Өмірбаян: Қаракөз Тілеубекова Байжұмақызы

Қаракөз Байжұмақызы Тілеубекова (Қарагөз Тлеубекова) - әнші, актриса Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында туылған. Әке-шешесі Алматы қаласында туып-өскен. Әкесі - Байжұма, ауылда гараж меңгерушісі болып қызмет атқарған. Анасы - Ақжолтай, ауылда шарап шығаратын зауытта қызмет істеген. Отбасында жеті ағайынды. Қаракөз - егіздің сыңары, егізінің есімі - Ботагөз. Театр актрисасы Гүлбаушан Тілеубекова үлкен әпкесі. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының театр факультетін бітірген. 1995 жылдан "Бауыржан-шоу" әзіл-сықақ театрының актрисасы. Қазақстан арнасындағы "Елім менің" теле-думанының тұрақты қатысушысы. Тұрмыс құрған. Жолдасы - тарихшы, заңгер, бизнесмен.
Фильмография:
2009 - «Қызды қалай ұрлаймыз?»
2010 - «Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды» (реж. А.Ұзабаев)
2011 - «Несиеге махаббат» (реж. С.Әбдіқалықов)
2011 - "Алып қашу операциясы" (реж. Сардор Расулов)....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Ертегі: Аяз би

Аяз би - қазақ ертегісі.
Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.

Ертеде Мадан деген хан болыпты. Хан болған соң, оның қырық уәзірі болады ғой. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып:
— Уәзірлерім! Сендер қырқың да, асып туған ақылды, данышпан едіңдер.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 90 сабақ Болымды және болымсыз етістік (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы: № 90 сабақ. Болымды және болымсыз етістік.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-мұғалімнің қолдауымен болымды және болымсыз етістікті ажырата алады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
-болымды және болымсыз етістікті ажырата алады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
-болымды және болымсыз етістікті ажырата алады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Жеңіске тағзым

Жатқанда Отан жері отқа жанып,
Тұрғанда туысқандар жауда қалып,
Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атын алып?
Ж.Молдағалиев
Соғыс... Бұл –үлкен қасірет. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Әркімнің көзінен жас, жүрегінен қан ағызған сұрапыл жылдар. Талайды жақындарынан, туған бауырларынан айырған, сүйгендерінен қол үздірген, ардақты аналарды бауыр еті балаларынан ажыратқан соғыс жылдары жетім мен жесірдің санын көбейтпесе, азайтпады. Әр ай сайын жақындары майданға кеткен сарбаздардан хат күтетін. Бірақ хат орнына қара қағаз келмесе екен деп жаратқанға жалбарынатын. Себебі әр апта сайын бір қазақ ауылына ондаған қара қағаз келетін. Қара қағаз майданда сарбаз мерт болса ғана келеді. Ал жақындарының мерт болғанын кім қаласын? Әрине, ешкім де ондайды қаламайды ғой!......
Шығармалар
Толық
0 0

Тақпақ: Әкешім!

Әкетайым жанашырым
Кішкентайдан бағып-қағып,
Серуенге бірге шығып,
Қыдырып кетсем демалыста
Телефонмен қоңырау шалып,
Қал жағдайымды біліп тұрған,
Әкетайыма мың алғыс!
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Қоян

Сыбдырынан қоянның
Түнде шошып ояндым
Жібек тоны мамықтай
Шешеді ол қамықпай.

Жазда қорқақ сол қоян
Шөп ішінде бұғады
Қыста ақ тон киіп ап
Ақ қардай боп шығады.
Тақпақтар
Толық
0 0