Біреуіне - сен Тәңірім деп табынад, Біреуіне - мен кұлың деп бағынад. Біреуіне - садақа бер деп жалынад, Біреуіне - құйрық болып тағылад. Ылғи сорлы сағым......
Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы, Бір жағы - күн, бір жағы - түн баласы. Арғы жағы - көк көзді жын ұясы, Бергі жағы - Түріктің cap даласы. Асқар Орал - кәрі Алып күзет тұрған, Күн мен түн арасында «Қытай қорған». Денесі - тас, қарағай - қою мұрты, Оң мен сол, түстікке ол мұртын бұрған. Қарамай еш нәрсеге......
Тай алдында тамылжып, Тәтті ұйқыға батқан шақ. Бір тамақтың қамын жеп, Ұйқылы-ояу жатқан шақ. Тұра салып төсектен, Дір қалтырап киініп, Ойға кірер: «Кешікпен, Уақыт бар»,- деп сүйініп. Ауыз ашып, қол......
«Тәңірі ие, атпады ғой таңың!»- деп, Күңіреніп жатыр тұтқын уһілеп. Естіледі терезеден темірлі, Тұрса керек тыста жүйрік жел гулеп. Байқаймын: жел ұзақ жолда жабыққан, Қасірет басып, Сарыарқадан тарыққан Алып келсе керек ауыр аманат Абақтыдағы азаматқа......
Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп, Қалың ой - қара жылан жүректі еміп. Ақырын бітіп барам жанған шамдай, Көзіме ыстық жастар мөлт-мөлт келіп. Апырм-ай, ауыр болды-ау күнді өткізу, У жұтып, айдан ұзын түнді өткізу!- Қозғалып, сөйлеп, ойнап, тірі жатып, Өлем деп жас өмірден күдер үзу. Соғасың жиі-жиі, жүрек.....
Сұм көңілге разы емен мен, Тез жанад да, тез сөнед. Бір тілегін істесең сен, Оған басқа ой келед. Жас баладан артық жеңсік Мұндай нәрсе көрмедім. Тұрағы жоқ шайтан секек, Тіпті-ақ сырын......