Бұрынғы заманда араб жұртында керуен басы Байбатыр деген жаһан кезуші бір адам бар еді. Оның пайда үшін дүниеде бармаған жері жоқ еді. Бір күні болғанда, Байбатыр тағы керуен басы болып, өз шаһарынан бөтен шаһарға бармақ үшін мың түйе, жүз жолдасымен аттанып кетті. Неше күндер бойы жол жүріп келе жатса, бұлар келіп бір шаһардың үстінен шығады. Бұлар жанына қонып шаһардың ішін қараса, ішінен бір адам табылмайды. Біраздан соң бұлардың алдынан бір сұлу қыз шығып, жылап, сырын баян етіп, бастан кешкенін айтады.......
"Темір тұлпарлар" да тозады. Ал ескі көліктерді қайткен жөн? Елімізде өткен жылдың 21 қарашасынан бастап ескі көліктерді қабылдайтын жоба басталғаны белгілі. Сонымен, көне көліктерді қайда, қалай өткізу керек?
Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып , мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген. Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады. Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері даусыз.......
Эмиль Кенжесариевтің ағасы Рүстем Жаныбаев "Ақтөбе" клубының ойыншысының бүгінгі жағдайы туралы айтып берді.
Бұл туралы "Ақтөбе" футбол клубы жанкүйерлерінің "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында белгілі болды.
"Эмильдің ем-домы аяқталды. Жақында үйге шығып қалуы мүмкін. Қазір Алматы қаласынан пәтер іздеу үстіндеміз. Жағдайы жақсарып келеді. Біраз уақыттан соң Германияға емделуге барады" дейді Жаныбаев.
Сондай-ақ, ауруханадан шыққан соң Кенжесариевтің өзі жанкүйерлеріне хат жазатынын жеткізді.
Естеріңізде болса, "ақтөбелік" спортшы осы жылдың 10 тамызы күні соққыға жығылып, ауруханаға түскен еді. Кейіннен оған "Вертолет" және "Баритон" мекемелерінің күзетшісі Бейбіт Ұзақбай кінәлі екені анықталды.