Қазақ тілінен сабақ жоспары: №45-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: №45-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді, түбір мен қосымшаның жазылуын біледі;
-сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді;
-түбірге қосымшаның жалғану ерекшеліктерін түсінеді
Оқушылардың көбі:
-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
-диалогке белсенді қатысады;
-туынды сөздердің құрамына ажырата алады
Оқушылардың кейбірі:
-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады;
-туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Халық ұстазы Қ. Сәрсекеев «Бала Ахмет» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы:Халық ұстазы Қ. Сәрсекеев «Бала Ахмет»
Оқу мақсаттары: 3.1.2.1* шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау;
3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру;
3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу.
Сабақ мақсаттары: Барлық: шығарманың мазмұнын өз сөзімен айтады;
Көптеген оқушылар: шығарманы құрастырған жоспар бойынша толық мазмұндайды, мәтіннен қажетті ақпаратты түртіп алып оқиды; мәтінді құрылымдық бөліктерге бөледі;
Кейбір оқушылар: мәтін бөліктеріне ат қояды, жоспар құрастырады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы патриотизм

Зерттеудің мақсаты:
Мұқағали ақынның Отансүйгіштік тақырыбындағы шығармаларын зерттеу, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Мұқағали ақынның ақындық әлеміндегі Отанға, туған елге, жерге арналған өлеңдеріндегі ойларды қосымша ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге, ақындық кредосын (ойының түп қазығын) табу, зерттеу.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезең: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық дүниесіне шолу, соның ішінде Отан тақырыбында, халқына, туған жеріне деген махаббат сезімдеріне толы өлеңдерін саралау.
Екінші кезең: Мұқағали туралы естеліктерді жинау, газет - журналдардан «Ақынның өмірде зерттегені - алдымен өзін зерттегені»деген тақырыпқа сәйкес материалдар іздеу. Отан, туған жер туралы шығармаларына, поэмаларына, аудармаларына, прозалық шығармаларына шолу жасау. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Құстар біздің досымыз

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Бөлімдері:
Мақсаты:
а) Ақпараттық - құзіреттілік
Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру.
б) Коммуникативтік - құзіреттілік
Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.
в) Проблеманы шешу құзіреттілігі
Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі Құстар суреті,
Әдісі
Билингвалдық компоненті: Құстар - птицы

Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Шаттық шеңбері.
Нұр құшып әлемге
Арайлап таң атты
Жарқырап күніміз
Жер көкті оятты
Қайырлы таң, қайырлы күн! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар
Сабақтың тақырыбы: Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Т/А3. Мәтіннен ақпаратты анықтау
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
ӘТН2.Орфоэпиялық норма
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Сабақтың мақсаты:
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі.
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0