Ереулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Құбыланы төрткүл оңға алмай, Тебінгіні терге шірітпей, Терлікті сүттей ірітпей, Өлеңді төсеп ет жемей, Ұлы түске ұрынбай,....
Борай да борай қар жауса. Қалыңға боран борар ма? Қаптай боран соққанда, Қаптама киген тоңар ма? Туырлығы жоқ тұл үйге, Ту байласаң тозар ма? Ту түбінен тұлпар жығылса, Шаппаған қар тұсар ма? Ағайынның ары үшін, Қарындастың қамы үшін, ....
Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға Қас үлектен туған қайтіп Қара нар керек біздің бұл іске. Қабырғасын қаусатып, Бір - біріндеп сөксе де, ....
Шернияздың сөзі: Көк үйрек көлде отырған жергілікті, Ғалымдар шариғаттан жол біліпті. Жолдасы ер Исатай — ер Махамбет, Сөз бар ма тыңдай тұғын ескілікті? Махамбеттің жұмбағы: Көп қағып дауылпазды көл шайқаған, ....