Пән: География Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері №2 Оқу мақсаты: 10.4.1.10 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде) 10.4.1.11 дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу....
Пән: Қазақ тілі Бөлім: Уақыт Сабақ тақырыбы: 42-сабақ Түбір сөз және туынды сөз Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату. 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: - мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды; - түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды; - мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді; Оқушылардың көбі: - мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды; - туынды сөздердің құрамына ажырата алады; - жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді; Оқушылардың кейбірі: - мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады; - туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады; - жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді; ....
Айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануарлар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі – зат есімдер. Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер. Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, жылқы, тағам, жел, дауыл, жейде, тал, терек, у-шу, айқай, қойын, қоныш) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі абстракт ұғымдардың (наным, шама-шарық, ынсап, нарық, мінез-құлық, кәде-жора, ырым, пікір, тентектік, ұялшақтық, ырыс) аттарын да білдіре алады. Лексикалық-семантикалық өрісі аса кең сөз таптарының бірі осы зат есімдер. Мұны аңғару үшін осы орайда оның құрамына енетін сөздердің мына секілді топтарын ішінара санамалап атап өтудің өзі-ақ жеткілікті. Олар: күнделікті тұрмысымызда жиі аталып, жиі қолданылатын түрі бұйымдар мен нәрселердің аттары (ыдыс-аяқ, киім-кешек, қасық, табақ, кереге) тағамдардың аттары (сорпа, қазы-қарта, жент, сүт) жануарлар атаулары (жылқы, түйе, ақбөкен, ит) өсімдік атаулары (қайың, тобылғы, баялыш) табиғи денелер мен құбылыстардың аттары (ай, жұлдыз, боран, аяз) адамның кәсібін, тегін, мамандығын, қабілетін, білдіретін сөздер (тілші, диқан, мұғалім, саудагер, керей, найман, қазақ, орыс) тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа, байланысты айтылатын сөздер (айтыс, көкпар, шілдехана, жар-жар, қыз қуу). Мұндай біз зат есім арқылы көрінетін сөздердің лексикалық тобын тек шетпұшақтап қана атап өттік. Сөздердің мұндай тобының бәрін ине-жіпке тізіп санап шығу тіпті де мүмкін емес. Олар өте көп. Сырт пішімі, тұлғасы жағынан алғанда зат есімдердің біразы түбір тұлғалы сөздер болып келетін болса (бас, із, ым, су, жол) бірқатары әр түрлі сөз табынан жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер (тебінгі, малшы, бағбан, егін, ойық). Сол сияқты зат есімнің екі сөздің бірігуі арқылы жасалған түрлері (бірқазан, кәріқыз, өнеркәсіп, Қаратау) мен қос сөз тұлғалы түрлері де (құрт-құмырсқа, шөп-шалам, бала-шаға) бар. Екі сөздің тіркесі нақтылы бір заттың атауышы ретінде қолданылғанда да ондай лексикаланған тіркестер (ақ шағыр, сары шағыр, ақ тікен, темір-тікен, көкқұтан, аққұтан) зат есім қатарында танылады. Дербес заттар мен заттардың белгілі тобының атын білдіру ыңғайына қарай зат есімдер жалқы есім (Үсен, Гүлнар, Алматы, Ұлытау, Ай, Темірқазық) жалпы есім (адам, қыз, қала, дала, өзен, көл) болып бөлінеді. Бір-біріне ұқсас, бірыңғай нәрселер мен ұғымдардың атауышы болып келетін есімдер жиынтық мәнді зат есімдердің (тау-тас, жігіт-желен, қыз-келіншек, той-томалақ, кір-қоң, дәм-тұз) тобын құрайды. Зат есімдердің тағы бір тобын ғаламзат есімдері мен адамзат есімдері деп атауға болады. Адамға қатысты есімдерге кісінің аты-жөнінен бастап оның барлық әлеуметтік, қоғамдық жай-күйін, хал-ахуалын білдіретін (ағайын, жекжат, қарындас, дәрігер, қойшы-қолан, жарлы-жақыбай) атаулар жатады да, ал адамнан өзге өлі және тірі табиғат беткеннің бәріне қатысты атулар (жартас, төбе, шыбын-шіркей, үміт, тілек, қой-ешкі, қалам, кітап) ғаламзат есімдері делінеді. Зат есімдердің бұл екі тобының бір-бірінен түбегейлі айырмашылы – адамзатқа қатысты есімдер әлбетте кім? деген сұрақтың, ал ғаламзатқа қатысты есімдер не? деген сұрақтың жауабы ретінде айтылады. ....
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушандық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әулеметтік және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз. Академик В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ:» денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас етекщеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы». Денсаулық – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді. Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы. Психикалық саулық - ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінң мақсаты» болуын болжайды. Әлеуметтік саулық - адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі. Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір- біріне ұқсас. Қалып- дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдалынылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алады. Бірнақ та бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір- бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені, олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т. б. Айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.....
Азамат көрдім, кеудесінде бар қос орден, Бейнесін таққан алтыннан құйған көсемнің. Дедім мен, сірә, еңбекпен ерте есейген Баласы болды-ау осы елдің. Кездесе бермес құрметің мұндай тосыннан, Көргені көп-ау, кешкені.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу. Жақсы болу өз қолыңда. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау. Сабақ мақсаттары: Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеуге үйренеді. Мәтіннің тақырыбын анықтап, негізгі ойды тұжырымдай алуды үйренеді. Оқушылардың сөздік қоры молайып, орфографиялық сауаттылығы артады.....