Марқұм Александр Горюнов (Ерлігі үшін) медалімен марапатталды

Алматы әкімі Ахметжан Есімов марқұм Александр Горюновқа берілген "Ерлігі үшін" мемлекеттік марапатын оның жесіріне тапсырды.

Фото: kolesa.kz
Фото: kolesa.kz

Қала басшысы жүргізуші жігіттің қайсарлығы арқасында тұрғындар өрттен зардап шекпегенін айтты.

Биыл 27 маусымда Александр тізгіндеп келе жатқан бензовоз Сейфуллин-Қабанбай көшелері қиылысында жарылып, 27 жастағы жігіт қаза тапты.

Отбасындағы жалғыз ұлдың соңында екі кішкентай қызы қалды. Александр Горюновты медальмен марапаттау туралы ұсынысты қала әкімі жасаған еді.

Жаңалықтар
Толық
3 -2

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Тірі табиғат
Сабақ тақырыбы: 2-сабақ Тіл және сөйлеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;-
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мәтіннің тақырыбын қоя алады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- мұғалімнің көмегімен оқып, тыңдаған материалдар бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады,
пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын табады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, оларға
жауап береді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбын табады, өз бетінше негізгі ойды анықтай алады;
- оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрады, мазмұнын сауатты жазады;
- мәтін мазмұнына сай сұрақтарды өз бетімен құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сарғайдым)

Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп,
Қалың ой - қара жылан жүректі еміп.
Ақырын бітіп барам жанған шамдай,
Көзіме ыстық жастар мөлт-мөлт келіп.
Апырм-ай, ауыр болды-ау күнді өткізу,
У жұтып, айдан ұзын түнді өткізу!-
Қозғалып, сөйлеп, ойнап, тірі жатып,
Өлем деп жас өмірден күдер үзу.
Соғасың жиі-жиі, жүрек.....
Өлеңдер
Толық
0 0