Ерке қыздың достары көп. Олармен ойнаған өте қызық. Бүгін де мысығы екеуі достары ойнап жүрген ойын алаңына барды. Мұнда әткеншек те, сырғанақ та, белтемір де бәрі-бәрі бар. Қалағаныңша ойнауға болады. Тек, достарыңмен таласып, өкпелетіп алмасаң болғаны. — Ерке қыз келді! – деп қуанды Айна қыз.......
Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп: — Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді. Қырғауыл: — Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді. Түлкі: — Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.......
Жүрегің тастан ба еді, мұздан ба еді, Әлде менен жақын бір қыз бар ма еді? Көңілімді суыттың үнсіз қалып, Мен де айналсам жұмбаққа қызғанба енді! Қызғанба енді біреумен билесем де, Шақыра ғой басқаны биге сен де. Мен жүрейін жанында жат біреудің, Өлең оқып берейін сүймесем де.......
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер Сабақ тақырыбы: № 1 сабақ Отбасым өнерлі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) 3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру Сабақ мақсаттары: 1. Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. 2. Сурет бойынша әңгіме құрап, сұрақ-жауап құру. Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрайды, жалғауларды дұрыс қолданады. Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сурет бойынша мәтін құрайды, сұрақ-жауапқа қатысады. Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады. .....
Он сегіз жыл бұрын бай, патша, бектен Езілген, шерлі болған көкіректен Жанған ыза жалыны Алатаудың Астындағы қызудай, сыртқа тепкен. Октябрь сол қызудың қабын жарған, Құмыққан жалын үдей....
Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан қасқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: — Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығыңды. Мені қабыңа салып, арқалап жүре бер. Қасқыр жылап тұрған соң, егінші қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар мылтығын жарқылдатып жетіп келеді. Кісіден: — Қашып бара жатқан қасқыр көрмедің бе? – деп сұрайды.......