Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ресми түрде өтінім береді

Бүгін Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге ресми түрде өтінім береді.
фото с сайта gde.kg
фото с сайта gde.kg

Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

"Кеше Президенттің тапсырмасымен Алматы қаласы әкімдігі және Олимпиада комитетімен бірге алқашқы кеңес өткізілді. 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге ресми түрде өтінім беру туралы шешім қабылданды", - деді Е.Қожағапанов.

Сонымен бірге Алматы, ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бұған толығымен дайын, нысандардың басым бөлігі Азия ойындары қарсаңында салынып, мақұлданды.

"Бірнеше спорттық нысандар салсақ жеткілікті, ал жөндеуді қажет ететін нысандарға 2022 жылға қарай жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Көліктік логистика дайын", - деп атап өтті Е.Қожағапанов.

Агенттік төрағасы атап өткендей, Олимпиада өткізуге қажетті барлық спорттық нысандар Алматыда орналасады. "Ресми өтінім бүгін беріледі", - деді ол.

Жаңалықтар
Толық
1,5 -0,5

Премьер-министр Аи-92 маркалы бензиннің бағасын өсірмеуді талап етті

Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Премьер-Министр Серік Ахметов алдағы бір жарым айда Аи-92 маркалы бензиннің бағасын өсірмей ұстап тұруды тапсырды.

Ресейден қажетті көлемде ашық түсті жағармай түрлерін тасымалдау мәселесіне тоқталған ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин "Аи-92 маркалы бензин тиісті көлемді өндірілмегендіктен, мұнайдың осы өнім түрі сырттан жеткізілетінін баяндады.

"Бүгінде республикадағы мұнай-газ базаларында Аи-92 маркалы бензиннің қоры 244 мың тонна, Аи-80 бензині 86 мың тонна, сондай-ақ дизель отын көлемі 300 мың тоннаға жуық. Егер біз бағаны өсірмесек, бұл жағармай көлемі 45 күнге жетіп қалады", - деді министр.

Осыған байланысты Ұзақбай Қарабалин АИ-92 бензиніне бағаны ұстап тұрғанымен, оның қоры таусылғаннан кейін осы маркалы жағармайдың тапшылығы туындайтындығын жеткізді.

Өз кезегіндеҮкімет басшысы министрлік Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірлесе 1,5 айдың ішінде қор таусылғанша АИ-92 бензиніне бағаны өсірмеу үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Бұл тұрғыда Серік Ахметов жағармай құю стансаларында баға негізсіз көтерілген жағдайда олар тиісті жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Жаңалықтар
Толық
3 -2

Қазақша өмірбаян: Шәкен Айманов Кенжетайұлы (1914 - 1970)

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары, Қазақ консерваториясының театр бөлімінде ұстаздық қызметке енді ғана бет бұрып, шәкірттерге дәріс оқып жүрген жас кезім еді. Қыстың қақаған таңертеңгілік аязды күндерінің бірінде, аталған оқу орнының табалдырығын аттай берген сәтімде, алдымнан кларнет аспабын ойнауға машықтанып жүрген Роллан есімді студент жігіттің қарсы жолыға кеткені. Өңі өзгеріп кетіпті. Таң атпай түнеріп алған Ролланға не болды деп, ым қаққаным сол екен: — Естімедің бе, кеше Мәскеуде Шәкен Айманов жол апатынан қайтыс болыпты. Қарғыс атқыр, қаңғыған.......
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Олимпиадалық тапсырмалар: Биология (6-7 сынып)

6 сыныптырға арналған олимпиада тапсырмалары


1 тапсырма: Дұрыс бір жауапты белгілеңіз.(1 ұпай)
1 Тірі ағзаларға тән белгілер
а) көбею б) ешқандай белгілер жоқ с) зат алмасу д) тыныс алу
Биология - ....
а) жер б) ауа с)ғылым д) тіршілік
2 «Жануарлар» оқулығын жазған Қазақстандық ғалымды ата
а) Х.Досмұхамедов б) К.Линней с)А.Грачев д) Ж.Құдерин
3 «Қызыл кітап»....
а) сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатында жасалынған
б) сирек кездесетін өсімдіктер түрлерін......
Олимпиадалық тапсырмалар
Толық
0 0

Тақпақ: 8-март

Анамыздың мерекесі
Келіп қалды жақындап
Көңілін қалай тапсам деп
Ойлап жүрім күн-түні.
Тақпақтар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Ұлың менмін ұлтым деген)

Күмəнді сұрақ туса бұл кім деген.
Сабыржан ұлың менмін ұлтым деген.
Қазақтықтың қас жауы орыс тілдің,
Сейілте аламыз біз бұлтын немен.
Қазақтай ел болмаған дегендердің,
Сөзін естіп ісіне күлкім кеген.
Қуатты ел болар деп.....
Өлеңдер
Толық
0 0