық – қызығушылық
Сәлеметсіңдерме балалар?! Көңіл-күйлерің қалай?
Сендерді шаттық шеңберіне шақырамын

Ұйымдастыру-ізденушілік
Өздері тұратын көшелері жайлы әңгімелесу.
 Балалар біз қай қалада өмір сүріп жатырмыз?
-сендер өз көшелерің қалай аталады?
-Кімнің құрметіне бұлай аталған?
-Бұл көшедегі әдемі үйлерді кім салады екен?
Жұмбақ.
Ұзын-ұзын,ұзын жіп
Ұшына шыққан жан бар ма?
Ақырын басқан жан бар ма,
Ұшына шықпас жалғанда (Жол)
Жұмбақ мағынасы түсіндіріледі.



Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды
пайдаланып, көрсеткен үлгімен,көшені бейнелейді,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.
Сергіту сәті.
Балалармен бірге бой жазу жаттығуын жасау. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0